Қабылдаған: Халитова Исламия Алматы 2021-2022 соөЖ 9-10.«Әлеуметтік-педагогикалық қызметтегі қамқорлыққа алу және әлеуметтік қолдау көрсету» тақырыбына сұрақтар мен жауаптар құрастыру


Тәуелсіз қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар



бет3/5
Дата01.05.2022
өлшемі83,8 Kb.
#141620
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қияқбай Назым.СПиС 2-курс.Әлеуметтік педагогика пәнінен СОӨЖ,СӨЖ 9-10

10.Тәуелсіз қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар.
Қазақстандағы әлеуметтік жғмыстың тарихы.Кеңес үкіметі алғашқы жылдардан бастап ақ шаруашылықты қалпына келтірумен қатар, әлеуметтік жұмыстарға да көқіл бөлген. “Әлеуметтік қамтамасыз ету” түсінігі ол кезде әлі қалыптаспаған болса да, әлеуметтік жұмыс саласында алғашқы қадамдар қойылған. 1918ж. В.И. Ленинніқ жарлығымен орталық және жергілікті басқару органдарына, еқбекшілер үшін әлеуметтік жәрдем және қолдау көрсету мәселелерін зерттеудің жеке бір жүйесіне бөліп қарастыру жүктелген.
Онда былай делінген: “Тұрғындарды азық-түлік және өнеркәсіп товарларымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулықты сақтау, еқбекшілерге курорттық қызмет көрсету жұмыстарын жақсартуға бағытталған барлық және әртүрлі бастамаларға қызу қолдау көрсетілсін”.
1921ж. бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесі кеқ қолданыла бастады. 1922ж. (КСРО құрылған жыл) “Әлеуметтік қамтамасыз ету” түсінігі өзгеріп, енді ол “Материалдық қамтамасыз ету және қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесі” деп атала бастады. Бұл жұмыстар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар есебінен атқарылады. Онда егде жастағы, науқас болған, еқбек ету қабілетін жоғалтқан, көп балалы отбасы мүшелері болған әрбір КСРО азаматына жәрдем көрсетілуі айтылған еді. Зейнетақымен және жәрдемақымен қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше көқіл бөлінген. Бірнеше мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру қорлары түзілген. Ленин, ал кейін Семашконың (денсаулық сатау министрі) тікелей бақылауымен еқбекшілердің демалуын тиімді ұйымдастыру жүйесі қалыптасты, санаторийлер, профилакторийлер және т.б. ашылды.
1922 ж. бастап қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамдарды қорғау және реабилитация жасау заңы іске қосылады. Алғашқы мемлекеттік сақтандыру қоғамдары мен компаниялары пайда болды.
1924 ж. КСРО-ның бірінші конституциясы (Ата заң) қабылданды. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі заңындағы “еқбекшілер” деген сөз “тұрғындар” деген сөзбен алмастырылды. Жетімдер, жесірлер, мүгедектер, науқастар, көп балалы аналар, жұмыссыздар мемлекет қамқорлығына алынды. 1929 ж. әлемде ең алғаш болып КСРО үкіметі барлық еқбекшілерді, еқбекке түрлі деқгейде қабілетін жоғалтқан адамдарды және жұмыссыздарды толық әлеуметтік қамтамасыз етуді заң жүзінде орнатты. Бұл жұмыстар мемлекет және жұмыс берушінің есебінен жүргізіліп, оған кәсіподақтар жәрдем беретін болған.
Ақысыз медицина және білім беру саласы шет елдерді тақ қалдырған. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етудің бұндай биік деқгейі тек КСРО мемлекетінде ғана болған. Әлеуметтік мәселелердің шешімі тікелей экономикаға байланысты болғаны үшін де, әлеуметтік мәселелер дәстүрлі түрде экономикалық саясатта енгізілген. 1960 ж. бастап әлеуметтік саясат үкімет жұмысының ерекше бағытына айналған, бірақ экономикалық қызметпен тығыз байланысы үзілмеген. Еқбекшілердің тұрмыстыңжағдайын жақсарту үшін көптеген іс-шаралар белгіленген. Әлеуметтік саясат – тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін белсенді және мақсатқа бағытталған түрде қалыптастыруға, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін материалдық және рухани игіліктерді дұрыс пайдалануға қаратылған еді. Бірақ іс жүзінде әлеуметтік бағдарламалар толығымен орындала бермеді.
КСРО да әлеуметтік қорғаудық патерналистік үлгісі қалыптасқан еді, яғни әлеуметтік қорғау қорларын қаржыландырудық 95 пайызы мемлекеттік бюджеттен алынатын. Социализм өз бағдарламаларын іске асыру үшін, халықтық тұрмыстыңжағдайын жақсартуға ұмтылып, жалпы және қол жетерлік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамытуға қажетті жағдайларды жасап келді.
Егде жастағылардың, науқастардың , еқбек ету қабілетін толық немесе белгілі бір мөлшерде жоғалтқан адамдардың, бағушысынан айырылған отбасы мүшелерінің материалдық жәрдем алу құқықтары Ата заңда бекітілген еді. Бұл құқықтық кепілі - әлеуметтік сақтандыру жұмыстары болды. Жәрдемақылар мемлекет және ұжым шаруашылықтары (колхоз) есебінен берілетін. Зейнетақы және жәрдемақыларды басқа да қамтамасыз ету түрлері болған. Мысалы: мүгедектерді кәсіби-техникалық оқыту және қайта дайындау, жұмысқа орналастыру, протездік-ортопедтік жәрдем және арнайы көлік құралдарын тегін беру, мүгедектер мен егде адамдарды интернат-үйлерге орналастыру, оларды санаторий-курорттарда емдеу және т.б. жұмыстар.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің комплекстік дамуы қоғамдық өндіріс күштерінің өсуіне, қызметкерлердің жұмыстағы белсенділігін арттыруға түрткі болды. Әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдігі тұлғаның моральды-психологиялық жағдайына оқ әсер етуі есепке алынды. Қлестіру қатынастары элементі ретіндегі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі, өндіріс күштерінің даму деқгейімен белгіленген. Экономикалық өсу мөлшеріне қарай, әлеуметтік проблемаларды шешуші және де тиімді жағдайлар жасала бастады. Бұл жүйенің кемшіліктері болғанымен, қазіргі күн жағдайында олар өткен жылдардың артықшылықтары болып та көрінуі мүмкін. Сонымен, әлеуметтік жұмыс ұзаң және бай тарихқа ие, демек тереқ зерттеулерді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет