Қабылдаған: Жұбай Орынай Сағынғалиқызы


-лар қосымшасы негізінде біріккен сөздер. -лар



бет4/5
Дата09.10.2023
өлшемі41,16 Kb.
#184214
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
морф сөж Оразалы Айбике

-лар қосымшасы негізінде біріккен сөздер. -лар қосымшасымен келетін термин сөздердің қатары төмендегідей: ағашкеміргіштер, азқылтықтылар, ашатұяқтылар, балыққоректілер, баскөкіректілер, бассүйексіздер, бауыраяқтылар, буынаяқтылар, бірұялылар, бітеумүйізділер, даражарнақтылар, дарагүлділер, есекаяқтылар, ескекаяқтылар, еттұмсықтылар т.б.
-қыш қосымшасы негізінде біріккен сөздер. Бір кездері неологизмдердің қатарын молайтып, бүгінде сөздік қорымыздан еркін орын тепкен техника, кұрал, аспап атаулары тіліміздің бұрыннан бар сөзжасам үлгісіне (алжапқыш, атжапқыш) түсіріліп, біріккен – құрама сөздердің бір қатарын құрайды. Олар, атап айтқанда, мыналар: сабынсалғыш, өнертапқыш, пішенжинағыш, сиясорғыш, суөлшегіш, сусептегіш, сусепкіш, сутартқыш т.б.
Қысқарған сөздерді де ғалым кіріккен сөздің бір түрі деп алып, оларды әріп қиюлы (ССРО, МТС т.б.), буын қиюлы (ҚазТаг), аралас қиюлы (КазПИ, КазГУ) деп бөледі. Сонымен, проф. Қ.Жұбанов КС-дердің өзіндік өлшемдері деп мыналарды көрсетті:
1. Сыңарлардың фонетикалық өзгеріске түсуі, алайда “кіріккен сөз болған жердің бәрінің бірдей дыбыстық өзгеруі шарт емес, бірақ дыбысьінда өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз болуы шарты.
2. Бір мағынаны білдіруі, дегенмен де, “жалғыз мағынаны өлшеу қылумен анықтық таныла қоймайды.
3. Бір екпінге бағынуы. Қысқарған сөздерге «Қазақ тілінің морфологиясы» атты оқу құралында: «Қысқартылып айтылған сөздерді қысқарған сөздер дейміз» деп олардың 4 жасалу жолын көрсеткен:
1.Әрбір сөздің басқы дыбысы алынады,мысалы: ҰБТ,БҰҰ.
2.Бірінші сөздің басқы буыны, қалған сөздердің басқы дыбыстары алынады. Мысалы:ҚазҰУ
3.Әрбір сөздің басқы буындары алынады және бәрі біркелкі кіші әріптермен жазылады,мысалы: филфак, т.б.
4.Бірінші сөздің басқы буыны, ал келесі сөз толық алынады, мысалы, мединститут, т.б.
Қос сөздер туралы А. Байтұрсынұлы: «Қос сөз дегеніміз - қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер», - дейді (Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. – 182-б.). «Қос сөз екі түрлі болады. Біреуі нәрсенің көбін қамти атайды, екіншілері нәрселерді айыра атайды. Алдыңғысы жалпылағыш қос сөз, соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады». Жалпылағыш қос сөздерге аяқ- табақ, киім-кешек, бұта-бұтанақ, жер-су, түйе-мүйе, т.б. сөздерді жатқызады. Жалқылағыш қос сөздерге жел-бау, қауға-шелек, асыл-бек, ес-құл, төре-тай, өмір-қожа, шеге-балға, ер-батыр, шекті-бай, тағысын тағылар жатқыза келе жалпылағыш қос сөздердің арасы дәйім сызықшамен айырылып жазылатынын айтады. Ал жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айырылып та, айырылмай да жазылатынын көрсетеді.Мен осы тұжырымдамен толықтай келісемін жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айырылып та, айырылмай да жазылатынын көрсетіп тұр.Қазіргі таңда біз көп мысалдарды сызықшасыз жазып жүрміз.Ал жалпылағыш қос сөздер сызықшамен жазылатыны анық,себебі «киімкешек» деп біз қосып жаза алмаймыз, «жерсу» деп те қосып айта алмаймыз.
Қ. Жұбанов қос терминін колданбаған, «қосар сөз» деп атаған. «Түбір сөзден туынды сөз жасаудың жалғыз амалы түбірге қосымша жалғау ғана емес, түбір сөздің я туынды сөздің өзді-өзін қосақтап та сөзге үстеме мағына беруге болады. Мысалы, бала-шаға, үлкен-кіші, үлкенді-кішілі, ұзын-қысқа, сатыр-сұтыр, көзбе-көз, ...сап-сары. Мұндай қосарынан айтылатын сөздерді қосар сөздер дейміз», - дейді (Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі
зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.).
Қосар сөздерді Қ. Жұбанов теңдес қосар, сөздес қосар, матаулы қосар (қолма-қол, ауызба-ауыз), тіркеулі қосар (жылқы-мылқы, нан-пан) деп топтайды.
Теңдес косарды: мәндес (қатын-қалаш, қыз-қырқын), қайшы мәнді қосар (үлкен-кіші, аға-іні), көрші мәнді қосар (тау-төбе, қалам-сия) деп, сөздес косарды үндес косар (каңғыр-күңгір, жарқ-жұрқ), өңдес қосар (сатыр-сатыр, қалт-қалт) деп жіктейді.
Қосар сөздердің жазылу ерекшеліктеріне байланысты Қ. Жұбанов мыналарды атайды:
1) қосар сөздердің бәрінің арасына сызықша койылып жазылады: бала-шаға, жыртық-тесік;
2) матаулы қосардын матауын алдыңғысын косып, соңғысымен екі арасына
сызықша қойып жазамыз: қолма-қол, көзбе-көз;
3) аппақ, көкпенбек деген екi косакты косарды сызықша да коймай, болмей де
тұтас жазамыз деп көрсеткен.
Ал Ә.Төлеуов қос сөздерді жасалуына қарай екі жағы да мәнді қос сөз, сыңар мәнді қос сөздер, екі жағы да мәнсіз қос сөздер деп үш топқа бөлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет