4. Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан және тың және тыңайған жерлерді игеру. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1956—1962 жылдары Кеңес Одағы тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қыспагынан Қытайға өтіп кеткен қазақтарға Отанына оралуға рұқсат етілді. Сол жылдары келушілердің қолында аты-жөні жазылған және көлемі 4x5 см фотосуреті бар қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 1930 жылы 2 тамыздағы «КСРО азаматтығы туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, жаңа төлқұжаттар берілді. Сол заңның 2-бабы бойынша 30-жылдардағы аштық кезінде кеткендерге азаматтық берілді. Ал заңның 3-бабы 1917 жылғы төңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға қатысты қолданылды. Осы 2- және 3-баптары бойынша Қытайдан келген оралмандарға КСРО азаматтығын беру туралы қорытындылар шықты. Бүл қорытындылар бекітіліп, төлқұжат берілетін мекемелерге жөнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына жағдай жасады. 1959—1970 жылдары қазақтар механикалық жолмен 143 мыңға көбейді. Тек қана Алматы облысына 62 мың адам көшіп келді.
Достарыңызбен бөлісу: |