Қабылдаған: Мырзабеков Муратбек Орындаған: Жақып Аян Тобы



бет9/9
Дата18.10.2023
өлшемі45,87 Kb.
#186338
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.Исфило.БӨЖ.Аян
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Фундаментализм. Мәдениеттің діни негізіне қайта оралу қозғалысы барлық әлемдік діндерде христиан, ислам, буддизмде қазір де бақылануда. Сондықтан христиан, ислам, будда мәдениеттері стагнацияны басынан кешіруде, оларды сенімнің тоқтауы мен құлдырауы сезіледі.
Діни фундаментализм, мәдениеттегі құлдырау құбылыстарына, жағдайларына қоғамдық организмнің заңды реакциясы. Мәдениеттің негізі деп дінді санаушылар фундаментализмді жағымды бағалайды. Олар фундаментализмнің мәдениетке таза жаңа өмірді, өркениеттің рухани және материалды жақтарының үйлесімділігін тудыруға, қайта жаңғыртуға сенеді. Бұл мағынада фундаментализм мен экстремизмді тепе тең деуге болмайды, бірақ олар өзара бір бірімен тығыз байланыста болуы мүмкін. Біріншісі тудырушы мағынада, екіншісі діннің нағыз рухына қарсы және мәдениетке кедергі келтіреді.
Әрбір мәдениет терең дипрессияға түскен жағдайда сақталып қала алмайды. Егер ол қоғамның үлкен топтары мен қабаттарының қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарсы болса, оның өмір сүруі көпке созылмайды. Өз кезінде кеңес мәдениетін Н. С. Хрущев, А. Н. Косыгин, М. С. Горбачев өзгертуге тырысты. Егер анық дін өзінің ресурстарын жоғалтса, оның жағдайындағы мәдениет экономикасы мен саяси құрылымын хаосқа (ретсіздікке) әкедеді, ал қоғамда қылмыс, заңсыздық, қайғыру, шектен шыққандық орнайды. Егер жаңа идеалдар көпшілікпен сакральданса, онда әлеуметтік хаос жаңа экономикалық-әкімшілік тәртіппен алмасады, елде жаңа мәдениет пайда болады.
Ислам әрбір адамның іс-әрекетінен екі жақты діни және зиялыны көреді: эгоизмнен шыққан қасиетті әрекеттер руханилығын жоғалтады, ал зиялы іс-әрекет таза болса, ол құдайылық сипатта болады. Ислам бойынша әрбір іс әрекет Аллаға құлшылық етумен басталады.

Қорытындылай келе Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу. Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал. Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D1%96%D0%BD_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B
2 .Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
3 . Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
4 . Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. – Москва: Восточная литература,2001.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет