Мұхаммед Хайдар Дулати атындғы Тараз өңірлік университеті
Қабылдаған: Оралымбетова Гулжанар Умбеталовна
Орындаған: Кадирбай Әсел Думанқызы
Тобы: ШТ-22-ССО
Эссе
Кәсіби денсаулықты сақтау
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой сана. Енді бірі ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Бірақ, бұл менің ойымша, келешекке бағытталған түсіндірме.
Денсаулығына деген қажеттілік әр жаста әртүрлі көрініс береді. Жаңа туған балаға ананың сүті, жәй ғана мұқтаждық емес, денсаулығының негізгі көзі болса, кейін бала өсе келе оның орнын толықтыру үшін тағам рационынан басқа құндылықтарды керек етеді.
Жалпы, денсаулықтың 53%-ы өмір сүру салтына байланысты, 18%-дайы сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты, тағы 18-20%-ы әр адамның өзінінің генетикасына, яки тұқым қуалаушылығына байланысты. Сонда қалған 5-10%-дайы ғана медицина мамандарына байланысты. Сондықтан, адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек, өзін-өзі жақсы көруі керек. Уақытылы жыл сайынғы медициналық тексерістен өтіп, дәрігермен байланыста болу керек.
Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық!
Достарыңызбен бөлісу: |