Қабылдаған: Орындаған: Тукенова В. Ж. Орал 2020



Дата21.05.2020
өлшемі69,71 Kb.
#70383
Байланысты:
тарбие



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ




КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі: 0111083 «Шетел тілі мұғалімі»

Тақырыбы: «Тәрбиедегі мінез құлық әдептерін қалыптастыру жолдары»



Қабылдаған:

Орындаған: Тукенова В.Ж.



Орал 2020


МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ

3

1 ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ АЯСЫ

1.1 Мектептердегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

1.2 Тәрбие берудің бағыттары


5

5

10



2 ТӘРБИЕДЕГІ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

2.1 Мінез-құлық мәдениеті – адамгершілік тәрбиенің құрамдас бөлігі

2.2 Мінез құлықты қалыптастырудың негізі


16

16

19



ҚОРЫТЫНДЫ

24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

25




КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Балаларды тәрбиелеу - өте күрделі, нәзік те жауапты іс. Баланың қалай болып өсетіні: ары бар және адал қызметкер, жақсы адам болып шығуы коп ретте мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты.

Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу ісіне бастауыш сынып мұғалімдері түгел қатысса, жұмыс жемісті болады. Сыныптағы бұл жұмысты бір ғана мұғалім жүргізсе, тұрақты да тиімді нәтижелерге қол жетпейді.

Оқушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қою мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу жұійысының басты шарты болып табылады. «Тәрбиешілері бір үжымға бірікпеген жерде, бұл үжым бірыңғай жұмыс жоспарына, бірыңғай екпінге, балаға деген бірыңғай дәл талапқа ие болмаған жерде ешқандай да иәрбие процесі болмақ емес» - деп жазған болатын А.С.Макаренко.

Мінез-құлық мәдениетін белгілі бір жүйе бойынша жүргізілсе ғана тиімді болады. Бұл жүйелілік, балалардың бойында мінез-құлық, пайдалы әдет-дағды тәжірибесін жинақтауда, адамгершілік мағлүматтарды сіңіруді қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің мінез-кұлық, оның сырт бейнесі, басқа мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас стилі оқушы тәрбиелілігін қалыптастыруда шешуші маңызға ие. Мұғалімнің мінез-құлық оқушы Ү-Қсауға тырысарлық үлгі болуға тиіс. Балалармен қарым қатынастағы дөрекілік, ашушаңцық, мектепте ата-аналар әлі де естіп қалатын орынсыз ескертпелер, сөз жоқ, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді қиындадатады. Егер мектепте жалпыға бірдей достық қарым-қатынас, өзара ілтипат, жолдастық ынтымақ бірдей достық қарым-қатынас, өзара ілтипат, жолдастық ынтымақ пен қамқорлық қалыптасқан болса, сыпайылылық, сөйлеу мәдениеті, дәлдік, міндеттілік ережелері әлдеқайда тез жүзеге асады.

Балалардың мінез-құлқы көп жағдайда ұжым мен жанұяның үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты. Ата-аналар балалардың тәртібіне қандай талаптар қойылып отырғанын, олардың бойында қандай мәнер тәрбиеленіп жүргенін, ең маңыздысы нелер екенін білуге және үйде, жанұяда сол бағытта жұмыс істеуге міндетті.

Жүргізілген жұмыстың тиімділігін тұрақты тұрде тексеріп отыру аса маңызды. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі көрсеткіші балалардың жалпы және адамгершілік жағынан дамуы болып табылады. Мұғалім балардың мінез-құлқы қалай өзгеріп келе жатқанын, олардың мұғалімнің тұрақты бақылауынсыз қалай әрекет ететінін, дұрыс әдет-дағдыларының тұрақтылық дәрежесін, баланың сана-сезімі қай бағытта дамып жүргенін тұрақты тұрде бақылап отыруға тиіс. Балаларды зерттеу жұмыс жүйесіне қажетті өзгертулер енгізуге, оны жетілдіре беруге мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты: оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру, адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез-құлықтың берік әдет-дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет-ғұрыптарды жою.

Зерттеу нысаны: мектептің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің нысанасы: Мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлқының қалыптастырудың жолдары.

Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

Зерттеудің әдісі: Психологиялық-педагогикалық талдау, балаларда мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың әдіс-тәсілдерді іріктеп алу және оларды қолданудың жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. оқушылардың мінез құлық тәрбиесін қалыптастыру және дамыту мәселесінің теориялық алғышарттарын айқындау;

2. «Міне құлық тәрбиес» түсінігінің мәнін, құрылымын, мазмұнын және даму ерекшелігін анықтау;

3. Оқушылардың мінез құлық мәдениетін құрылымды-қызметтік моделін жасау, оның компоненттерін, мазмұнын және байланыстарын анықтау;

Курстық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ АЯСЫ
1.1 Мектептердегі тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
Өткен XX ғасырдың басында алаш ардақтыларының бірі Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болу да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі...» - деген болатын.

Олай болса, мектеп - қай халықтың болмасын ұлт ретінде жойылып кетпеуінің қорғаны, төл мәдениеті. Оның ішінде қазақ мектебі - халқымыздың ұлттык асылдары мен қазыналарын сақтау, дамыту мен болашаққа аманаттаудың кепілі. Ал ұлтымыздың сол асыл қазыналарын, рухани байлығын, мәдениетін жас ұрпақтың бойына тәрбие арқылы сіңіре білу ұстаздың міндеті. Осы орайда әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама Әл-Фарабидің:«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі» - деген көрегенділікпен айтқан пікірі қазіргі кезде де өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызын жойған емес.

Тәрбиедегі басты мақсат – Егеменді елдің азаматын тәрбиелеу, яғни халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін бойына сіңіре отырып, дені сау, рухани өрісі биік, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді тұлғаны тәрбиелеу қажет. Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.

Осы қағиданы ұстана отырып мектептің алдына қойған мақсаты: «Білім, ғылым, әлемдік-ұлттық мәдениет жүйесі арқылы және қоғамдағы өзгерістер жағдайында өмір сүруге бейім тұлғаны дамыту».

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып төмендегі міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: оқушылардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын қалыптастыру, жеке басының қасиеттерін дамытып, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға көмектесу.

Олар:


- оқушыларды жалпыадамзаттық кұндылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;

- ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру;

- қоғамдық заң ережелерін білу, оған сый құрметпен карау, адамгершілікке жат кеселдерге қарсы күресуді әрбір оқушының күнделікті мінез-құлқына айналдыру;

- тәрбие барысында оқушыларға мамандықты еркін таңдауына негізделген кәсіби бағдар жүйесін құру;

- оқушылардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, салауатты өмір сүруге баулу;

- жер тағдыры мен ел тағдырын аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу;

- халқымыздың ерлік, жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, яғни оқушыларға ұлттық тәрбие беру.

Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: « ... өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді»,- десе, Я.А. Коменский: «Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек», «Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты» - деген ойлар айтқан болатын.

Сондықтан мұғалім ең алдымен «тәрбие» ұғымының мән-мағынасын терең түсініп, тәрбие берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтап алуы қажет. Олай болса, тәрбие ұғымына тоқталайық.

Тәрбие дегенді қалай түсінеміз? Тәрбие – бұл өте кең ауқымды ұғым, бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Бала бейнесі, адам бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәнінде әр қырынан айтылмай келеді. Сондықтан біз көбіне оқушының шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, оқушы идеалын білеміз. Біз баланы тәрбие субъектісі ретінде емес, объекті ретінде көріп келдік. Жарты ғасыр бойы үстемдік еткен технократиялық ойлау тәрбие мақсаты мәдениетпен, мектеппен, оқушының өзімен анықталатынын түсінуге жол бермеді.

Тек соңғы жылдары ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттер мен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді. Түрлі авторлар тұлға өзегі ретінде әртүрлі қасиеттерді айтады. Кейбір педагогтар мен психологтар бала дамуының әр кезеңінде тұлғаның әртүрлі өзегін көрсетеді. Ал біз В.С.Кукушиннің қасиеттерді емес, тұлғада жүретін үрдісті көрсету керек деген пікіріне толық қосыламыз.

Тұлғада жүретін:

 Өзін-өзі тану;

 Өзін-өзі көрсету;

 Өз-өзіне сену;

 Өз-өзін анықтау;

 Өзін-өзі іске асыру;

 Өзін-өзі реттеу және т.с.с. үрдістердің мәні мен маңызы өте зор.

Осыдан келіп қазіргі педагогикалық ойлаудың мәні – яғни балаға деген субъектілік қатынас екені түсінікті болды. Ендеше, бұл біріншіден, оқушының өз тәрбиелеушісімен бірге тәрбиеге қатысуы; екіншіден, ересектердің баланың барлық құқын мойындауы, үшіншіден балаға субъекті ретінде қараудан келіп, оның шығармашылық қабілетін дамыту, төртіншіден, бала тұлғасының субъектілік қасиеттерін: өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі реттеуін, өзіндік сынын және т.б. дамыту қағидаларын айқындау қажеттілігі туындайды.

Осыны ескере келе, тәрбиені – бұл педагогикалық әрекетті әр қырынан қарастыратын күрделі модель деуге болады.

Мәселен:

 мәдени құбылыс ретінде;

 педагогикалық ықпал ретінде;

 балалар әрекетін ұйымдастыру ретінде;

 қарым-қатынас ретінде;

 ынтымақтастық ретінде;

 оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен бірлескен - шығармашылығы ретінде;

 жалпы өмірлік шығармашылық ретінде қарастырылуы тиіс.

Демек тәрбие – бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс. Бұл тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Тәуелсіздікке қол жеткізген еліміздің білім, тәрбие ісіндегі басты мақсаты – рухани жан дүниесі адами құндылықтарға бай жеке тұлға қалыптастыру. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени мәліметтер және құнды ата-бабалар мұраларымен қарулануы керек. Өзінен бұрын өмір сүрген даналарына кейінгі толқын ұрпақтарының қайта айналып соғып, жоғын іздеп, барын түгендейтіні белгілі. Іздену нәтижесінде біздің ұлы тұлғаларымыздың мұралары, идеялары бүгінгі күнге жетіп отыр.

Орта ғасырларда өмір сүрген Жүсіп Баласағұни былай деген екен: «... қалар мұра – сөз кісіден кісіге, Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе. (Кісіден мирас ата сөзі ғой Ата сөзі – ұқсаң құттың көзі ғой)». Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні -еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі» – деген.

Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М. Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы"-деп жазды.

Қазақ тағылымының негізгі бағыттары: ар-ождан тазалығын сақтау; ақылойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ 9 нерселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты «жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп жазды.

2006-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің Кешенді бағдарламасы тәрбие беру қызметіне бағдар болды.

Қазақстан Республикасында білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаты –

Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, Қазақстандық патриотизмді, жанжақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиенің мақсатынан төмендегідей міндеттер туындайды: Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операцияларын талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, әділдік, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері: а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету; ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу; б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие міндеттері: - бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру; - эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру; - әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу. Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.

Тәрбие берудің басты ұстанымдары. 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің Кешенді Ұлттық бағдарламасында (Жобасында) тәрбие берудің басты ұстанымдары төмендегідей айқындалған:

1. Табиғилылық ұстанымы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.

2. Мәдени сәйкестілік ұстанымы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.

3. Мақсаттылық ұстанымы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

4. Тәрбие берудіңгуманистік бағыт ұстанымы адам тұлғасында гуманистік қасиеттерді қастерлеу, оның құқы мен бостандығына құрметпен қарау, тәрбиеленушінің тән саулығына, әлеуметтік және психикалық саулығына қамқорлық жасау.

5. Тәрбие берудің халытық бағыт ұстанымы тәрбие берудің негізін дәстүрлер мен ұлттық-мәдени құндылықтар, шаруашылық, халықтың рухани тәжірибесімен ұштастыру.

6. Халықтың мәдени мұрасының басымдық ұстанымы патриоттық тәрбие беруді айқындайды, өз үйіне, туған өлкесіне құрметпен қарауды қалыптастыру, тәрбиеленушілерді қазақ халқының дәстүрлерін, ұлттық-мәдени және педагогикалық мұрасын қастерлеуге үйрету.

7. Этностық ұстанымы мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыру көзделеді, біріккен этностық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын, азаматтық келісім және үйлесімділікке, қоғамдық қатынаста табысқа жету.

8. Тәрбиенің үздіксіздік ұстанымы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.

9. Демократияландыру ұстанымы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара ісәрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.


1.2 Тәрбие берудің бағыттары
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында жас ұрпаққа тәрбие берудің мынадай бағыттары көрсетілген:

Азаматтық-патриоттық тәрбие беру - Қазақстан азаматы мен патриоты тұлғасын қалыптастыру және дамыту, Отанының тағдырына жауаппен қарау, оны бейбіт өмір мен соғыс уақытында қорғауға дайын болу.

Рухани-адамгершілік тәрбие беру - жан-жақты жетілген тұлғаның даму жүйесіндегі жетекші компонент, адамгершілік сана, ізгілік мұраттарды, адамгершілік және этникалық құндылықтарды, нормаларды, зор адамгершілік сезімдерді меңгеру көзделеді; гуманизм, ар-ұят, ождан сақтау, намыс, борыш, жолдастық, қайырымдылық, кішпейілділік, инабаттылық, сыпайыгершілік, принципшілдік, діни құндылықтарды игеру, қоғамның адамгершілігі мол жауапты мүшесін қалыптастыру, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік қазақ тіліне деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа да халықтардың дәстүрі мен тілін, мәдениетін құрметтеу және сыйлау.

Тәрбие беру мазмұнында рухани-адамгершiлiк тәрбиесі педагогикалық процестiң iзгiлендiру идеясын ұсынады. Мемлекеттiк идеологияның негiзiнде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мазмұны қарастырылады. Кәсіби және еңбек тәрбиесі - кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды, қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.

Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады.

Экологиялық тәрбие - адамның бойында табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты ісәрекеттерін жобалайды. Экологиялық тәрбиенінің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.



Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулықты қорғаушы ортаны қалыптастыру - жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшіліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай- ақ, тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.

Отбасылық тәрбие - оқушылардың отбасының адамгершілік негіздерін игеруге бағытталған, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ұлттық отбасылық дәстүрлер, толыққанды отбасын құру үшін денсаулықтың айрықша құндылығын сезіну, балаларға тәрбиенің ықпалын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру, атааналардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ету. Отбасы-өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын кіші институт. Отбасы –адам баласының түп қазығы,алтын ұясы. Себебі: адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы - негізгі қамқорлық мектебі. Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Қоғаммен бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланысты болғанымен, отбасы— қоғамдық өмірмен салыстыра қарағанда адамдардың биологиялық жағынан ең жақын, дербес те сырлас тобы. Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. «Баланың құқығы жөніндегі конвенцияда» /1989/ отбасында баланың құқығын қорғау оған қамқорлық жасау көрсетілген. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35-бабында да «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани, әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым - қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады, бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұядан нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған. Бала мектеп табалдырығын аттағанға дейін алғашқы даму ,қалыптасу деңгейінен өтіп келеді. Ата-ана өз баласының алдында-өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттіліктің символы ретінде танылуы керек. Жеке тұлғаны имандылыққа тәрбиелеуде ата-аналардың негізге алатын ұстанымдары болу керек. «Отан - отбасынан басталады» демекші мектеп жасына дейінгі балаларға өзінің жанұясы, отаны, туған жері, елі, ұлтымыздың ұлылары, ақылгөй данышпандары қалдырған өсиеттері, даналық сөздері мен шежіре мұраларын жадында сақтап өсуі үшін, бала алғаш бойындағы адамгершілік, инабаттылық, иманжүзділік, сүйіспеншілік қасиеттерді отбасында, балабақшада қалыптастыру керек. Қазақ халқы өз ұрпағының өнегелі, үлгілі, иманды, адал азамат болғанын армандаған, сондықтан бұғанасы қата бастағаннан –ақ халық даналығы мен имандылық иірімдерімен жан-жақты сусындата білген.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? Абай Құнанбайұлы қарасөздері ақыл, өмір шежіресі, даналық түйінді пікір.Абайдың мұраты-адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақты ілгері дамыған елдер қатарына қосу еді. Оның қарасөздеріндегі қоғамдық, педагогикалық, психологиялық көзқарастары осыны көздейді. Әл-Фараби: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ»- деп жазса, Абай Құнанбайұлы: «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат, осы үшеуінің басын қос, бәрін жүрекке билет деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуі бір кісіде табылса, табанының топырағы қөзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым, құдайшылық сонда» - деген қара сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Адам тәрбиесінің қос қанаты-жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі бірін-бірі жетелей дамиды, Абай айтатын нұрлы ақылға бай толық адамның тұлғасы осылайша қалыптасса керек. Абай Құнанбайұлы: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем демеклік... Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, қайуан жаны болады».

Абай ең жоғары, аса шарапатты адамгершілік қасиетті «махаббат» деп атаған. «Ей, жүрегімнің қуаты перзенттерім!...Ықыласпен ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың төлеуі –махаббат. Әуелі адамның адамдығы, ақыл, ғылым деген нәрселермен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауассәлим (арабша өзіндік дұрыс қасиет) һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс (қалғаны) өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап ұғым махаббаттан шығады», - деген. Демек адамгершілік сапалары туа біткен қасиетке қоса өзін қоршаған әлеуметтің де ықпалымен жаңғырып, жаңарып, әсемденіп, байып отырады.

Абай қарасөздерінің адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыруда мән мағынасы терең ой пікірлерімен мағыналы. Халық қаһарманы, абыз атамыз Бауыржан Момышұлы былай дейді: «Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі: - осы заманда бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбейіп бара жатқандарынан қорқамын. Екіншісі - балалары мен немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқандығы. Үшіншісі- дәстүрді сыйламайтын ұрпақтардың өсіп келе жатқандығынан қорқамын».

Мағжан Жұмабаев тәрбиенің төрт түріне назар аударуды өсиет еткен.Тәрбие бағыттары алаш азаматының: «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс пішетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын қылықты болса, міне осылай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» деген ойларымен әдемі үйлесіп жатты.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқушы бойына өнеге тұтқызып, дарытпай, оларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Балаларды ізгі қасиетке шақыруда ұлы Абай «біреуге көмектесу –ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі» деп тәрбиелі сөз айтқан. Қазақта «Жақсыдан- шарапат, жаманнан кесапат» деген мақал бар. Мұндағы «шарапат» сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді. Шарапатты істі жасау кезкелген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның қамын өз қамындай шынайы жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді.

Шарапатты адам - адамгершілігі мол адам, шарапатты адам –Абай армандаған кемел адам. Абайдың шарапатты адамы - қазіргі біздің іздеп жүрген – ТҰЛҒА, жан-жақты дамыған бас әріппен жазылатын АДАМ, АЗАМАТ.

Абай қарасөздерінің пәлсапалық ойы - тереңде жатыр, ол - өркениет дәуіріндегі жеке тұлғаның моральдық тұрғыдағы иманды, бәсекеге қабілетті, дарынды, ізденгіш, білімді Адамы. Ендеше Абай аңсаған ТҰЛҒАНЫ қалыптастыру ұлттық тәрбиеге негізделуі керек. Олай болса, ұлттық тәрбие дегенді қалай түсінеміз? Ұлттық тәрбие - адам тұлғасын өз ұлтына, өз халқына лайықты өкілі ретінде қалыптастырады, өз тілін қадірлейтін, тарихын, адамгершілік, рухани, отбасылық, құндылықтарын, еңбек дәстүрлерін меңгерген, басқа да халықтардың мәдениетін білетін және құрметтейтін адам, сұхбатқа дайын және басқа да ұлттардың өкілдерімен өзара ықпалдасу, жас ұрпаққа тәрбие беруде туған жеріне сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге ықпал ету, үлкендерді сыйлау, табиғатты қорғау деген ұғымды білдіреді. Ұлттық тәрбие туралы сөз болғанда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: «Байқасаң қазақтың өзінде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары», -деген сөздері ойға оралады.

Рух пен тәрбие жөнінде ой қозғасақ, онда арынды өзендей таси жөнелетін ұлылық пен ұлағаттың үлгісіндей тұлғалар ғұмыры жайлы ақпараттар легі толассыз толғандырады емес пе?! Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбиесі туралы М. Жұмабаев бұл жөнінде былай деген: «... Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін, әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек...».

Балаға тәрбие негізінен ана құрсағында жатқаннан бастап - ақ беріледі. Абай нәр алған данышпандықтың бастауы неде? Қайнар көзі қайда? Оны ұлылыққа ұмтылдырған тәлімі мен тәрбиесін сөз еткен жөн. Соның бірі «Алып анадан туады» дейтін тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз бар. Абай ана құрсағында –жүрек тәрбиесі –жетіліп туған алып екендігі айқын. Мейірімді ананың құрсағында парасатымен, дархан мінезді әженің шапағаты... дүниеге оянған жүрегімен келген сәбиді, халықтық тәлімнің ғасырлар бойы қалыптасқан алтын бесігімен тербей отырып ер жеткізді. Осы уақытқа дейін зерттеліп жеткен деректерде, Абайдың туған анасы – Ұлжан да, бауырына басып адамдықтың алғашқы әліппесін үйреткен әжесі- Зере де аймағына аттары аңыз болған инабатты жандар. Зерделі сәбидің – ақыл тәрбиесі оянғаннан-ақ бесік жырынан бастап, халқымыздың ұлан ғайыр таңғажайып әдебиеті телегей теңіз тереңімен тербеп құлаш ұрғызады. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар»-деген өлең жолдарында құрсақтағы баланың ананың көңіл күйінен нәр алып, өсетіндігін әуенге теңеп, ұйықтап жатқан жан иесінің жүрегін оятатынын мегзеп, жүрек тәрбиесінің ана құрсағында қалыптасатындығын, адам тіршілігіндегі жүрек ықпалын Абай өз шығармаларында, қарасөздерінде ұрпақ тәрбиесінде үлгі етіп, таңғажайып тұжырым жасаған.

Мектептердің өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін саралай келе нарықтық экономика жағдайындағы ауыл мектептерін дамытуда төмендегідей шаралар атқарылуы тиіс:

1. Мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық, үйлесімділік болу.

2. Ата-аналарды ұлттық тәрбие тәжірибелерін мектептерде насихаттауға бейімдеу.

3. Педагогикалық тұрғыдан оқушылардың ұлттық сана сезімдерін тұрақты тәрбиелеу, әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз ету.

Тірек мектебі (ресурстық орталық) өз түлектерін дайындауда төмендегідей мақсаттар қояды: - ауыл қоғамының құндылықтарын сақтау және ауыл өмірінің мәдениетін көтеруге белсене ат салысу: - аграрлық өндірістегі бастапқы дағдыларды қалыптастыру; - ауыл табиғатын сақтау және ыждағаттылықпен пайдалану; - ауыл өмірінің даму бағдарлары мен болашағын ескере отырып мамандық таңдау.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу оқу-тәрбие үдерісі барысында келесідей міндеттерді шешуді керек етеді: - білім беру мазмұны мен педагогикалық үдерісті ізгілендіру; - оқушының жеке басының даму ерекшеліктерін ескеріп, дарынды оқушылардың дамуына мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау; - түрлі жастағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісінде тиімді пайдалану; - қазіргі заманғы оның ішінде информатикалық педагогикалық технологияларды игеру; - ауыл оқушысының бейімділігі мен қабілеттілігін ескеріп, жалпы және кәсіби дайындаудың үздіксіздігі мен сабақтастығын жүзеге асыру; - ауыл мектебінің қосымша қызметтерді игеруі: а) ауыл балаларын сапалы мектеп алды даярлау; б) жоғары кәсіптік білім алу үшін мектеп бітіруші түлектерін бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету; в) мамандықты ауыстыру кезінде еңбек нарығында ауыл тұрғындарына оралымды бейімделуге мүмкіндік беретін, салыстырмалы кәсіптік икемделгіш негізін қалыптастыру. Ауылдағы тұйық әлеумет, қарым-қатынас тапшылығы, мәдени мекемелердің жоқтығы, халықтың білім деңгейінің төмендігі және т.б. көп жағдайлар шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға кері әсерін тигізеді. Сондықтан тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы шағын жинақты мектеп оқушыларының өз мүмкіндігіне қарай танымдық қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытуына жағдай жасалады.

Тарихына тағылымы сай ұлттық тәрбие беруді нығайту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып отырғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін бойына сіңіре отырып, дені сау, рухани өрісі биік, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді тұлғаны тәрбиелеу үшін жоғарыда аталған тәрбие ұстанымдары мен бағыттарын басшылыққа алуымыз керек.

Мектептегі тәрбие үдерісінің үш арнасының – адамгершілік және эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесінің – теориялық негіздерін анықтау мақсатында әрқайсысының ішкі мазмұнына нақтырақ тоқталып өтеміз.

2 ТӘРБИЕДЕГІ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Мінез-құлық мәдениеті – адамгершілік тәрбиенің құрамдас бөлігі
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.

Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.

Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін кӛптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.

Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады.

Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.

Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара кӛріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата-аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі. Әлеуметтік–педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез–құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады. Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие. Ауытқушы (девианттық) мінез- құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық кӛріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды,кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.

Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушыларының бізге қалдырған еңбектерінен қазіргі кезде қоғамымызды толғандырып отырған жалпы азаматтың мұраттар, адамгершілік мәселелеріне жауап табамыз. Мысалы, ұлы Абайдың «Өсемпаз болма әрнеге”, «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ», т.б. адамгершілік сырға толы өлеңдері мен поэмалары, қара сөздері. К.Шәкәрімнің «Жастарға», «Анық пен танық», «Талаппен ақыл», «Адамшылық», т.б. өлеңдері, А.Байтұрсыновтың «Анама хат», «Адамдық диқаншы», «Тарту», «Қазақ салты» сынды алып ақындарымыздың дана ойлары мен өсиеттері бүгінгі ұрпақ, тәрбиесінің бай қазынасы болмақ. Халық бала тәрбиесін құндақта жатқан күнінен бастап, жасын тартып азамат болганга дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы-мүлтіксіз іске асырып келді.

Адам бойына жақсы адамгершілік қасжеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортасына байланысты деп түсінген халық: «Ұстазы жақсының — ұстаны жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қанар» деп тәлім –тәрбие, оқу-білім мәселесіне үлкен көңіл бөлген.

Адамға деген құрмет сезімін тәрбиелей отырып, баланың өзіне деген құрмет туралы да ұмытпағаны жөн. Балалардың бойында берік адамгершілік негіздерін дамытып, оларды жаман ықпалдардан сақтай білсе- ата-аналардың нағыз бақыты осы. Баламен шын сөйлескенде, арада достық барда ғана өтімді болады. Достық баланың жеке басына деген құрмет, шыншылдық мұның бәрі ең жас кезден бастап ойдағыдай тәрбиелеу үшін қажет.

Ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде, қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс.

Жасөспірімдерде мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне аса көңіл қойьш, онда мұғалім мен ата-атаның бірлескен еңбегі мінез-құлық дағдыларының дамуына әсер еткендігі жайында баса айтқан ғалымдар: Л.Керімов, Б.Айтмамбетова, А.Бейсенбаева, Р.Нұргалиева, С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Н.Д.Хмель т.б. болды.

Адамгершілік тәрбиесінің ең көп тараған формасы – этикалық әңгіме, пікірталас, дискуссия, кездесудер, оқырман конференциялары т.б. этикалық әңгімелерді адамгершіліктің кез-келген қағидасы бойынша жүргізуге болады. Оқушыларды жақсы мінез-құлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі, сыпайы ісі, жақсы әдеттері, қолдай отырып, оған қарама-қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Адамдар арасындагы этикалық қарым-қатынас, жақсы мінез-құлық, үздіксіз тәрбиенің, өзгелердің үлгі өнегесі арқылы біртіндеп қалыптасатын қасиет.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөліктерінің бірі – мінез-құлық мәдениеті болғандықтан, жасөспірімдерден адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, осы мәселеге көңіл бөлінеді.

Қазіргі қоғамдары мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің әлеуметтік негіздері өткен ғасырдағы негіздерден принципті түрде өзгеше және олар адамның тілектестік, қайырымдылық, сезімталдық, әділеттік, жолдастық және ұжымшылдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға сүйенеді.

Біздің адамгершілік тұтасымен және оның құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мінез-құлық мәдениеті түрлі формада жататын қызу күрестің алаңы болып табылады. Бізге жат адамгершілік қасиет жиі-жиі жалған сезімталдықты, көз бояушы елгезектікті жамылады. Сонымен қатар, екінші жағынан, өзімізбен бірге жүрген, ұжымшыл әрі қоғамдық істерге белсене араласатын жолдасымыздың күнделікті қарым-қатынаста өрескел, әдепсіз, ықылассыз болатын жағдайларын елемей де өте алмаймыз. Мұнда адамның қоғамдық мәні мен оның көріну формаларының сай келмейтіні анық көрінеді. Мұндай адам не көпшілік қабылдаған мәдени мінез-құлық нормаларын менсінбейді, ие оның мұндай мінез-құлық дағдылары әлі де толық қалыптаспаған.

Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен дөйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде шұғылдану қажет. Мектеп оқушыларын адамгершілік мінез-құлыққа үйретуді оқта-текте қолға алу тұрақты нәтижелер бермейді.

Мінез-құлық мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен. Бұл үнемі сананың бақылауын қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер солардың арқасында адам көптеген қылықтарды тез де жеңіл орындайды. Көптеген мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерінің оған сәйкес ережелерді білуінен көп қалыс екенін, оларға жүргізілген бақылаулар көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылармен жұмыста соларды қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Оған оқушылар жүйелі үйретумен қол жеткізеді. Бұл үшін мектеп өмірі оқушылардың дұрыс адамгершілік қатынастардың тәжірибесін үнемі жинап, дұрыс қылықтарын жетілдіруге жүйелі түрде жаттығуға мүмкіндігі мол болатындай етіп ұйымдастырылған болуға тиіс. Істелген қылықтың мазмұны әрдайым оның сыртқы көріну формасына сәйкес келуі тиіс. Оқушылармен жұмыс процесінде жоспарлы түрде мәдени мінез-құлықтың кейбір дағдылары үйретіліп, отыратын арнаулы жаттығулар жүргізуге болады, ал орта және жоғары сыныптарда мұндай жаттығулар біршама сиреу қолданылады.

Оқушылардың мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас процесс. Бұл жұмысқа жекелеген энтузиаст-мұғалімдерді ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымды жұмылдыру қажет. Жекелеген энтузиаст-мұғалімдердің бірлі-жарым әрекеттері көзге түсерлік нәтиже бермейді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың оқушылары мұндай ережелерді орындамайтын басқа балалармен қарым-қатынас жасайды, ал олардың арасында сыпайылық, турашылдықтың қажеті де жоқ деген пікірлер жиі кездеседі.

Табысты тәрбиенің, оның ішінде мінез-құлық мәдениетінің де қажетті шарты барлық мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне, үзіліс кезіндегі мектеп асханасындары, көшедегі т.б. қоғамдық орындарындарындағы мінез-құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы тиіс. Балалардың мектегі мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс жүргізгені жөн. Ата-аналардың мәдени деңгейі жеткіліксіздеу отбасынан шыққан, бірақ мектепте жақсы тәрбиеленген балалардың өзі де мәдени мінез-құлықты үйге жеткізушілер қатарына қосыла алады.


2.2 Мінез құлықты қалыптастырудың негізі
Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.

Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.

Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.

Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз.

Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.

Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар - қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.

Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар - тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.

Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.

Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».

И.П.Павлов өзінің жоғары нерв қызметі туралы ілімінде адамның мінез ерекшеліктері оның өмірлік әсерін, ой-түйінін білдіретін жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен уақытша нерв байланыстары жүйесінің «құйындысы» деп түсіндірген болатын.

Жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен динамикалық стереотип әр уақытта бір бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Өйткені: 1) динамикалық стереотиптің жылдамдығы тұрақтылығы жоғары нерв қызметінің тума типтік ерекшеліктеріне байланысты; 2) өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан динамикалык стереотип жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктеріндегі кемістіктерін жөндеуге жәрдем етеді.

И.П.Павловтың айтуы бойынша динамикалық стереотиптің қалыптасуы өмірдегі заттар мен құбылыстардың күшіне, маңыздылығына, жаңалығына және адам нерв жүйесінің жеке типтік ерекшелігіне, адамның хал-жағдайына байланысты. Мидағы уақытша нерв байланыстарының оңай немесе қиын тұрде қалыптасуы адам нерв жүйесінің типіне байланысты.

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерімен пайда болған мидағы уақытша нерв байланыстары, олардың күрделі жүйелі тұрде қалыптасуы - дикамикалық стереотип және нерв жүйесінің типтік ерекшеліктері мінез-құлықтың физиологиялық негізі болады.

Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша қалыптасқан мінез - адам мөрі. Шынында да адам мінезі қандай болса, оның өмірдегі іс-әрекеті де сондай болады. Мінез негізінде адамның өмір тәжірибесінен алған әсерлі нәтижесінде қалыптасатындығын бұрын да айтқан болатынбыз. Бірақ адам барлық нәрсеге бірдей жауап бере алмайды. Өзіне керекті, кажетті нәрселерге айырықша қызыға қарап, олардың мазмұнын, мәнін терең қабылдайды. Ал өзіне керексіз нәрселерге мән бермейді. Демек, адамдағы өмір тәжірибесінің қалыптасуы оның мұрат-мақсатына, арман-тілегіне, ниетіне байланысты екендігі айқын. Осыған орай адамның мінез ерекшеліктерін зерттеуде ең алдымен оның мақсатына байланысты туған қызығуын, қажеттілігін анықтап алған жөн.

Ал мінез құрамына нелер жатады. Мінез құрамына адамның сенімі, қажеттілігі, қызығуы, ақылы, ерік күші, сезімі, темпераменті жатады. Сенім деп адамның өмір мектебі және тәрбие әсерімен белгілі жағдайдағы қалыптасқан берік көзқарасын айтамыз.

Сенімнің күштілігі, тұрақтылығы адамның түсінігіне, ой-өрісіне, бір мақсаттылығына байланысты. Адамның өз әрекетіне сенімділігі оның сол әрекетінің орындалу негізіндегі тындырымдылығын, принциптілігін, тиянақтылығын байқатады. Күшті сенім адам әрекетінде алдына қойған мақсатына жету үшін батыл шешім қабылдауға, кездескен қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады.

Сенімнің мықты, тұрақты болуы адамның дене және ақыл-ой әрекетінің жемісті аяқталуына негіз бола алады.

Адам мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатынын, қандай нәрселерге айрықша назар аударып қарайтындығын байқау қажет. Әрине, қызығу адамның қажеттілігіне, арман-тілегіне, мақсатына байланысты мазмұны жағынан әртұрлі болып келеді. Адам қоғам талаптарына сай келетін ізгі ниетімен, талап тілегімен өз бойындағы қызығудың терең, тиянақты болуына мүмкіндік жасайды. Танымдық қызығудың саналылығы адам мінезінің байсалды, салмақты болуына әсерін тигізеді.

Эстетикалық қызығулар мінездің сынық, сыпайы, жібектей болуына өз үлесін қосатындығын байқауға болады.

Адамның қызығуы оның қажеттілігі мен тығыз байланысты болады. Қажеттілік негізінде материалдлқ және рухани болып екіге бөлінеді. Қажеттіліктің тууы, өсуі және қалыптасуы қоғамнын тарихи дамуына, Қоғамдық қатынастардың әсер етуіне, адамыың жеке талап-тілектеріне байланысты. Қоғамда адамдар қажеттілігі қоғамдық, ұжымдық, талаптарға сай келіп, мазмұны жағынан қоғамдағы негізгі жеке адамның мақсатына сай келетін эгоистік қажеттіліктен бүтіндей басқаша.

Еліміздің адамдарының материалдық және рухани қажеттілігі халық шаруашылығының қарқындап дамуына байланысты ойдағыдай Қанағаттандырылып, мазмұны жағынан байи түсуде.

Адамның ақыл-парасаты да мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына өз үлесін қосады. Кейбір адамдар қиын-қыстау жағдайда ақылдылығына байланысты сары уайымға салынбастан, жол тауып қапастан шыға алады. Ал ақылы кем топас-надандар қиыншылықтан құтылу былай тұрсын, басқаларды да өз арқасына ертіп, олардың қолын байлайды. Адам өз алдына қойған мақсатына жету үшін аса тапқырлықпен ұтымды шешім қабылдау немесе шешімнің орындалуына ой-ерісінің ұшқырлығын, тиянақтылығын байқатса парасатты екендігін білдіретіні сөзсіз. Сол үшін мінездің ақыл-парасат бітістеріне адамның байқағыштығы, тапқырлығы, зейінділгі, езіндік ой-пікірінің болуы, ойшылдығы, сыншылдығы жатады.

Адамның еріктік сапалары жағымды мінездің жотасы деп аталады. Адамда күшті жігер-қайрат болса, өзінің көздеген мақсатына жету үшін батылдылығы, шыдамдылығын, тәртіптілігін байқытады. Жігерсіз, ерік күші жоқ адамды нашар мінезді адам екен деп те атайды. Ондай адам тіпті: білімді, қабілетті болса да іс-әрекетінде өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмайтындығы белгілі.

Ал адамда ерік күші жоқ болса өзіндік әрекет болмай, кім көрінгеннің жетегінде кетеді. Оның үстіне жігерсіз, қайратсыз адам кездескен қиыншылықты жеңу үшін әрекет жасаудың орнына сары уайымға салынып, бар мүмкіншілігінен айырылады.

Мінездің еріктік сапалары адамның өз ісіне сенімділігін арттырып, ©те хауіпті жағдайда да ақыл-естен танбауға, тіпті өліммен күресуге де мүмкіндік тудырады.

Екінші дүниежүзілік соғыста екі аяғынан, екі қолынан айырылып, кеудесі қалған Австрияның солдаты Та Рама аса күшті ерік күшімен аман қалды. Соғыс майданында сондай мүшкіл халде жатқан Та Рама тастап кетіп бара жатқан медсестраларға жалынып, өзін емдетеді. Кезінде қандай ауыр қиыншылық болса да шыдап өзіне өзі «Мен өлмеуім керек, мен тірі қалуым керек» деп айтып жатады. Оның мұндай сөзі өзіне қатты әсері етіп, қанына сіңеді. Ең ақырында жазылып, тісімен жазу дағдысын меңгереді. Кейінірек барып өз басынан өткендерді кітап етіп те жазады. Міне, осындай ерік күшін адам мінезінің нағыз тиянақты да осерлі кұрамы деп айтуға болады.

Адамның мінез бітістерінің қалыптасуында оның өзіне әсер еткен ,аттар мен құбылыстарға қатынасы да, көңіл күйі де үлкен роль атқарады. Әрине, адамның көңіл күйі, жалпы айтқанда сезімі оның қажеттілігіне, қызығуына, алдына қойған мақсатына байланысты екендігі мәлім. Бірақ сезімнің өзі мінез бітістерінің қалыптасуына арқау бола алады. Адамдағы күшті-моральдық сезімдер адамның адамшершілік қасиетін, отан илдындағы борышын ақтаудағы шынайы қатынасын білдіреді.

Интеллектілік сезім адам мінезіндегі тындырымдылықты, ұқыптылықты, байымдылықты білдіретіні сөзсіз.

Ал эстетикалық сезім болса, адам мінезіндегі жібектей жұмсақ катынастың нәтижесінде қалыптасқан бауырмашылдықты, сұлулықтың, көркемдіктің терең сырын анықтаудағы талғампаздықты дамытады.

Мінез ерекшеліктері адам темпераментінің табиғатына да тікелей тәуелді болады. Адам темпераменті жоғары нерв қызметінің типтік ерекшіліктеріне байланысты төрт тұрге бөлінеді:

1) Сангвиник - қимыл-әрекеті тез, көңіл күйі тез-тез өзгеріп тұратын, ақ көңілді, ақжарқын адам. Сангвинктің ішкі сыртқы көрінісінен: мимикасынан, пантомимикасынан анық байқалады. Сангвиник бала тиісті тәрбие әсерлерін алмаса, бір жұмысты бастап, аяғына дейін орындауға шыдамы жетпей, басқа жұмысқа ауысып кететін тұрақсыз, ұшқалық болып өседі. Жақсы тәрбиелеу нәтижесінде сангвиник бала кеңіліне кір сақтамайтын ақпейілді, шыншыл адам болып өседі.

2) Холерик - қимыл әрекеті тез, төзімді, сыртқы тітіркендіргіштерге жылдам реакция бере алатын, жүйесінің ерекшілігіне қараганда тежеуден қозуы басым ұстамсыз типтегі адам. Холерик темпераментіндегі бала тәрбиеленбей, өз бетінше өссе, мінез ерекшелігінде өркөкіректік, менмендік, шыдамсыздық, жеңілдік сияқты жарамсыз қылықтар байқалады. Тиісті тәрбие беру нәтижесінде холерик өте алғыр, іс- әрекетінде өз мақсатына жету үшін шапшаң шешім қабылдай алатын, ойы ұшқыр, таусылмас күші иесі болып қалыптасады.

3) Флегматик - қимыл-әрекеті баяу, кездескен қиыншылыққа төзімді, көпшілік ішінде ұстамдылығын байқата алатын сабырлы, байсалды адам. Әрине, тиісті тәрбие берілмесе флегматик бала өзбетінше дербес әрекет етуге батылы бармайтын, тәуекелінен гөрі уайымы басым, іс-әркетінде сылбырлықты байқататын адам болып өседі. Жақсы тәрбиелеу нәтижесінде флегматик бала бастаған жұмысын ыждаһаттықпен аяқтайтын, шыдамды, сабырлы адам болып өседі.

4) Меланхолик - сыртқы көрінісінен көңіл күйін білдіре қоймайтын, қимыл-әрекеті баяу, байсалды, шыдамды адам. Тиімді тәрбие берілмесе, меланхолик темпераментіндегі бала жалқау, уайымшыл, өмірге бейімсіз болып өседі. Ал тиісті тәрбие төзіне салуға байланысты меланхолик бала өте сабырлы, төзімід мінез көрсетеді.

Демек, мінез бітістерінің қалыптасуы адамға әсер ететін барлық нәрселерге байланысты екендігін олардың күрделі құрамынан байқадық.

ҚОРЫТЫНДЫ


Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе отбасындагы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындагы ерлі-зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, сыйласуы, жанұя қажеттілігінен туған мәселелерді ақылдаса отырып, шешуі бала мінөзіне жағымды әсер етеді. Мысалы, ретінде Қызылқүм ауданында қарасты «Арыс» ауылының тұрғыны ерлі-зайыпты Жұмаш пен Зүбайраның келтіруге болады. Осындай қарапайым жанұя өз балдарына адал еңбегімен адамгершілікті, саналылықты үйретуде. Жанұя мүшелерінің адамгершілік қасиеттері олардың тұрмыс құру жағдайларынан да айқын көрінеді. Әрине, таза, мәдениетті, тұрмыс жас ұрпақтарда адалдықты шыншылдықты қалыптастырады. Бірақ бізде барлық ата-ана бірдей емес. Сырт көрінісінен қарағанда тұрмыста таза, мәдениетті болып көрінген кейбір кісілердің ішкі дүниесінде бықсып жатқан жарамсыз қылықтар табылады. Ондай қылықтар жас балаға тез әсер етеді.

Баланы тәрбиелеу тек сөз, ақыл айту арқылы ғана емес, әрбір ересек ісінің қимылынан, іс-әрекетінен, қызметінен байқалып тұрған жөн. С.Макаренконың «балаға тәрбие беру үшін тек үгіт пен ақыл жеткіліксіз. Егер сіз өзіңіз мақтаншақ болсаңыз, жолдасыңызды сөксеңіз, сіздің балаға айтқан үгітіңіз, ақылыңыз түкке де керек емес» - деген сөздерін әсте естен шығармау керек.

Бала мінезі көпшілік жағдайда әке-шешесінің мінөзіне өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап кейбір ата-аналар мінез тума қасиетке ие емес іе екен деген ойға келеді.

Психология ғылымы мінез ортаның, оқыту, тәрбиелеу процестерінің әсерімен қалыптасатын жеке кісідегі дара ерекшелік деп түсіндіреді. Академик И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі туралы ілімінде мінез ерекшеліктері емес, нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктері, нышандардың ғана тума қасиетке ие екендігі дәлелденген. Демек, мінез бірден қалыптаспайтын, өмір тәжірибесіне қарай оқыту, тәрбиелей нәтижесінде бір жүйеге келетін күрделі психикалық құбылыс.

Баланың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда жанұядағы еңбек тәрбиесі айырықша орын алады. Еңбектің барлық тұрі баланы қызықтыра бермейді. Сол үшін балаға тапсыратын жұмыстар олар ойнайтын ойындардың мазмұнына қарайлас болғаны абзал.

Ал бала мектептепке барғаннан кейін оқу-тәрбие процесінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбилеуде ең негізгі тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті бірінші, екінші сынып оқушылары мұғалімнің айтқанын өз ата- аналарының айтқандарынан да артық көреді. «Ия, бізге апай былай деген», «Біздің апай осылай үйреткен» деген сияқты сөздерді шын ықыласпен айтады. Демек оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде мұғалімнің білімділігі, мәдениеттілігі, ұстамдылығы, тапқырлығы, байсалдылығы ең негізгі фактор болып саналады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.

2. Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.

4. Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.

5. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.

6. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп, 1973

7. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.

8. Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.

9. Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.

10. Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет