Комплемент жүйесі
Лизоцимді 1909 жылы П.Л. Лащенко ашқан, ал 1922 жылы А.Флеминг таза күйінде алып зерттеген. Лизоцим ағзаның табиғи төзімділігінде ерекше зор орын алады. Лизоцим дегеніміз протеолитикалық мурамидаза ферменті молекулалық салмағы 14-16 КДа. Макрофагтар, нейтрофильдер және де басқа фагоциттермен синтезделіп ағза ұлпасының сұйықтығына үнемі дарып отырады. Лизоцимді қаннан, лимфадан, көз жасынан, омырау сүтінен, ұрық сұйықтығынан, жыныс-зәр және ас қорыту жүйесінен, ми ұлпасынан табуга болады. Лизоцим тек қана ми-жұлын сұйықтығында және көз алмасының алдыңғы кеңістігінде болмайды. Ағзада бір тәулікте бірнеше грамм лизоцим бөлініп шығарылады.
Лизоцимнің синтезделу процесі бұзылса, онда органимнің бөгде затқа төзімділігі әлсipейді. Соның себептерінен организм ісік және жұқпалы ауруларға шалдығуға икем болады.
Лизоцим
Интерферон иммундық жүйенің маңызды акуыздарының қатарына жатады. Ол 1957 жылы ашылған. А.Аизекс және Ж.Линдеман вирустардың интерференция көрнісін зертеу кезінде (лат.inter- аралық және ferens- тасмалдаушы) төменгідей кұбылысты байқаган. Жануарға не жасуша өсіндісіне вирустың бір түрімен жұктырған кезде, оларда вирустың екінші түрін жұктырмауға төзімділік пайда болады. Бұл көріністің негізінде вирустан корғайтын сипаты бар акуыз синтезделінеті анықталған. Бұл акуыз түрі интерферон деп аталған еді. Қазіргі кезде интерферон кұрылысы жанжақты зерттелген, және де ол медицина тәжірибесінде емдеу, немесе аурудың алдын алу үшін кең қолданылады. Интерферон акуыз, химиялық құрамы гликопротеид, молекулалық салмағы 15-70 КДА-ға дейінгі тұқымдастыққа жататын зат. Ол иммундық жүйенің және дәнекерлеу ұлпасының жасушаларымен синтезделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |