Б.М.Теплов бойынша (қабілет көрсеткіші) Қабілет –бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелігі. Қабілет- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. Қабілеттер дамуының табиғи негізгі болған мидың құрылысы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анотомия – физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады.