Абилова Замзагуль Куанышевна Мұғалім портфолиосы В2 есебі 1-топ 3-деңгей



бет5/5
Дата20.05.2020
өлшемі252 Kb.
#69930
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
бір сабақ бойынша рефл. есеп

Рефлексия.

Сабақтың рефлексиясында мен оқушылармен кері байланыс жасау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау әдісін пайдаландым. Алдын ала оқушыларға бұл бағалау әдісі қалай орындалатынын түсіндіріп өттім. Сабақ аяқталған соң кері байланысты оқыған кезімде, оқушылардың көбісі «бірінші жұлдызға» -сабақ жаңа әдіспен өтті, «екінші жұлдызға»- сабақта әр түрлі тапсырмалар орындалды, ал бір тілекке – қоңырау тез соғылды деп жазғандарын байқадым. Сонымен қатар рефлексияда біз ББҮ кестесін оқып, талдап шықтық.

Бағалау.

Бағалау кезеңінде сабақтың басында топ көшбасшыларына таратылған бағалау парақтары жинап алдым. Сонда қойылған бағаларды жинақтап сабақтың қорытынды бағасын әр оқушыға жеке-жеке қойып шықтым. Топ көшбасшылары кей жерлерде кластасының бағасын тым әсірелеп жіберген сияқты болып көрінді. Сол кезде мен оларға: « неге мына тапсырмада Алинада жұлдызша тұр, бұл тапсырманы орындау барысында мен Алинаның ашылғанын байқамадым?» деген сұрақ қойдым. Алина болған топтың көшбасшысы Назгүл бұлай бағалауының себебі неде екенін айтып, бағаның дұрыс қойылғанын дәлелдеп шықты. Әрине, бұл сұрақты қоюымның мақсаты да сол болатын, топ көшбасшыларын сөйлету, әділ баға беруге үйрету, өз ойларын дәлелдеп шыға білу. Күнделіктеріне баға қойылған соң, оқушылар өздерін «Өзін –өзі бағалау экранында» смайликтер арқылы бағалап шықты. Бірінші бағанға сабақтағы көңіл күйлерін білдірсе, екінші бағанға сол күнгі алған білімдерінің қаншалықты түсінгендерін көрсетті.

Жалпы айтқанда сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Сабақта қолданылған көптеген элементтер балалар үшін жаңашылдық болып табылды. Сабаққа қатысқан мұғалімдер де осы Кембридж бағдарламасының негізгі идеясы мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін тиімді екенін байқады. Бір ғана қиындық тудырған жай, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын нақты жеткізе алмайтындарында болды. Бірақ мен бұл тіл тосқауылын жеңу үшін өзімнің алдыма нақты міндеттер қойып отырмын. Сабақ барысында өзге ұлт өкілдерінің балаларымен көбірек ауызша сөйлесіп, тілдерін жаттықтыру керек деген ойдамын. Сабқ аяқталған соң мен оқушыларыма мынадай бір қызықты оқиғаны айтып бердім: «Бір орыстың сары баласы қазақ тілінде таза сөйлеп, өз ойын еркін жеткізе біледі екен дейді-міс. Содан бір күні қазақтың қара баласы «Қазақ тілінде бұлай еркін сөйлеп, өз ойыңды нақты жеткізе алатыныңды білмеппін. Қазақ тілін қалай меңгердің?» деп сұрапты. Сонда орыс бала былай деп жауап қайтарыпты: «Мен Қазақстанда тұрып мемлекеттік тілді білмегенім ұят нәрсе. Бір күні ұзақ ойландым. Сосын мынадай шешімге келдім. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн бар. Егер күніне мен бір сөзден жаттап отырсам,тбір жылда мен 365 сөзді меңгеремін. Міне осылайша қазақ тілін еркін меңгеріп кеттім». Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз «45 қара сөзінің» біреуінде былай деген екен: «Мен бұны не үшін жаздым? Келер ұрпақ керектісін алсын, керек емесі өзіме қалсын». Осы сөздерді есіме түсіріп, мен де айтылған әңгімеден оқушыларым өздеріне керектісін алар, керек емесін ұмытар деген ойда болдым.

Бұл сабағымда не сәтті өтті? Оқушылардың өз беттерімен дайындаған таныстырылымдары өте керемет болды. Сабақта не жақсы болды? Оқушылар ең алдымен топтық жұмыс жасауды үйренді. Бірін – бірі сыйлап, бір- бірінің ойларын тыңдай білді. Топтық жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты мүмкіндігінше өз беттерімен меңгерді. Өздері оқи отыра, өзгені оқытты. Барлық дайындалған тапсырмаларда белсенділік таныта білді. Мен сабақ барысында қандай мықты жақтарға сүйендім? Екі топта да кластың көшбасшылары болды. Олар тобындағы өзінен білім деңгейі төменірек оқушыға қолдау көрсетті. Олардың білмегендерін үйретіп, деңгейлеріне қарап тапсырмалар беріп, алға қарай жетелеп отырды. Таныстырылымдарын қорғау барысында тек қана өздері сөйлеп қоймай, жанындағы балаға да ойын жеткізуге мүмкіндік берді. Болашақта мен нені дамытуым керек? Кембридж бағдарламсының негізгі мақсаттарының бірі – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез –келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады [1.6]. Осы мақсатқа жету үшін мен ең алдымен жоғарыда аталып кеткен тіл тосқауылын өзге ұлт өкілдерінің балалары үшін тигізетін кері әсерін жеңуім керек. Бұл үшін алдымен сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс жерде де аталмыш оқушылардың сөздік қорларын толықтырып отыруым керек. Нені өзгертуім керек? Бұл Бағдарламамен сабақ өткізуіміз бірінші рет болғасын ба оқушылардың бойында бір қобалжу болды. Алдағы уақытта осы қобалжуды жоққа шығаруым қажет.



Жалпы айтқанда тәжірибеме жұмсалған уақытым зая кеткен жоқ. Өте жоғары деңгейде өтті деп сеніммен айта аламын. Алдыма қойған мақсат – міндеттеріме жеттім. Балалар мен сабақтан күткен нәтижелерім орындалды. Оқушыларыма бұл әдіспен сабақтың өтуі ұнады, кейбір оқушыларым үшін ашылуларына мүмкіндік туды. Және де бұл мүмкіндіктерін олар ұтымды пайдалана білді. Алла қаласа, болашақта емтиханды жақсыға тапсырып, осы Кембридж бағдарламасы бойынша жұмыс жасап, табысты нәтижелерге жетемін деген ниеттемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей, үшінші басылым).

  2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

  3. «Абай Құнанбаевтың қара сөздер жинағы».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет