Цитокиндертобына жататын интерферондар вируска қарсы, иммуностимуляторлық жэне антипролиферативті әсер көрсетеді. а-, Р-және ү-интерферондарды ажыратады. Иммунитетке өте айқын реттегіш әсер көрсететін ү- интерферон. Интерферондардың иммунотропты әсері макрофагтардың, Т-лимфоциттердің және табиғи киллер-жасушалардың белсекденуімен көрінеді. Адамның донорлык канынан алынган табиғи интерферон препараттары (интерферон, интерлок), рекомбинанатты интерферондар (реаферон, интрон-А, бетаферон) шыгарылады. Оларды біркатар вирустық инфекцияларды емдеуде (мысалы, тұмауды, гепатитті; 30 тарауды кара) және де кейбір қатерлі ісік ауруларында (миеломада, В-жасушадан дамыған лимфомада) қолданады.
Сонымен катар, иммуностимуляторлар ретінде эндогенді интерферондар өндірілуін жоғарылататын интерфероногендер де (мысалы, п о л у д а н, продигиозан) колданылады.
Иммуностимуляторлар ретінде кейбір интерлейкиндерді мысалы, рекомбинантты интерлейки н-2-ні колданады.
Б ЦЖ-ны туберкулезге карсы егу үшін (вакцинация) колданады. Қазіргі уақытта препаратты біркатар катерлі ісіктерді кешенді емдеуде колданады. БЦЖ макрофагтарды, Т-лимфоциттерді ынталандырады. Жедел миелоидты лейкемияда, лимфоманың кейбір түрлерінде (Ходжкин лимфомасына жатпайтын), ішектің және кеуде бездерінің обырында, қуыктыц беткейлі рагінде шамалы оң әсер байкалган.
Синтетикалык препараттардын бірі левамизол (декарис). Гидрохлорид түрінде колданылады. Оның ішек кұрттарына карсы айкын белсенділігі (33 тарауды кара) және иммуностимуляторлык эсері бар. Соңгысының механизмі толык түсініксіз. Левамизол макрофагтарды, Т-лимфоциттерді ынталандырады деген мәлімет бар. Ол антидене өндірілуін өзгертпейді. Левамизолдың негізгі әсері жасушалык иммунитетті калыпка келтіру болып табылады. Оны иммундык тапшылык жагдайларда, кейбір созылмалы инфекцияларда, ревматоидты артритте, біркатар ісіктерде колданады.
Левамизолды арнайы эсер кәрсететін препараттармен жұптастырып тагайындайды. Ішке енгізеді. Бір мэрте енгізгенде жанама әсерлері мүлдем байкалмайды. Левамизолды кайталап енгізгенде, әсіресе мөлшері үлкен болса, әртүрлі жанама әсерлер дамиды, соның ішінде ауыр аскынулар. Мысалы, айкын аллергиялык реакциялар (бөртпе, қызба, стоматит), қан жасаудың тежелуі (нейтропения, агранулоцитоз) болуы мүмкін. Сонымен катар, неврологиялык бұзылыстар (қозу, ұйкысыздық, бастың ауыруыы, бастын айналуыы) және диспепсиялық кұбылыстар (локсу, кұсу, диарея) байкалады. Қан жасаудынтежелуіне байланысты левамизолды бірнеше рет енгізгенде шеткі қан көрінісін бақылап тұру кажет.
Полиоксодоний мен имунофаннын да иммуностимуляторлық қасиеті бар.
488