4 АЛМА КӨШЕТТІКТЕРІНДЕГІ ДОМИНАНТТЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл бөлімде алма көшеттерінің әртүрлі өсу сатысында жаппай кездесетін
және маманданған зиянкес бөжектердің әртүрлі
туыстасына жататын зиянкес
түрлерінің жіктелу жүйесі таралуы, қысқаша
морфологиясы және зерттеу
жылдары алынған био-экологиялық ерекшеліктері келтіріледі.
4.1Теңқанаттылар отряды (Homoptera)
Дене пішіні әр түрлі ұсақ, ірі бөжектер.
Басы қиғаш маңдайлы,
гипогнатикалық немесе опистогнатикалық болып орналасқан. Күрлелі
көздері
әр түрлі дәрежеде дамыған.
Қанаттары екі жұп біртекті, жалаңаш жарғақты.
Олар тыныштық күйінде арқасына шатыр тәрізді жиналады. Теңқанаттылар
шала түрленіп дамиды және біраз түрлері
партеногенетикалық жолмен
көбейеді. Теңқанаттылар отряды 5 отряд тармағына: цикадалылар (Cicadinea),
бітелер (Aphidinea), кокцидалар (Coccinea), жапырақ бүргелеріне (Psyllinea)
бөлінеді. 30000-нан астам түрі белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: