Өсімдіктерді химиялық қорғау
- өсімдіктерді химиялық құралдар
көмегімен зиянды организмдерден қорғау. Химиялық шаралардың мәні -
өсімдіктерді қорғау үшін түрлі химиялық заттар қолдануда, олар пестицидтер
деп аталады.
Өсімдіктерді химиялық қорғауды қолданудың негізгі тәсілдері мыналар
болып табылады: бүрку, фумигация, аэрозольды өңдеу, тұқымды егу алды
өңдеу және аз дәрежеде дәрі себу, зиянкестерді қызықтыратын уланған жем
қолдану.
Пестицид (улы химикат)
-
зиянды организмдерге қарсы күрес үшін,
өсімдіктерді зақымдаушы, ауыл шаруашылығы өнімдерін, материалдарды,
бұйымдардың бүлінуін тудыратын және де сондай-ақ, паразиттер және адам
мен жануарлар аурулары қоздырғыштарын тасушылармен күресу үшін
пайдаланылатын химиялық зат.
Достарыңызбен бөлісу: |