Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫҚ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет19/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫҚ ТҮСІНІК

Бекбаева Т.А.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ.

T.A.Bekbaeva@mail.ru

Дүние  жүзінде  өмір  сүріп  отырған  жүздеген  халықтар 

тәрізді  қазақ  халқы  да  қоғамдық  дамудың  бірнеше  сатыларын 

басынан кешірді. Осы кезеңдер тұсында қазақ халқының да өз 

алдында  қоғамдық  –  философиялық  ой-пікірлері  қалыптасып, 

бай  рухани  мұралары  мен  ұлттық  сана  –  сезімі  жас  ұрпақ 

тәрбиесінде  ерекше  рөл  атқарды.  Бүгінгі  таңда  Қазақстан 

әртүрлі  діндердің  тоғысқан  жері  және  мұны  қалыпты  жағдай 

етіп  қабылдады,  оны  басқа  этностар  мен  халықтардың  қажеті 

үшін  деп  түсінді.  Егеменді  Қазақстан  үшін  толеранттық 

дегеніміз  саяси  мәдениеттің  нормасы  ғана  емес,  мемлекеттік 

саясаттың негізгі принципі болды. 

Қазақстандық  толеранттық  саясат  басынан  сыртқы 

өлшемдер  негізінде  айқындалады.  Осы  себепті  Қазақстанның 

саясаты  толеранттық  мәселеде  үлгілі,  түсінікті  және  ерікті 

68



болып  табылады.  Осы  тұрғыда  Қазақстан  мұсылмандық  және 

Батыс  әлемі  арасындағы  өркениеттің  үйлестірушісі,  дұрыс 

ымыраға  келтірудің  жолын  меңзейді.  Толеранттық  деген  сөз 

философиялық  энциклопедияда  латын  тілінен  аударғанда 

төзімділік,  қандайда  бір  көзқарас  әдетке  түсінушілікпен  қарау 

немесе  сол  қалпында  қабылдау,  онымен  келісу  деген 

мағынаны білдіреді.

Қазақстандық  толеранттық  моделі  Еуразиялық  одақ 

көлеміндегі  бейімделуге  тән.  «Қазақстан  Бүкіл  Еуразиялық 

одаққа  төрағалық  ете  отырып  толеранттық  идеяларды 

жандандыруға  өзіндік  ерекшелік  беруге    мүмкіндігі  бар  ел, 

әлемдік 


этникалық 

аралықта 

конфессионалды 

келісім 


аралығында 

ұйымдастырудың 

барлық 

қауымдастығында 

келісілгендей»  - деп    Н.Ә.Назарбаев  айтқан.  Қазақстандық 

толеранттық  модель  өз  ерекшелігімен  дараланады,  мұның 

элементтері 

басқа 


еуразиялық  одақ  көлеміндегі  басқа 

мемлекеттердің 

спецификасының 

талаптарына 

сәйкестендірілуі нәтижесінде жетістікке қол жеткізе алады. Бұл 

модельдің  негізі  етіп  қазақ  халқының  көп  ғасырлық  тарихында 

толеранттық 

түсінік 


қонақжайлық, 

басқа 


халықтардың 

мәдениетін,  дінін  құрметтеу  болып  табылады.  Бұл  әртүрлі 

этностардың  арасындағы  қарым-қатынаста,  әлемдік  топтар 

арасында,  басқа  адамдар  мәдениетіндегі  позитивтік  іс-

әрекеттер,  ұлттық,  діни  немесе  әлеуметтік  ортаға  төзе  білу, 

оған  бейімделу  немесе  онымен  келісу  арқылы  бір  позицины 

ұстануға психологиялық дайындық.

Әр    түрлі  мәдениет  пен  дәстүрлердің  жиынтығы  бізге 

Еуропа  мен  Азия  мәдениетінің  үлгілі  табыстарын  сіңіруге 

жағдай  жасайды,  экономикалық  талабы  ұжымдық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  қажеттілігі  бізді  жақындасуға  міндеттейді. 

Ынтымақтастық  сонымен  бірге  адамдардың  қалыпты  өмір 

сүруі,  оларды  әлеуметтік  қорғаудың  кепілі,  еріксізден  туатын 

қоныс  аударуды  болдырмау,  кең  ауқымды  бағдарламаларды 

іске асыру үшін қажет [1:27].

Толеранттық байланыс әсіресе, әртүрлі халықтар, ұлттар 

және  діндер  ерекшелігін  түсіну  үшін  қажет.  Бұл  адамның өзіне 

сенімді  болуына  өзіндік  танымындағы  ұстанған  көзқарасына 

сенімді  болуына,  өз  идеяларына  берік  болуына,  басқа 

көзқарастармен  өз  ойын  таластырып,  рухани  нақтылығын 

дәлелдеуде 

жалтақтаушылықты 

болдырмайды. 

«Толерантттық»  деген  сөз  көптеген  тілдерде  бір  мағынаны 

білдіреді:  ағылшын  тілінде  -  төзімділікке  дайын  болу;  француз 

тілінде- қарым-қатынас, яғни адам ойлайды және солай істейді; 

69



қытай  тілінде-басқалармен  қарым-қатынаста  ұлағатты  болу; 

араб  тілінде-жанашыр,  төзімді,  жылы  қабақ  таныту;  орыс 

тілінде- бар нәрсені сол қалпында қабылдау. 

ЮНЕСКО  ұйымымен  толеранттық  принцип  негіздері 

туралы  декларацияның  қабылдануы,  қарым-қатынас  түзілуін 

түсігуне  мүмкіндік  береді.    Бұл  қоғамға  қажет  болғандықтан 

көтерілген мәселе және 16 қараша «Халықаралық толеранттық 

күн»  деп  аталды.  1999  жылы  13  желтоқсанда  Ресей 

толеранттық  түсініктің  санадағы  түрлерін  нақтылау  туралы  іс-

шаралардың  жоспарын  құруды  қоғамға  қажет  деп  білді. 

Толеранттық  қозғалыстың  түрлерін  бір  қалыпқа  келтіріп 

алмайынша  өркениетті  қоғам  құру  мүмкін  емес.  Толеранттық 

түсінік  танытудың  бірнеше  бағыттары  бар:  саяси толеранттық-

басқа  саяси  көзқарастағы  адамдарға  түсінушілік,  төзімділік 

таныту, 

саяси 


позияцияларды 

құрметтеу, 

өздерінің 

бағыттарында  құқықты  мойындау.  Ғылыми  толеранттылық-

ғылымдағы  басқа  көзқарастарға  төзімділік  таныту,  ғылыми 

мектептер  мен  әртүрлі  теориялардың  болуын  мойындау. 

Педагогикалық 

толеранттық-өз 

оқушылырына, 

балаларына  түсінушілікпен  қарау,  олардың  кейбір  олқы 

қылықтарын  кешіре  білу.  Әкімшілік толеранттық, қандай да бір 

ортаның  ұжымын  басып  жаныштаусыз,  агрессиясыз  басқару. 

Бұдан  басқа  психологиялық  толеранттық  мәселе  көтерілді. 

Онда  толеранттық  дегеніміз-бұл  биологиялық  әлеуметтік  жүйе 

ерекшеліктері, 

басқа 


жүйе 

элементтерін 

қабылдау; 

әлеуметтану толеранттығы дегеніміз - «мәдени» бағыт, ондағы 

өз  тобына түсінушілікпен қарау негізгі және өзіндік этномәдени 

құндылықтарды құрметтеу, ұстану, соған жоғары мән беру. 

ЮНЕСКО  ұйымымен  бекітілген  толеранттық  принцптер 

Деклорациясындағы толеранттық - бұл жақсылық тілеуші, әлем 

жетістіктерін 

мойындау 

және 

соғыс 


мәдениетін 

әлем 


мәдениетімен  алмастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  тұжырым 

әлем  мәдениетінің  көптүрлілігін  мойындауға,  әртүрлі  көзқарас 

формаларын  және  адамның  жеке  қабілеттілігін  көрсетуге 

мүмкіндік беруге жол ашады.

Кеңес  империясы  билік  құрған  жылдары  қазақ  тілінде 

жұмысшы  кәсібінің  өнеркәсіп  салаларының  қыр  –  сырын 

меңгеріп, мамандық алу қиынға соқты. Себебі, қазақ халқының 

оннан 


жеті  бөлігі  ауылда  тұрып,  ата  кәсібі  –  мал 

шаруашылығымен 

айналысты. 

Жоғары 


билік 

тұтқасын 

ұстағандар 

жұмысшы 


кадрлар 

зәрулігін 

желеу 

етіп, 


мамандарды  Кеңес  Одағының  түпкір  –  түпкірнен  әкелді. 

Жергілікті  халықтан  маман  даярлауда  мүдделілік  болмай, 

70



бұрынғы  патшалық  кезеңдегідей  шовинистік  сипаттағы  саясат 

іске  асырылды.  Отарлаушы  елдің  мүддесіне  сай,  патша 

үкіметінің  жергілікті  әкімшілігінің  қаржатына  және  солардың 

тікелей  бақылауымен  қазақ  халқы  үшін  өмірлік  маңызы  аса 

үлкен  салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыптарға  бір  жылдары  ерекше 

көңіл  бөліп,  қалған  жылдары  ұмыт  қалдыруы  сол  үкіметтің 

жергілікті  жерде  жүргізіліп  отырған  саясатымен  байланысты 

екені анық. 

Қазақстан  патшалық  Ресей,  одан  кейін  Кеңес  империясы 

құрамында 

болды,  бұл  жүйе  қазақ  халқының  ұлттық 

ерекшелігінің 

дамуына 

өзіндік 


әсер 

етті. 


Одақтас 

15 


республикалардың 

жерлерінде 

біртұтас 

экономикалық 

шаруашылық  жүйе  қалыптасты.  Халықтар  бір  мемлекеттің 

құрамында  өзара  тығыз  топтаса  түсті.  Алайда,  XX  ғ.  соңында 

Кеңес  Одағы  ыдырады,  оның  құрамындағы  бұрынғы  одақтас 

республикалар 

егемендігін 

алып, 


тәуелсіз 

мемлекеттер 

атанды.  Бұл  республикалардың    осы  тәуелсіздігін  алу  кезеңі 

олардың 


барлығының 

саяси, 


экономикалық, 

әлеуметтік 

ұлтаралық, мәдени қарым – қатынастарында уақытша болса да 

елеулі  қиындықтар  тудырды.  Ондаған,  тіпті,  жүздеген  жылдар 

бойы  қалыптасқан  экономикалық  бірлестік  халықтардың, 

ұлттардың 

Ресей 

империясы 



мен 

Кеңес 


аумағында 

қоныстанған  халықтар  тәуелсіздік  кезеңінің  басталуына  орай, 

олардың  көпшілігі  өздерінің  тарихи  отандарына  қайтуға  тілек 

білдіруі,  ұлтаралық  жағдайларды  шешу жолында негізгі міндет 

етіп қойылды.

Қоғамда 


азаматтардың 

саяси 


белсенділігі, 

саяси 


мәдениеті 

мен 


дүниетанымының 

әрқалай 


болғанына 

қарамастан  саясатты,  билікті  және  мемлекетті  жасаушы  және 

олардың  қорғаушы  күші  жеке  адам.  Саяси  құбылыс  ретінде 

жеке  адамның  әлеуметтік  көзқарастары,  психологиясы  саяси 

процессте  маңызды  фактор  болып  табылады.  Қоғамдық саяси 

саланың  жетілуі,  оның  қоғамдық  жаңару  талаптарына  жауап 

беруі  мемлекеттің  саяси  ауқымының  өркениет  жолымен 

дамуының  кепілі  болып  табылады.  Түрлі  әлеуметтік  топтар, 

халықтар мен мемлекеттер жеке адамның әсіресе, саяси тарих 

пен  тәжірибе  осыны  ұдайы  дәлелдеп  келеді.  Бұл  ретте 

«адамзаттың  тарихын  жасайтын  жеке  адам»  деген  қағида 

әбден  орынды.  Халықтардың  ғасырлар  бойы  қойнауынан 

жалғасып  келе  жатқан  әдет  –  ғұрып  дағдылары  мен  адамзат 

дамуында  талай  дәуірлер  сынынан  өткен  әдет  нормаларының 

озық  дәстүрлерін  бойына  жинақтайды.  Біздің  халқымыздың 

әдепті  де  сыйластық  қарым-  қатынастарға  ежелден  –  ақ  көңіл 

71



бөлетіндігі  баршамызға  белгілі.  Халқымыз  ұсынған  тәлім  –

тәрбие  қонақжайлылық,  үлкенді  құрметтеу,  бауырмалдыққа 

меңзейді. 

Қазақ 


халқының 

мәдениетінің 

ел 

дамуындағы 



толеранттық түсінік әлеуметтік экономикалық процесінің рухани 

мәдениетпен  тығыз  байланыстылығын,  мәдени  революция, 

рухани  мұра,  мәдениеттің  қоғамдық  –  тарихи  процестегі  рөлін 

терең  теориялық  тұрғыдан  негіздеуге  үлкен  бетбұрыс  жасады 

[2:101].  Ұлттық  салттар  мен  дәстүрлердің,  әдет-ғұрыптардың 

заманға  сай  ұрпақтарымыз  өркендетер  өрнектерін  халық 

жоғары бағалайды. «Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар» деп 

халық  ең  озық  дәстүрлерді  дәріптеп,  ұрпақтан  –  ұрпаққа  мұра 

етіп қалдыруда. Әдемі әдет, әсем деп, аталық дәстүр, рабайлы 

рәсім  бәрі  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  халық  педогогикасы, 

адамгершілікке  толы  үлгі  –  өнегелер.  Қай  халық  болмасын  өз 

ұрпағын  биік  белестерден  көргісі  келетіні  түсінікті.  Бүгінгі 

жеткіншектердің азамат болып қалыптасуы оның туған ұясына, 

өскен  ортасына,  оқыған,  көрген  тәрбиесіне  байланысты  екенді 

дәлелдеуді қажет етпеуі керек.

Жаңа  тұлғаны  еңбекке  баулуда,  оның  өзіндік  табиғатын 

танып  білу,  барлық  психологиялық  мүмкіндіктерін  дамыту, 

еңбегінің ішкі заңдылығын, қажеттілігін, оның себеп – салдарын 

білуде  негізгі  қағида  болуы  тиіс.  Еңбек  әрекеті  материялдық 

өндірістің,  қоғамның,  адам  санасының  қалыптасуы  мен 

дамуының  негізі.  Сондықтан  адамның  жеке  көзқарасының 

ерекшелігі  мен  маңыздылығы  тарихи  философия  ғылымында 

қалыптасқан ой – пікірлермен тығыз байланыстырыла отырып, 

логикалық негізде қарастырылу қажет. 

Қазақ  қоғамында  орын  алған  адамдардың  әртүрлі 

көзқарастарын,  қарым-қатынасын  әр  дәуірдің  философиялық 

жүйелерін талдай отырып, оған жаңа әдіснамалық тұрғыдан көз 

салу  үрдісін  дамытуымыз  қажет.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  қазақ 

қоғамындағы  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсету  тәрбие 

негізінде 

қалыптасқан 

сыйласымдылық, 

рухани  байлық, 

кіршіксіз  мораль  мен  күш  –  қуатының  толысуын  өз  бойына 

жарасымды 

етіп 


жинаған 

жаңа 


адамның 

тәрбиеленіп 

шығатыны сөзсіз.

Н.Ә.  Назарбаев  өз  еңбегінде:  «Қазақстандағы  ұлтаралық 

тұрақтылықтың  айқындаушы  шарты  –  әртүрлі  ұлыстардың 

шыдамдылық  танытуға,  бірін  –  бірі  тыңдауға,  осынау  ұлы 

мақсат жолында өзара ымыраластыққа деген ниеті және соған 

әзір  болуы  керек.  Кез-келген,  тіпті  ең  керемет  деген 

идеялардың  өзі,  егер  оларды  жүзеге  асыру  үшін  адам  қанын, 

72



көз  жасы  мен  тақсіретін  талап  етсе,  оның  көк  тиындық  құны 

болмайды.  Біз  адамдардың  өз  ұлттық  мәдени  қайнарларынан 

сусындауына,  балалары  мен  немерелерін  өз  халықтарының 

сан  ғасырлық  дәстүрлері  рухында  тәрбиеленуіне  ұмтылысын 

барынша  қолдаймыз.  Бірақ  біз  қандай  бүркенішке  оранса  да, 

жікшілдік  пен  ұлтшыл-шовинизмнің  кез-келген  көріністеріне 

тойтарыс  беріп  келдік  және  тойтарыс  береміз.  Қазақстан 

ұлтаралық  араздықтың  майданына  ешқашан  да  айналмауы 

тиіс.  Біз  бұған  жол  бермейміз»  [3:121]  - деп  басып  айтты.  Бұл 

Қазақстан  халықтары  арасында  бір-біріне  түсінушілік  қашанда 

танытылатыны,  қазақ  қоғамында  толеранттық  түсінік  елдегі 

жүргізіліп отырған саясаттың назарынан тыс қалмағандығының 

дәлелі.  

Кеңес  үкіметі  тқсында  Қазақстанға  Ресейден  көшіріліп 

әкелінген  басқа  ұлттардың  тауқыметін  жергілікті  халық,  яғни 

қазақтар  көтергендігі,  қазақ  халқының  өзге  ұлттарға  деген 

түсінушілігінде.Қазақ  халқа  тіптен  осы  ұлттармен  бауырмыз 

деп , өзге ұлттар үшін республикада аралас мектептерді көптеп 

ашып, нәтижесінде бұл қазақ тілінің тұрмыстық тілге айналуына 

себеп болды. Бірте-бірте жергілікті қазақ халқы сыртта тек қана 

орыс  тілінде  сөйлей  бастағанын  байқамайтын  болды.  Бұл 

Қазақстанда 70 жыл бойы қалыпты жағдайға айналды.

Қазақ  қоғамындағы  толеранттық  түсініктің  әртүрлілігін 

Қазақстандағы 

этникалық 

үрдістерді 

демократиялауда, 

этносаралық  татулықтың  сақталуынан  көруге  болады.  Адам 

түниетанымы, мақсаты мен іс-әрекеті оның жеке өмірімен қоса 

жалпы  халықты  және    мемлекеттік  мүдделерге  қызмет  етеді. 

Қазақ  қоғамындағы  толеранттық  түсініктің  мақсаты  халыққа 

дұрыс тәрбие беру жолында қызмет ету болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет