Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет75/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бижанова Г.Х.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 

магистранты, 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты, Арқалық қаласы

Bizhanova81@bk.ru

Тәуелсіздік  алғалы қоғамымыз айтарлықтай үздіксіз даму 

жолында.  Дегенмен  жаңа  қоғамға  өтудің  өз  қиындығы  болды. 

Алғашқы  жылдардағы  дағдарыстар  кезінде  жұмыссыздық, 

қоғамымызда ұлттық сана, патриоттық  тәрбие орны бос қалды. 

Оны  толтыру  да  оңайға  түскен  жоқ.  Ұрпақ  арасындағы 

байланыстар  үзіліп  қалды.  Бірақ  қазіргі  жастардың  болашағы 

анықталып,  ұлттық  идеологияның  негізгі  бағыты  қазақтың 

ұлылығына және қазақ болуға ынта-жігер білдіріп келеді. Бүгінгі 

күні  жастар  ұлылыққа  жету  үшін  білім  алу  керек  екенін  түсіне 

бастады [1:66]. 

Қазіргі  қоғамның  бірден-бір  талабы  -  келешек  ұрпақты 

тарихпен  тәрбиелеу  болып  отыр.  Алдымен  адамзатты,  әлемді 

тану,  оның  өткенін  зерделеу  -  үнемі  даму  үстіндегі  ғылым  -

тарих  ғылымының  еншісінде  болып  табылады.  Тарих  туралы 

түсінік  ғылымның  жетілуі,  қандай  да  бір  қоғамдағы  тарихтың 

бағыт  –  бағдары  идеологиямен  тығыз  байланысты.  Әлі  күнге 

дейін  тарих  ғылымында  қазақ  қоғамының  бірқатар  тарихи 

мәселелерін  «көшпелілердің  әлеуметтік  –  мәдени  өмірінің 

229



дамымағандығы  туралы»  еуроцентристік  көзқарас  тұрғысынан 

қарастыру кездеседі [2:3].

Тарихи  білім  беріп,  онымен  тәрбиелеудің  мақсаты  тек 

тарихи  оқиғалармен,  фактілермен  таныстыру  ғана  емес, 

мыңдаған  жылдық  ата  тарихымыз  арқылы  жас  ұрпақты 

ұлтжандылыққа  тәрбиелеу  болып  табылады.  Тарих  ғылымы 

адамзат  өмірін  терең  саралап,  түрлі  тарихи  құбылыстарды 

ғылыми  тұрғыда  зерделеуі,  ұлттың  мүддесіне  қайшы  келетін 

қағидалардан бас тартуы қажет [2:4].

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңы  кәсіптік 

білім беруді арнайы 5 сатыға (бастауыш, орта, жоғары, жоғары 

оқу  орнынан  кейінгі  және  қосымша  кәсіптік  білім  беру 

сатыларына)  жіктеп  бергені  белгілі.  Әрбір  сатының  аталуы, 

сандық  белгілері  бөлек  болғанымен,  олар  өзара  сабақтас, 

тұтас  жүйені  білдіреді.  ХХІ  ғасырдың  қарсаңында  заң  жүзінде 

алғаш  рет  кәсіптік  білім  берудің  бүгіні  мен  келешектегі 

мүмкіндіктері, 

стратегиялық 

бағыттары 

нақтыланып, 

білімділікпен  қоса  кәсіби  біліктілік  пен  шеберлік,  іскерлік, 

кәсіпкерлік  мәселелері  мемлекеттік  сұраныс  пен  еңбек 

рыногының талаптарына сай қамтылған.

Олай 


болса 

заңмен 


белгіленген 

құқықтарымызды 

пайдалана отырып, мынадай мәселелерге талдау мен болжам 

жасап,  іс  пен  әрекетке  көшуге  болар  еді:  заңда  көрсетілген 

үздіксіз  кәсіптік  білім  беру  процесіндегі  басқыштардың 

сабақтастығын  қамтамасыз  ету,  кәсіптік  білімнің  қоғамдық, 

өркениеттік сипатын ашу, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік 

білім  беретін  оқу  орындарының  қызметін  кәсіпорынмен 

интеграциялау,  кең  профильді  мамандықтар  бойынша  кәсіптік 

білім  алған  азаматтарды  ынталандыру,  кәсіптік  білім  мен 

кәсіби  дайындықтың  жеке  жүйесін  дамыту,  мемлекетіміздің 

мамандарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  саясатын  жүзеге 

асыру,  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарының  мемлекеттік 

және  мемлекеттік  емес  жүйесін  дамыту,  еңбек  рыногының 

жұмысшы 

мамандарға 

мұқтаждығын 

қамтамасыз 

ету 

мақсатында  мамандықтар  мен  кәсіптің  түрлерін  жаңалап 



отыру,  мамандандырылған  жұмысшылардың  білімдік  деңгейін 

әлемдік  тәжірибедегі  өндіріс  пен  қызмет  көрсету  аясының 

талаптарына  сәйкес  алдын  ала  дамыту,  жеке  бастың 

интеллектуалдық  және  мәдени  дамуындағы  қажеттілігін, 

шығармашылық мүмкіндіктерін өмір бойы жүзеге асыру, т.б.

Қазақстан  мемлекетінің  негізгі  ұстанымдарын  білдіретін 

бұл  басымдықтарды  үздіксіз  тарихи  білім  беру  саласында 

қарастырып  көрелік.  Қай  дәуірде  болмасын,  тарихшылар 

230



адамзаттың  өткені  мен  бүгінінің  арасын  алтын  көпір  ретінде 

жалғап, ұлттық мәдениетіміздің қадір – қасиетін танытып, түрлі 

құбылыстардың  объективті  бағасын  беріп,  тарихи  сана 

қалыптастырып  отырған.  Республикамыздағы  тарихи  білім 

берудің  ақтаңдақтарға  толы  өткені,  дүрбелеңдермен  толыққан 

бүгіні  мен  міндеттерге  бағышталған  келешегі  бар.  Еліміздің 

егемендік 

алуы 


тарихшы 

мамандарымызға 

бірқатар 

психологиялық  ауыртпалықтар  жүктегенін  айтпауға  болмайды

[4:38].

Соған  қарамастан    олар  төл  тарихымызды  қайта 

жаңғыртып,  тарихи  сана қалыптастыру міндеттерін абыроймен 

атқарып  келеді.  Тарихшы  –  зерттеушілеріміздің  тарапынан 

құнды 

монографиялар, 



диссертациялық  еңбектер,  жаңа 

оқулықтар жарық көріп, оқушы жастардың игілігіне айналуда.

1999  жыл  «Тарих  сабақтастығы  және  ұрпақтар  бірлігі» 

жылы ретінде аталып, көптеген іс – шаралардың атқарылуы да 

мәдениет  пен  өркениетке  бет  бұрғанымыздың  айғағы  ретінде 

санамыздан  орын  алды.  Сөйтіп  кейінгі  ұрпаққа  сабақ  болмақ. 

Тарихи 

білім 


– 

тәрбиенің 

көзі. 

Тарих 


ғылымынсыз, 

тәрбиеленуші 

жастарда 

тарихи 


білім 

болмайынша, 

мемлекетіміздің  қоғамдық    дамудың  жоғары  сатысына  жетуі 

екіталай.  Сондықтан  болар,  тиісті  халықаралық  ұйымдар  ХХІ 

ғасырдағы  орта  білім  мазмұнының  макромоделін  «Мәдениет. 

Білім. Тарих» болсын деген ұсыныс жасады.

Тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы: «Жоғары оқу 

орындарындағы  студенттерге  тарихты  оқыту  мен  маман 

тарихшы  дайындау  жүйесін  реформалау  қажет.  Тарихи  сана 

қалыптастыратын  жаңа  оқу  курстары  берілетін  мамандықтың 

ыңғайына  қарай  бейімделуге  тиіс.  Гуманитарлық  емес 

мамандықтар  бойынша  тарихтың  жалпы  курсымен  бірге  негізгі 

мамандық  пәндері  тарихының  зерделенуін  де  қарастырған 

жөн»  [3:13]  дей  келіп,  келешекте  тарих  пәнінің  мұғалімдерін 

ғана 

емес, 


осы 

сала 


бойынша 

басқа 


мамандарды 

дайындаудың,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім,  тарихшы 

мамандарды қайта даярлау жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігі 

басым  айтылған  болатын.  Бұл  проблеманың  көкейтестілігі 

дәлелденсе де, шешілуі кешеуілдеп тұр.

Республикамыздың  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 

жоғары  оқу  орындарында  тарихшы  маман  дайындайтын 

факультеттердің  басым  көпшілігі  негізінен  тарих  пәнінің 

оқытушыларын,  зерттеушілерді  дайындаумен  шектеледі.  Бұл 

жағдай  мемлекеттік  сұраныс  пен  еңбек  рыногының  бүгінгі 

қажеттілігін  қанағаттандыра  ала  ма?  Ылғи  жоғары  білімді 

231



тарихшы  дайындау  міндетті  ме?  Тарихшы  мұғалімдер 

педагогикалық  рыноктың  қай  тетігінде  жүр,  уақыт  тудырған 

бәсекелестіктерге  қалай  бейімделуде?  Кәсіптік  орта  білім 

саласында  түрлі  тарихшы  мамандардың  (мұғалімнен  басқа) 

мүлде дайындалмауы көңіл толарлық құбылыс па?

Демек,  тарихи білімнің үздіксіздігін, кәсіптік білім берудегі 

басқыштар 

сабақтастығын, 

тарихи 

білімнің 

өркениеттік 

сипатын,  еңбек  рыногының  сұранысын  ескере  отырып,  маман 

дайындау  жүйесін  жаңалау  ісі  түбегейлі  шешілуі  керек.  Ал  бұл 

процесс  ең  алдымен  оның  нормативтік  – құқықтық құжаттарын 

(мамандықтар  классификаторын,  тарихи  білім  стандарттарын, 

оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларын  қайта  қараудан) 

басталатыны  белгілі.  Бұл  ретте  кәсіптік  білім  институтының 

қызметкерлері  мен  оқытушы  –  ғалымдарының  атқаратын 

міндеттері  ортақ  болмақ.  Іргетасы  жаңадан  қаланған  кәсіптік 

білім  институты  қазірдің  өзінде  аталмыш  мәселелер  бойынша 

бірқатар мәселелерге бас ие, үйлестіруші орталық болып отыр.

Тарихшы  маман  дайындау  ісінің  бірі  –  отандық 

геральдика,  нумизматика,  этнография,  қазақ  этносының 

тарихы,  халықтар  мәдениеті  тарихы,  туризм,  өлкетанушылар, 

музейтанушылар, архивтанушылар тарихы, тарихи демография 

салалары  бойынша  тарихи  білім  беру,  мұғалімдікпен  қоса 

өндіріске қажетті практик маман дайындауды жаңалау.

Сондай  –  ақ,  кәсіптік  орта  білім  оқу  орындарындағы 

тарихи білім беру, студент таңдап алған кәсіптің тарихын оқыту 

арқылы  тарихи  сана  қалыптастыру,  жас  маманның  өз  кәсібіне 

деген  құрмет  –  сезімін  ояту,  игерген  білімі  мен  білігін 

шығармашылықпен  қолдана  білуге  үйрету,  кәсіптік  менталитет 

қалыптастыру мәселелері де назар аудартады.

Бұл  әсіресе  гуманитарлық  емес  оқу  орындарында 

қордаланып  тұрған,  кәсіп,  мамандықтар  тарихына  қатысты, 

арнайы  қарастыруды  қажет  ететін  көкейтесті  мәселенің  бірі. 

Мысалы,  студент  игергелі  жүрген  кәсіптің,  мамандықтың 

тарихын  қалай  оқытып  жүрміз,  ондай  арнайы  пән  бар  ма,  оны 

тарих  пәнінің  оқытушысы  оқыту  керек  пе,  әлде  маманның  өзі 

оқыта  ма,  оқулықпен  қамтамасыз  етілуі  қалай  деген  сауалдар 

қайсыбір басқосуларда көрініс беріп қалады.

Тарихшы  мамандардың  үлесіндегі  міндеттерінің  бірі  –

мешіт  пен  медреселерде  қызмет  етіп  жүрген  халыққа  дін 

танытушылардың дайындалуына бас ие болу. Дінді насихаттап 

жүргендер  теология  саласынан  білімді  ме,  кәсіби  тұрғыдан 

білікті  ме?  Шет  мемлекеттердегідей  дінтанушыларды  арнайы 

оқытуға,  біліктілігін  арттырып  қайта  даярлауға,  қосымша 

232



мамандық  беру  арқылы  рухани  қызметтің  түрлерін  жаңалап, 

бағытын 


оңдауға, 

тәрбиелік 

ықпалын 

реттеп, 


дұрыс 

пайдалануға 

болмас 

па 


деген 

ой 


келеді. 

Германия 

Федеративтік  Республикасындағы  шіркеулер  мен  мешіттерде 

халыққа 


діни 

қызмет 


көрсету, 

діни 


орталықтарда 

дінтанушылардың  біліктілігін  арттыру,  мәдени,  қоғамдық 

орталық 

ретінде 


ұтымды 

қолдана 


білу 

тәжірибесінен 

қажеттілігімізге қарай сабақ алуымызға болатын сияқты.

Кәсіптік  орта  білім  оқу  орындарының  тарихшы  –

үйлестіруші,  тарихшы  –  лаборант,  дінтанушы,  өлкетанушы, 

архивтанушы,  туризм  тарихы,  тарихшы  –  хронолог,  тарихшы  –

библиограф,  т.б.  қосарланған  мамандық  иелерін  дайындау, 

халыққа  қызмет  көрсету  аясын  кеңейту  мүмкіндіктері  бар. 

Тарихшы  мамандарды  жоғары  оқу  орнынан  кейін  және 

қосымша  білім  беру  сатыларында  дайындау  мәселесінің  де 

бірлесіп шешетін өзіндік қырлары бар. Осылайша тарихи білім 

берудің  мазмұны  мен  түрлерін,    маман  дайындау  ісінің 

көкжиегін кеңейте берсек, олардың еңбек рыногындағы қызметі 

мен  рөлі  жаңа  қырынан  таныла  бермек.  Жастар  бойында 

тарихи 

сана 


мен 

зерделілік, 

кәсіптік 

менталитет 

қалыптастыруда, 

әлеуметтік 

– 

экономикалық 



еңсемізді 

көтеруде тарихшы мамандарымыздың қосар үлесі мол екеніне 

сенеміз [4:38-39]. 

Казіргі  күнде  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  жаңа 

тарихы 

дүниежүзілік 

тарих, 

көшпелі 


өркениеттің, 

түркі 


халықтарының,  Орталық  Азия  елдерінің  тарихы  тұрғысынан 

ұғынуды күтіп тұр. Қазақстанның жоғары мектебін шын мәнінде 

жоғары  білімнің  алғашқы  ұлттық  моделі  мазмұнындағы  моно-

еуроцентристік  дүниетанымды  жеңу  жөнінде  орасан  зор 

жұмыстар күтуде [5, 4-б.].

Осыған 


байланысты 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті  жанындағы  Мемлекетік  саясат  жөніндегі  ұлттық 

кеңестің  1995  жылы  Қазақстан  Республикасында  тарихи  сана-

сезімді 


қалыптастыру 

Концепциясын 

бекітуін 

жоғары 


дәрежедегі айтулы акт деп есептеу керек. Біздің халқымыздың 

өз  тарихы  ұлттық  менталитет  негізінде  тарихи  сана-сезімді 

қалыптастыруда 

мемлекеттік 

саясаттың 

негізгі 


басымдықтарының бірі болуы тиіс [6:142].

Бұған  ғылым,  білім,  отбасы  тәрбиесі,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары,  әдебиет,  өнер,  мәдени  –  ағарту,  мұражай,  архив, 

өлкетану жұмыстары, туризм арқылы адамдарды тарихи ақыл-

ойға, тарихи ой жетістіктеріне, тұтас алғанда қоғам мәдениетіне 

жетелейтін арналар арқылы қол жетеді. Қоғамда тарихты білу, 

233



оны құрметтеу, онымен қарым – қатынаста болу ахуалын құру –

Қазақстан Республикасындағы бүкіл білім жүйесі үшін өміршең 

маңызы  бар  міндет.  Мұнда  тарихты  қабылдау  болып  өткен 

тарихи  оқиғалардың  хронологиялық  ретін  жаттап  алуға  емес, 

тарихи процестердің логикасын ұғынуда болуы тиіс [7:184].

Біз  Қазақстан  Республикасында  жоғары  білімді  дамыту 

Стратегиясы  арнасында  оқыту  және  тәрбиелеу  жүйесін 

түбегейлі  өзгертуді  дүниежүзілік  тенденцияларды,  ғылыми 

таным  тарихы  мен  жаңа  білім  теорияларын  терең  зерттеу 

негізінде ғана жүзеге асыруға болатынын айқын ұғынуға тиіспіз. 

Қазақстанда 70 жылдан астам уақыт бойы қолданылған білімді 

ұйымдастырудың  мемлекеттік  моделі    ХХ  ғасырдың  басында 

Шығыста,  сондай – ақ  Ресейде қалыптасқан дәстүрлі, дәлірек 

айтқанда, оқытудың эволоциялық формаларының бұзылуының 

нәтижесі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет