Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



Pdf көрінісі
бет40/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
сыңзе

  және 


дубоның 

ортағасырдағы  этникалық 

құрылымы керей тарихына байланысты екендігі айтылады.

840 жылғы Ұйғыр қағанатының күйреуіне байланысты сол 

жерде

керей одағы

 құрылды, сондықтан ұйғыр тайпасының бір 

бөлігі  керейлердің  құ-рамына  кірген  деген  қисынды  болжам 

жасауға  болады.Кейбір  деректерге          қарағанда



саха

мен


сыцзенің

  арасында  да  этникалық  жақындық  бар  шығар 

деген  ойға  итермелейді.

Сыцзе

  белгілі  Қазақстан  синологы  Ю. 

Зуеевтың пікірінше бұл хотан 

Сыгарі

 және сақ құжаттарындағы 

Сыгар [38]. 

Біздің ұйғарымымыз бойынша Ұйғыр қағанаты құлағаннан 

кейін 

Толы 


мен 

Керулен 


маңындағы 

аңғарда 


қалған 

сығырлардың  бір  бөлігі  кейін  сыгы  (р)-ит-сагы-ит-сакаит 

аталған.  Дәл  осы  айтқан  сыцзе-сығырлар  керейлер  құрамына 

кірген.


Керей  тайпасының 

дубо

  руы  да  ұйғырлардан  шыққан 

болып  есептеледі.  Ертедегі  тарихи  жылнамаларда  дубо  теле 

тайпасына  еніп  кеткен  болып  айтылады,  олар  VI-VIII 

ғасырларда  Косогол  немесе  Хубсугул  көлінің  маңында  және 

Косоголдың  батысындағы  Енесейдің  жоғарғы  жағында  өмір 

сүрген. 

Дубо 


 

әулеті 


ұрпақтарының 

деректеріндегі 

этнографиялық суреттеулерге қарасақ, мәдениеті мен тұрмысы 

жағынан 


өздері 

тығыз 


қарым-қатынаста 

болған 


мал 

120



шаруашылығымен  айналысатын  көшпенді  теле  мен  тюкю 

тайпасынан ерекшелене түседі. 

Жылнаманың  құрастырылған  уақытына  қарамастан  біз 

келтірген  үзінділерде  дубо  ұзақ  уақыт  бойы  теле  тайпасымен 

қарым-қатынас  жасағаны  сияқты  түркімендермен  де  қарым-

қатынас  жасады,  нәтижесінде  дуболардың  байларында  да 

жылқы    пайда  болды,  салт-дәстүрлері  де,  аң  аулаулары  да 

таулы  тайгадағыдай  болды.  Олар  әрине  таулы-тайга  жерінің 

байырғы тұрғындары болған. 

Дуболардың  шығу  тегі  мен  тіліне  келсек,  біздің 

қолымыздағы  мардымсыз  мәліметтерге  қарағанда  оларды  

түркі тілдес тайпалардың қатарына қосу қиындық туғызады.  Л. 

Потапов  оларды  солтүстікті  мекндейтін  халықтардың  бірінің 

тілінде  сөйлеген  деп  есептейді  [39].  Бұл  пікірдіИ.  Георги  [40], 

М.А.  Кастрен  және  В.В.  Радловтар  да  растады  [41].  Біздің 

заманымызда  этнограф-лингвист  Г.Н  Прокофьеев  Тубо-

Дубоның этнонимі жөніндегі ойы да ескерусіз қалмауы тиіс. [42].  

840  жылы  Ұйғыр  қағанаты  құлағаннан  кейін  дуболар  керейлер 

одағының құрамына кірді.

Біздің  пайымдауымызша  керей  тайпасы 



конкаит

  (канка) 

қанғар-қаңлыға  жақындайды.    Қаңлылар  Түрік  қағанатына 

кіретін  ертедегі  руно  жазуында  кенгерес  деп  жазылған  көне 

қаңлы  мемлекетінің  ұрпағы.  Кенгер  тұрғындарының  бірқатар 

топтары  шығыс-түрік  қағанатының  құрамында  болған.  Мұны 

кенгер 

ақсүйектерінің 

түрік-туцзо 

мемлекетінде 

жоғары 

лауазымды  иеленгені  айқындай  түседі.  618  жылы  шығыс  түрік 

қағаны  Шиби  Қытайға  елші  жібергенде  осы  істің  басында  Кан-

хэ-ли  тегін  деген  есімі  кездеседі.  Ю.А.  Зуевтың  пікірінше  елші 

басшысының  есімі  «кангарлыг»  деп  оқылады,  оған  қоса  ІХ 

ғасырда  «Танхуйяю»  еңбегіндегі    «Вассаль  княздігінен  шыққан 

тамғы  жылқылары»  деген  бөлімде кан-хэ-ли  халқы қаңлы деп 

қарастырылған  [43].  Шығыс  тюгу-түрік  вассалдық  тайпаларға 

жатқандықтан  Орхон  аумағындағы  қаған  тайпаларына  жақын 

көшіп  жүрген.  Қаңлылардың  ертедегі  ұйғыр  тайпаларымен 

байланысы  туралы  аңыз  қытайдың  «Юань  ши»  (XIVғ) 

жылнамасында А. Ш. Қадырбаев:  «Канглы (Канли) это есть то, 

что в эпоху Хань (206 г. до н.э. - 220 г. н.э.) называлось Гаочэ-

го - страна высоких повозок»-дейді [44].

ІХ  ғасырда  қанғарлар  қыпшақтың  қол  астында  болды. 

Содан соң Қыпшақ тайпаларының одағына ұжымдаса бастады. 

Дәл  сол  уақыттан  яғни  ХІ  ғасырдың  ортасынан  бастап  бірте-

бірте  оларға  сіңіп  кету  процесі  басталады.  Қыпшақтардың 

қаңлымен  қанғарлармен  (печенектермен)  байланысын  алғаш 

121



рет С.П. Толстов атап көрсетті.

Ол  қанғарларды  қаңлы  деп  көрсету  үшін  қыпшақтарға 

сіңіп  кеткен  оғұз-печенек  тайпаларының  бір  бөлігі  деген 

қорытындыға  келді  [45].Бұл  түрік  тілінің  білгірі  Махмуд 

Қашқаридың 

«Қаңлы-қыпшақтардың  ұлыадамдарының  бірі

»-

деуіне  әсер  етті  [46].  ХІІ  ғасырдың  басы  мен  ХІІІ  ғасырдағы 



мұсылман авторлары мағыналық жағынан қыпшақты қаңлының 

синонимі ретінде қолданады [47].

Біздің  көзқарасымызша  дәл  осы  кезеңде 

қаңлы  т

обы 


керей  одағына  кірген.  Қаңлының    атақты  адамдары  туралы 

мысалы  «Юань-шиде»  Қайранбай  дегеннің  керей  хандығында 

қызмет  еткені  туралы  айтылса,  қытайдың  «Меннуэр-шицзы» 

шығармасында  олардың  шығу  тегі  туралы: 



«Керейлер 

қаңлылардың 

ата-бабасы. 

Батыстағылары 

қаңлы, 

шығыстағылары  керейлер  деп  аталған

»-деп  жазады  [48]. 

Қытайдың  Юань-ши  немесе  басқа  деректерде  бұл  трибоним 

түрік  дыбысталуында  «қаңлы»  болып,  ал  Рашид-ад-инде  ол 

«монғолша»- «қонқайт» болып айтылады.

Өкінішке қарай, бізде керейдің басқа тайпаларының шығу 

тегі  туралы  мәлімет  жоқ,  керейдің  өзі,  жырқын  және  албат 

туралы  ішінара  ғана  мәлімет  бар.  Әдетте  жырқындарды 

зерттеушілер  ұйғыр  тайпасына  жатқызады,  алайда  бұл 

тұжырым  әзірге  дәлелдене  қойған  жоқ.  Керейдің  өзі,  оның 

мемлекеттілігінің 

этнонимі 

туралы  қазақ  ғалымдарының 

еңбектерінде де бар. Н. Мыңжан ХІХ ғасырдағы шежіре авторы 

Мәмидің  негізіне  сүйене  отырып,  керейлердің  ата-бабалары 

телінің  шеп,  сеп,  байлау,  қойлау,  изен,  жусан  рулары  деп 

есептейді  [49].  Осы  тайпалар  Шығыс  түрік  қағанатының 

үстемдігіне қарсы көтеріліс жасап, 607  жылы шеп тайпасының 

көсемі  Керін  Еркінді  хан  көтеріп,  «Изен  Бағақан»  деп  атаған. 

Осы  Керіннің  баласы  Хылей  (Керей)  қаған  атанған.  Керейге 

біріккен  теле  тайпалары    кейін  керей  деген  атпен  белгілі 

болды.


Осылайша біз керей тайпасының ең аз дегенде жетеуінің 

төртеуі ұйғырдан шыққандығына көз жеткізе аламыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет