Абулкасова Д. Б. 2011жыл Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы



бет46/115
Дата05.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13594
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115
Негізгі түсініктер:
Егер 16 ғ. халықаралық қатынастарда Европада Испания 1-орында болған болса, 17 ғ. нағыз үстемдік Францияның қолында болды. Франция ұлы азаматттық қайғыдан 16 ғ. 2-жарт. өзінің күшті әрі орнықты абсолюттік монархиясымен шыға алды. Францияның көпсанды және еңбекшіл шаруалары мен бай буржуазиясы қазынаға салық ретінде байлық жинап берді. Бұл қазына француз королі және оның сарайына жанып тұрған сыртқы саясатын жүргізуге жағдай жасап, Францияны Европада 1-орынға шығарды.
30 жылдық соғыс бүкілевропалық көлемді қамтыған алғашқы соғыс болды. Оған мемлекеттер тікелей де, жанама да қатысты. Бұл соғыс сыртқы саясаттағы айқындылықты анықтаған соғыс болды. Онда Европаның саяси дамуындағы 2 бағыт қақтығыс тапты:
1) Австриялық және Испандық габсбургтердің саясаты, яғни олар үшін «мемлекет» және «халық көңілі» түсінігі еш сәйкес келмеді, олар біртұтас бүкілевропалық хритиантиандық монархияны құруға тырысқан орта ғасырлық дәстүрді ұстанды.
2) Саяси даму бағытын Англия, Франция, Голландия, Швеция ұстанды. Олар ұлттық негізде күшті мемлекет құруды көздеді.
30 жылдық соғыс тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырамыз:
1. Чехтік (1618-1624 ).
2. Даттық (1625-1629).
3. Шведтік (1630-1635).
4. Франко-шведтік (1635-1648).
1648 ж. 24 қазанда Вестфаль бітіміне Мюнстр мен Оснабрюк қалаларында қатар қол қойылды. 1659 ж. 7 қарашада Испания және Франция арасында Пиреней бейбіт келісіміне қол қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет