Адалдық – ардың ісі Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады



Дата13.10.2023
өлшемі443,82 Kb.
#185221
Байланысты:
715494.pptx

Адалдық – ардың ісі

Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.

  • Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.
  • Әл-Фараби


Адалдық – адам бойындағы асыл қасиет
тердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шын -
шылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.
Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына, отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.
Адалдық - әр адамның өзін де,
өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Адалдық бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.
Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.
Адал адамға сенім артуға болады,
оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды. Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.
Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.
Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.
Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.
Сіздің шынайы мінезіңіз қандай?
(психологиялық тест)
Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? Бұл сұрақ өзгелер түгілі өзіңізге де қызықты болуы мүмкін. Егер білгіңіз келсе, ішкі жан-дүниеңіздің есігін қағып, жүрек түкпірінде жатқан қалауыңыз бен шынайы бет-бейнеңізді анықтап көріңіз. Алдымен сіз қай есікті таңдар едіңіз?
Көп ойланбастан көзіңізге бірден түскен, және өзіңізге ұнаған төмендегі суреттегі есіктердің бірін таңдаңыз.
№1 Есік
Егер сіз бірінші есікті қаққан болсаңыз, сіз табиғатыңыздан өте шыдамды адамсыз. Өзгелердің жағдайын өте жақсы түсінесіз. Және жаныңызға жақын адамдардың басына түскен қиындық сізді бей-жай қалдырмайды. Сіз де бос уақыт деген болмайды. Бола қалған күннің өзінде де сізден көмек сұрап келген адамның шаруасын шешуге бос уақытыңыздың барлығын арнайсыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғалардың ешбірі сіздің қатысуыңызсыз өтпейды. Бір сөзбен айтқанда сіз өзіңіз үшін емес, өзгелер үшін жаратылған жансыз. Сіздің жүрегіңіз нәзік, болмысыңыз ерек. Мінезіңіз ашық, жарқын көңіліңізбен адамдарды тез баурап алатын күшке иесіз. Бәлкім, бір сәтке болса да өзіңізге көңіл бөлерсіз? Сізге айтар кеңесіміз, бір күніңізді өзіңізге арнаңыз. Саяхаттаңыз, тынығыңыз, кітап оқыңыз, жақсы фильм көріңіз.
№2 Есік
Екінші есікті ашқан болсаңыз, сіз қарапайым адам емессіз. Бойыңызда шығармашылық дарын бар. Айналадағы болып жақтан оқиғалардың барлығы сізді бей-жай қалдырмайды. Тіпті болмашы өзгерістің өзі сізге ерекше шабыт сыйлайды. Сіздің ерекше дарыныңыз бен көп қырлы қабілетіңізге өзгелер қызғанышпен қарайды. Тіпті олардың қатарында достарыңыз да бар. Сәнді киінесіз, соңғы сән үлгісіндегі киімдерді үйлестіре білесіз. Шығармашылықтан бөлек әртістік қабілетіңіз болғандықтан, айналадағы адамдарға ерекше әсер қалдырасыз. Сізді оңай ұмыта салу қиын. Егер қазіргі мамандығыңыз театр, кино, шығармашылық саласына қатысты болмаса, ойланып көрерсіз. Өйткені ерекше дарынды тұншықтыруға болмайды.
№3 Есік
Үшінші есікті ұйымдастырушылық қабілеті басым адам ашады. Сіздің ішкі түйсігіңіз жақсы дамыған. Соның арқасында өмірлік жолыңызды жаңылмай тауып келесіз. Есепке және құнды қағаздармен жұмыс істеуге ширақсыз. Ауқымды жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жеңісті қанжығаңызға оңай байлауға бейімсіз. Алдыңызда отырған адамның ойын тез оқып қоясыз. Сол себепті сізді алдап, тақырға отырғызу өте қиын. Өзгелерге не керек екенін жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын. Тіпті сәтсіздіктердің өзін, еңсеңізді тік ұстаған күйі жеңіл қабылдайсыз. Достарыңыздың өзі сәтсіздікке ұшыраса сіздің қолдауыңызға зәру. Өйткені сіз әрдайым «Достым, еңсеңді түсірме! Қиындықтың барлығын бірге еңсереміз» деп шабыттандырасыз. Сізге кеңесіміз, осы қалпыңыздан танбаңыз.
№4 Есік
Төртінші есіктің иесі өте құпия адам. Өзіңіз жайлы өзгелердің сөз тасығанын аса ұнатпайсыз. Сіз ағыспен жүруге көнбейсіз. Өмірде өз жолыңызды нақты айқындаған болсаңыз, ағысқа қарсы жүзуге де дайынсыз. Айналаңызға сыни көзқараспен қарайсыз. Сіздің дамуыңыз бен жетістікке жетуіңізге кедергі болатын адамдармен бірден қоштасасыз. Тіпті достарыңыздың өзі сіздің іріктеуіңіз бен сыныңыздан өткен. Өйткені сіз мотивация сыйлайтын адамдармен жолдас болғанды ұнатасыз. Ішкі сырыңызды көп аша бермейсіз. Алайда бойыңыздағы ең жақсы қасиеттердің бірі жаныңыздағы адамдардың қателікке ұрынарын алдын ала сезіп отыратындығыңызда. Және қателік жасауларына жол бермейсіз. Олар сіздің ескертпеңізді ескергілері келмегенмен, сіздің ешқашан қателеспейтініңізді біледі. Сол себепті сізді тыңдауға мәжбүр. Өйткені сіз турасын айтатын, бірбеткей адамсыз. Ал, тура биде туған жоқ.
  • Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?
  • Өзіңе –өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?
  • Адал болуға ұмтылу неге керек?

«Ойланайық,пікірлесейік»
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет