Қорытынды:
Адалдық – ар ұяттың айнасы,
Адалдықта асыл қасиет қоймасы.
Қай істі де тек ақылға жеңдіріп,
Ел сүйетін азаматым болсайшы.
Ол үшін
Кітап – алтын қазына
Қадірін біл жас ұлан
Білім жинап басыңа
Білікті бол жасыңнан – дей келіп тәуелсіз еліміздің ертеңгі тірегі болу үшін білімді, тәрбиелі болып өсулерің керек.
Тақырыбы: «Қоғамдық тәртіп» пікірталас
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.
Міндеттері: -өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
-жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-жақсылыққа,имандылыққа,адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер
Ұйымдастыру кезеңі.
І.Ауылдарға саяхат.(«Әдептілер» «Тәртіптілер» «Мәдениеттілер»)
ІІ.Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)
ІІІ. Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу)
ІV. Хаттар сырына үңілейік.
Сабақтың эпиграфы:
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А.П.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар
Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.
Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 8 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз?
Оқушылар:
І. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
ІІ. Рухани – адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Отбасы тәрбиесі
IV. Өзін – өзі тану мен өзін – өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
V. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
VI. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |