Адам ағзасына злектір тогімен әсер ету әдістеріне мыналар жатады



Дата07.02.2022
өлшемі72,06 Kb.
#84806
Байланысты:
мерлан гал


Кіріспе
Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организм туғызатын магнит өрісін зерттейтін биофизиканың бір саласын магниттік биология деп атайды. Магнит өрісінің адам организміне әсері өте ерте заманнан-ақ зерттелген.Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С.П.Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деп ғылымда дәлелденген. Магнит өрісі нерв жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналым жүйесінде, қан тамырларының кеңеюін байқауға болады. Өте күшті магнит өрісінің әсерінен микроорганизмдер өсу жылдамдығы және оның өсу сипаты өзгеріске ұшырайды.
Диагностикалық және терапевтік құралдардың ішінде табиғаты бойынша электромагниттік (ЭМ) қолданылатын медициналық құралдар ең көп таралған, әрі жиі қолданылатындар санатына жатады. Осындай ЭМ жататын электр өрісі мен оның потенциялын, электір кедергісін, магнит өрісін және ЭМ тербелістер мен толқындарды диагностикалық және терапиялық мақсаттарда қолданады.
Адам ағзасына тұрақты немесе айнымалы электр тогымен немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері электро физикалық әдістер қатынасына жатады.Жиілігіне сәйкес ол факторлар былай бөлінеді:
Төменгі жиілікті 0-20гц Дыбыс жиілігіндегі(ДЖ) 20гц-20кГц Ультрадыбысты жиілік(УДЖ) 20кГц-200кГц Жоғары жиілікті(ЖЖ) 200кГц-30мГц Ультражоғары жиілікті(УЖЖ) 30МГЦ-300МГц Аса жоғары жиілікті(АЖЖ) 300МГц-тен жоғары.
Адам ағзасына злектір тогімен әсер ету әдістеріне мыналар жатады:
Тұрақты токпен әсер-гальванизация және злектрофорез әдістері; Үздікті(импульсті) злектр тогімен әсер-электростимуляция әдістері; Жоғары жиілікті электр тогімен әсер-дарсонвализация және электрохирургия әдістері.
Гальванизация
Адам денесіне бекітілген электродтар арқылы, оның ағзасына емдік мақсатта күші мен кернеуі төмен тұрақты токпен әсер етуді гальванизация деп аталады. Гальванизация арқылы перифериялық және орталық нерв жүйелерін, радикулитті, ми және жұлын қан айналысының бұзылуы, т.б. Көптеген ауруларды емдеуде қолданылады.
Электрофорез
Электр тогы көмегімен дәрілік заттарды адам терісі арқылы ішкі мүшелерге жеткізеді. Ток эпидермис пен тері асты май қабатынан өткен соң, одан ары жасуша аралық бос кеңістік, қан мен лимфа тамырлары бойымен, нерв және бұлшық ет қабықтары арқылы тарап, электродтар орналасқан аралықтағы ойша сызылған түзуден көп ауытқиды
Кернеуі мен жиілігі төмен токтық ем.
Кернеуі мен жиілігі төмен айнымалы токтарды емдік мақсатта қолдану кең тараған әдістердің біріне жатады. Осы мақсатта пішіні әр түрлі, жиіліктері 10 000Гц дейінгі, модуляцияланбаған және түрлі дәрежеде модуляцияланған токтар қолданылады.
Жиілігі өте жоғары емдік ток
Жиілігі өте жоғары токтарды емдік мақсатта қолдану кең тараған әдістердің біріне жатады. Осы мақсатта жиіліктері 100кГц тен 300 000 мГц дейінгі токтар мен толқындар және олардың өрістері қолданылады. Мұндай терапиялық әдістерге: дорсанвализация, УЖЖТ, СМТ, ДМТ т.б. жатады. 
Жоғары жиілікті ток(ЖЖ)
ЖЖ токты мединцинада қолданудың тағы бір – саласы электрохирургия болып саналады. Қазіргі кезеңде гинекология, гастроэнтрология, отолорингология, офтальмология, урология, проктология, торкальды хирургия т.б. салалардағы хирургиялық операциялардың 80 – 90%осы әдіспен жасалынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет