Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Бас пен мойын бұлшық еттері



бет15/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

5.1. Бас пен мойын бұлшық еттері. Бастың бұлшық еттерін екі топқа бөледі: бас күмбезінің бұлшық еттері және бет бұлшық еттері деп. Бет бұлшық еттері мимикалық (ымдау) және шайнау бұлшық еттері болып бөлінеді.
Бас сүйектің күмбезінің бұлшық еттері. Бас сүйектің күмбезінде жақсы жетілген бұлшық еттер жоқ. Адамда рудименттік күйде сақталған бір ғана төбе бұлшық еті болады. Осы бұлшық еттің ортасын апоневроздық шлем деп аталатын сіңірлі жапқыш алып жатады. Оның жиегінде бастың терісін қимылға келтіретін шала жетілген бұлшық ет талшықтары орналасқан. Осы бұлшық ет шоғырларын дербес бұлшық еттер деп қарастырып маңдай, шүйде және редукцияға ұшыраған үш жұп құлақ бұлшық еттерін ажыратады.
Аталған бұлшық еттердің бәрі апоневрозбен ұштасып жатады.
Беттің мимикалық немесе ымдау бұлшық еттері.
Бет бұлшық еттерінің қаңқа бұлшық еттерінен өзгешілігі өзінің бір ұшымен бастың сүйектеріне бекиді де, ал екінші ұшымен бет терісінің белгілі учаскесіне немесе кілегейлі қабықшаға бекуі. Жиырылған кезде мимиканы қалыптастырып адамның көңіл-күйін білдіреді. Негізгі функциясы – сезінуді білдіруден басқа мимикалық бұлшық еттер түрлі функцияларға қатысады. Мысалы, сөйлеуге, тамақты шайнауға, т.б.
Көздің дөңгелек бұлшық еті терінің астында көз шарасын қоршап орналасады. Жиырылған кезде қабақты төмен түсіріп көзді кішірейтіп жұмғызады.
Ауыздың дөңгелек бұлшық еті ауызды қоршай орналасады, сфинктер міндетін атқарады. Шеткі участоктері ымдаумен байланысты.
Мұрын бұлшық еті жоғарғы ит тіс пен сыртқы күрек тістің ұяшықтарынан басталады. Оның жоғары көлденең бөлігі жиырылғанда танау қуысынан қысады, ал төменгі бөлігі – мұрынның ұшын төмен түсіреді.
Езуді төмен түсіруші бұлшық ет төменгі жақтың төменгі жиегінен басталып, жоғарғы ерін мен езудің терісіне бекиді.
Төменгі ерінді түсіруші бұлшық ет төменгі жақтың жиегінен басталып төменгі еріннің терісіне бекиді. Жиырылған кезде жек көру мимикасын байқатады.
Ұрт бұлшық еті ауыз қуысының бүйір қабырғасын, ұртты құрайды. Мұның негізгі маңызы ішкі қысымға қарсы тұру. Ұрт етінің үстіне май жиналады, әсіресе жас балаларда.
Езуді көтеретін бұлшық ет жоғарғы жақтың иттіс шұңқырынан басталып жоғарғы ерін мен езудің терісіне бекиді. Езуді жоғары көтереді.
Төменгі еріннің төртбұрышты бұлшық еті төменгі жақтың төменгі жиегіне жақын жерден басталады. Мұның латералды бөлігі платизманың жалғасы төменгі еріннің терісіне бекиді. Төменгі ерінді төмен түсіреді.
Үлкен бет бұлшық еті бет сүйегінен басталып езуге барады.
Күлкі бұлшық еті тұрақсыз бұлшық ет, езуден басталып ұрт терісіне бекиді. Жиырылған кезде ұрттың үстінде шұңқыр пайда болады. Күлген кезде ауызды кереді.
Кербездік бұлшық еті мұрынның үстінен басталып қас аралығындағы теріге бекиді. Жиырылған кезде қас аралығында горизонталь қыртыстар пайда болады.
Қас түю бұлшық еті маңдай сүйектің мұрын бөлімінен басталып қас доғасының аймағында маңдайдың терісіне бекиді. Жиырылған кезде маңдайда вертикальдық қыртыстар пайда болады.
Шайнау бұлшық еттері.
Шайнау мускулатурасын төменгі жаққа бекитін төрт жұп бұлшық еттер құрайды: 1) меншікті шайнау бұлшық еті, 2) самай бұлшық еті, 3) сыртқы қанат тәрізді бұлшық ет, 4) ішкі қанат тәрізді бұлшық ет. Бұл бұлшық еттер төменгі сатыдағы омыртқалылардың жақ доғасының туындылары.
Шайнау бұлшық еттерінің ең ірілері және маңыздылары самай бұлшық еті мен меншікті шайнау бұлшық еті.
Самай бұлшық еті (6-бейне) бас сүйектің самай шұңқырында жайғасқан, талшықтары қиғаш орналасқан. Талшықтар шоғырлары төмен қарай жинала келіп бет доғасының астынан өтіп жалпақ сіңір құрап төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді. Жиырылған кезде төменгі жақты көтереді және оны сәл артқа тартады.
Шайнау бұлшық еті сіңірлі шоғырларымен бет доғасы аймағынан басталып, төменгі жақтың бұрышына бекиді. Жиырылғанда төменгі жақ жоғары көтеріледі және алға қарап қозғалады, осының нәтижесінде тамақ езіліп ұсақталады. Шайнау кезінде төменгі жақтың жанына қарап козғалуы да жүреді, бұған қанат тәрізді бұлшық еттер де қатысады.
Ішкі қанат тәрізді бұлшық ет сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді шұқырынан басталып төменгі жақтың ішкі бұдыр бұрышына бекиді. Оң және сол ішкі қанат тәрізді бұлшық еттер қозғалғанда төменгі жақ көтеріледі және алға қарай қозғалады.
Сыртқы қанат тәрізді бұлшық ет сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы пластинкасынан басталып, төменгі жақтың мойнына бекиді. Бұл бұлшық ет екі жақтан бірдей жиырылса, төменгі жақты алға жылжытады, ал бір жағынан жиырылса, қарама-қарсы жағына қисайтады.
Мойынның бұлшық еттері. Мойынның бұлшық еттері үстінде және тереңде орналасқан болып екі топқа бөлінеді. Мойынның бетінде орналасқан бұлшық етіне платизма немесе мойынның тері асты бұлшық еті мен төс-бұғанаеміздікше бұлшық ет жатады.
Платизма сүткоректілердің тері мускулатурасының рудименті. Адамда платизма терінің астында жайғасқан. Мойынды жанынан және жартылай алдыңғы бетін жауып тұратын жұқа бұлшық ет пластинкасы.
Төс-бұғана-емізікше бұлшық ет (7-бейне) мойынның ең ірі және қуатты бұлшық еті. Екі сабақ болып төс сүйектің жоғарғы жиегі мен бұғананың төс ұшынан басталып, самай сүйектің емізікше өсіндісіне бекиді. Бір жағынан жиырылса, басты қарама-қарсы жағына қарай бұрады, ал мойынның екі жанынан бірдей жиырылса, басты артқа қарап тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет