анатомия пәні – медицина ғылымының негізгі бір саласы. Анатомия ғылымы адам денесін жан- жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді :
Жүйелік немесе жалпы анатомия – ағзаның тірек –қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек- тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.
Топографиялық анатомия – адам денесіндегі мүшелерінің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді.
Мүсіндік анатомия – адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын үйретеді
Бұл аталған анатомия салаларының практикалық маңызына келетін болсақ, егер жүйелік анатомия элементтері жалпы физиология ілімін меңгеруге негіз салса, топографиялық анатомия медициналық ілімге негіз қалайды, ал мүсіндік анатомия суретшілер,скульпторлар үшін міндетті қажетті пән болып табылады.
Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын – функционалдық әдіс деп атауға болады.
Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады:
А) осып-кесу әдісі-ең кең таралған әдіс
Ә)борсыту әдісі
Б)лықыту әдісі
В)ағарту әдісі
Г)бүлдіру әдісі
Ғ)микроскоптық әдіс
Функционалдық немесе қызметтік әдістерге мыналар жатады:
Д) рентгеноскопиялық әдіс
Е) рентгенографиялық әдіс
Ж) ауторадиографиялық әдіс
З) сынама-тәжірибелік әдіс
Бұлардан басқа антропометриялық, суретке, киноға түсіру, мүшелердің суретін салу әдістері де бар.
Анатомия көптеген ғылымдармен байланысты және оның өзі де бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы адамның дене құрылысын зерттегенде, жай көзбен көріп, оның бейнесін, пішінін сипаттауда қалыпты анатомия деп, дене құрылысын микроскоппен зерттейтін ғылымды микроскоптық анатомия деп атайды. Ағзаның қызмет атқару жүйелеріне сәйкес, қалыпты анатомияның өзі бірнеше тарауға бөлінеді :
Остеология – сүйектер және олардың байланыстары туралы ілім;
Эндокринология – ішкі секреция бездері туралы ілім.
Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу – Әли – Ибн-Сина. Мысалы ол Дәрігерлік ғылымның канондары” деген кітапта адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының анатомиясытуралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісітуралы да айтып кеткен.
Анатомияның негізін салушы – Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес болар деп жобалаған. Галеннің көп қателерін араб ғалымдары ,атап айтқанда Ар-Рази,Әл-Фараби,Ибн-Рушу,Әбу-Али-Ибн-Сина түзетіп, анатомияға көп жаңалылықтар қосты.Ежелгі грек ғалымдары Демокрит,Гиппократ қан тамырлар жүйесі бар екендігін анықтады.
Анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды. Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді. Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді. Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалым Леонардо да Винчи суретші, математик, инженер, ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған. Мальпиги мен Шумлянский капилярларды ашып қан айналу тұйық екендігін дәлелдеді. Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.
Орыс ғалымдары арасынан Н.И.Пирогов, И.М.Сеченов, И.П.Павловтың еңбектері анатомияның функционалдық бағытқа түсуіне септігін тигізді.
Зоологиялық жіктеулер бойынша адам омыртқалыларға ,хордалылар типіне,сүт қоректілер класына,приматтар отрядына,адам тәрізді приматтар отряд тармағына ,адамдар туысына,оның ішінде саналы адам түріне жатады.
Анатомия пәнін оқығанда жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,аппарат және ағза деген ұғымдардың түсінігін білу өте қажет.
Жасуша –деп тіршілік жүйесі бар , цитоплазма,ядро,органоидтардан тұратын, барлық өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының , дамуының және өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар тіршіліктің ең кіші бірлігін айтамыз.
Ұлпа деп тарихи қалыптасқан, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық ерекшелктері бар жасуша мен жасушааралық заттардың жиынтығынан тұратын дене бөлігін айтамыз.
Адам мен жануарларда ұлпаның 4 түрі белгілі:
1.Эпителий ұлпасы
2.Дәнекер ұлпасы
3.Бұлшық ет ұлпасы
4.Жүйке ұлпасы
Мүше –деп бірнеше ұлпалардан түзіліп, белгілі бір қызмет атқаруға, эволюцилық дамуда бейімделген , белгілі бір пішіні, құрылысы бар дененің бір бөлігін айтамыз. Мысалы құлақ,сүйек т.б.
Мүшелер жүйесі деп бірнеше бірыңғай мүшелерден түзіліп барлығының дамуы мен құрылыстары ұқсас болып белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер тізбегін айтамыз. Мысалы ас қорыту, тыныс алу т.б.
Аппарат деп екі-үш мүшелер жүйесінің дамуы мен құрылысы ұқсас болмаса да жалпы бір қызмет атқаруын айтамыз. Мысалы тірек-қимыл аппараты, несеп-жыныс аппараты.
Ағза-барлық мүшелер жүйесі мен аппараттардың жиынтығынан түзіліп, тіршілік қасиетін сыртқы ортамен байланысты атқаратын бір бүтін дене.