Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады


Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау п



бет3/4
Дата02.12.2022
өлшемі5,22 Mb.
#160906
1   2   3   4
Байланысты:
Инклюзивті білім беру коучинг презентациясы-1

Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.

  • Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.
  • Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосу, оларды қолжетімді ортамен қамтамасыз ету, білім берудегі кедергілерді жеңу тетіктері анықталды.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар Қорымен тығыз ынтымақтастықта даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ортасына тарту жөнінде зерттеулер жүргізді, зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.
  • 57 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) балалардың білім алу, дәрігерлік және әлеуметтік көмек алу құқығын белгілейді, олардың арнайы білім алуға деген сұраныстарын анықтайды.
  • Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте (0-3 жасқа дейінгі аралықта) анықтау жұмыстары жақсарды. Егер 2002 жылы мұндай балалар саны 115 240 (2,3%) болса, ал 2011 жылғы қаңтардағы есеп бойынша олардың құрамы 147 679 (3,2%) баланы құрады.
  • Мектеп жасындағы 111 405 мүмкіндігі шектеулі бала оқумен қамтылған (жалпы білім беретін мектептерде, арнайы білім беру ұйымдарында, арнайы сыныптарда, кәсіптік мектептер мен колледждерде).
  • Алғаш рет үйде оқитын 9000 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқытатын орындарды жарақтандыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетін болады. Оларға компьютерлер, қосымша техникалық құралдар сатып алынып, Интернетке қосылады.
  • Ағымдағы 2011 жылдың өзінде 3000 балаға құрал-жабдықтар сатып алуға 1,7 млрд. теңге қарастырылған. 3 жылдың ішінде кезең-кезеңімен барлық балалар қамтамасыз етілетін болады.
  • 2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер үлесі 70 пайызға дейін өседі.
  • Арнаулы білім беру ұйымдарының желісін одан әрі дамыту жалғасады. Мемлекеттік бағдарламада Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы бала бақшалар ашу қарастырылған.
  • Қарағанды және Есік қалаларында көру қабілеті нашар балаларға арналған әрқайсысы 250 орындық республикалық дәрежедегі екі интернат салынады. Осындай интернаттарды жергілікті бюджет есебінен Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында салу жоспарланған.
  • Осы шаралардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің сапасын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет