Сөз тазалығы
Тіл мәдениетіне қажетті аса маңыз ы сапалардың бірі, тілімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы.
Ескерту. Әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер бар. Мысалы:республика, диктатура, формула (латын); грамматика, геометрия, физика, экономика, телефон, опера, симфония, газет (көне грек,рим); чемпион, руль, рельс, клуб, вокзал (ағылшын); бюро, депо, партизан, метр, кабинет (фран цуз); офицер, штаб, матрас (неміс) т.б.
Тіл тазалығы – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескі ген сөздерге жоламау, жер- гілікті сөздерден қашу (А.Байтұрсынұлы).
Таза сөй леу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлық тарын пайдаланып, «бөг де» сөздерді араластырмай сөйлеу (М.Балақаев). АРМАН-ПВ
4.Аудио жазбадан (08. mp3) «Сақ тан дыру тарихы» мәтінін тыңдаңдар. Қазақстандағы адам өмірін сақтандыру туралы не білесіңдер?
Мәтінде көтерілген мәселеге автормен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып,
сұрақтар құрастырыңдар.
5. Түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктеп жазыңдер.
6. «Адам өмірін сақтандыру дұрыспа, әлде бұрыс па?» тақырыбы төңірегінде пікір таластырыңдар. Кірме сөздердің қолданыс ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
Еуропа елдерінде халықтың 98%-ке жуығы сақ тандыру компанияларында өмірін сақтандырып қойған. Бір қызығы,адамның өзіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айна- лып барады. Мысалы, спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді.
Cтатисти калық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақ тандырған адамдар саны 25%-ті ғана құрайды. Халық өз өмірін сақтандырудың ти імділігі туралы біле бермейді.Сақ тандыру ком- паниясының негізгі мақсаты – денсаулыққа зақым келген жағдайда емделуге қаржылай көмек бе- ру; қайтыс болған жағдайда табысына тәуелді адам дарды қаржымен қамтамасыз ету. Заң бой ын- ша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғаларда бар. «Зейнеткерлер, мүгедектер, нашақорлар мен
алкогольді ішімдік тұтынатын тұл ғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмай ды», – дейді сақтандыру менеджерлері. Қазіргі таңда елімізде адам өмірін сақтандыратын 7 компания бар. Өмірді сақтандырудың бастапқы құны 150 мың теңге болса, жоғарғы құны 2 млн теңгені құрайды.(Дайындаған Ф.Бақыт)
7. Өтілген тақырып бойынша ойларыңды қорытындылап, «Креативті матрица» кестесіне түсіріңдер.Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша ойларыңды дәлелдеп, дискуссивті эссе жазыңдар.
Сөз саны – 80–100.
Достарыңызбен бөлісу: |