Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер


«Көпіршелер» және олардың ЖАдА-ға қатынасы



бет12/13
Дата11.05.2022
өлшемі1,6 Mb.
#142027
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1 лек

«Көпіршелер» және олардың ЖАдА-ға қатынасы


«Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора. Метафораға сәйкес, көпіршелер
уақытша құрал және баланың білім-дағды, білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндігі да- муына қарай орнатылып, нығайтылып, бөлшектеп немесе толығымен жойылуы мүмкін. Бастапқыда Вуд, Брунер және Росс (1976) айтқандай, сәбилердің алғашқы сөйлеуді игеруі және ата-ананың тәрбие беруі жағдайында көпіршелер – әлеуметтік құрастырылған үдеріс ретінде оқуға көмектесуді меңзейтін метафора (Выготский бойынша) болуымен бірге, оқудың басқа жағдайларында араласу және қолдауды бейнелеу үшін жиі қолданылады (Wood, 1998).
Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар болу керек:
а) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;
ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету;
б) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (Wells, 1999).
Аталған жағдайларды анықтауда мұғалімнің оқудың тиісті тәжірибесін құруүшіноқушының білім-дағдыларын дамытуға бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылады.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс- қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалогтік оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диа- лог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе білуіне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілсе, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндік олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады.
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті да- мытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.

Соңғы зерттеулер оқу қай жерде өтетініне қарамастан, жалпы белгілері болатынын дәлелдеді, атап айтқанда:


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет