«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосуда «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясы»
Орындаған: Турғынбай А.
Қабылдаған: Қыдырбекова Қ.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау.

Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.