Адамгершілік құндылықтардың мәні. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиеленуі


Адамгершілік құндылықтардың әдістемелік жолдары



бет2/3
Дата30.10.2022
өлшемі1,62 Mb.
#155751
1   2   3
Байланысты:
15шы

Адамгершілік құндылықтардың әдістемелік жолдары.

  • Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.
  • Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.
  • — Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
  • — Салт – дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу

Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндерде ғана емес, сыныптан тыс іс- шараларда,үйірме жұмыстарында рухани құндылықтарға баулуға болады. Мұндай жұмыс түрлеріне сынып жетекшінің эстетикалық әңгімесі, түрлі ой жарыстары, пікір таластарын жатқызуға болады.

  • Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндерде ғана емес, сыныптан тыс іс- шараларда,үйірме жұмыстарында рухани құндылықтарға баулуға болады. Мұндай жұмыс түрлеріне сынып жетекшінің эстетикалық әңгімесі, түрлі ой жарыстары, пікір таластарын жатқызуға болады.
  • Жасөсіпірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін түрлі жағымсыз жағдаяттардан сақтану мәселесі де ескерілуі қажет. Көбіне көптеген отбасыларда күнделікті тірлік қамымен балалардың рухани қажеттіліктері ескерілмей, екінші орынға жылжиды. Бала дұрыс, адамгершілік іс- әрекеттерді, салауатты өмір салтын, жақсы мен жаманды айыра білу, өзін — өзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыруы керек, қажет кезде өз бетімен шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауы үшін кішкентайынан өз дегенін іске асыруға баулу керек. Ал бұл дағдылардың барлығы жанұяда қалыптасады.
  • Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата- ананы оқу –тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс орнату мәселесі негізгі мәселе болуы тиіс.

Жас жеткіншектер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересектер қатарына қосып, өз бетімен тіршілік етемін деп қиял жетегімен кетеді. Бұл жастағы оқушылардың дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, қамқорлық, құнттылық, т.б. қасиеттер әсер етеді.

  • Жас жеткіншектер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересектер қатарына қосып, өз бетімен тіршілік етемін деп қиял жетегімен кетеді. Бұл жастағы оқушылардың дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, қамқорлық, құнттылық, т.б. қасиеттер әсер етеді.
  • Жасөспірімдердің немесе 10-11 сынып оқушыларының ғылымға, мамандықтаңдауға ынталары артады. Бұлар әділеттілік, борыш, ар- намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктерге көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым – қатынас жасауда өзін- өзін тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан бұл жаста көбірек ерік берген жөн. Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін іске асыруда қоршаған ортаның ықпалы орасан зор. Оқушылардың бойына тәрбие негіздерін дарыту мектепте оқытылатын барлық пәндерге бірдей жүктеледі. Әсіресе, оқушының адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі- тарих. Ол шәкірттердің бойында отансүйгіштікті, ұлтжандылықты,сенімділікті қалыптастырады. Қазақ халқындағы хандар мен билердің, шешендер мен жыраулардың орны бөлек. Тарих пәні оқушылардың рухани дүниесін байытып, өзінің қоғамдағы орнын табуға, ұрпақтың батырлығына көмек көрсетуді тудырады, олардың ізгі талап – тілектерін оятады. Сонымен бірге, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін, оқушылардың моральдық қасиеттерін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет