6.БОӘ биологиялық ғылыммен тікелей байланысты. Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау әдістерімен формалары өзгеше.
Биология ғылымының мақсаты- зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар, жаңа білім алу.
Мектеп биологиясының мақсаты- оқушыларды даяр ғылыми фактілермен заңдылықтармен таныстыру.
Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды артық информациясыз түсіндіреді.
Биология ғылыми өзінің даму кезеңінде жеке ғылымдарға бөлінсе (анатомия,систематика,т.б.),дифференциалданса, мектеп биологиясын-
да жеке ғылымдардың элементтері біріктірілген, интеграцияланған.
“Ғылымды ғылыми және педагогикалық баяндау- екі түрлі заттар”, К.Д. Ушинский.
Биология агрономиямен медицинаның негізі болып саналады.
2.БОӘ балалар психологиясымен байланысты.
3.БОӘ педагогика мен байланысты.
Өз пәніне қызығушылығы болмай, оқытушы биологияны оқыту процесінде әсіресе биология материалында тәрбиелеу процесінде мақсатына жете алмайды.
“Ғылыммен оқушыны тәрбиелегін келсе, өз ғылымыңды сүй және біл, сонда оқушылар өзіңдіде ғылымды да ұнатады, және сен оларды тәрбиелей аласың; егер өзің ғылымды сүймесен, қанша оқуға мәжбір етсеңде, ғылымның тәрбиелік әсері болмайды ”- Л.Н. Толстой.
7.Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.