Бәсекелестік белгілі бір мақсатқа жету жолындағы жарыс, тартыс түрінде көрінеді. Ол өзара ынтымақтастыққа, ізгі ниеттілікке негізделмеген жағдайда ашық соғысқа, бақталастыққа ұласады. Бәсекелестік адамның жетістікке жетуіне өз септігін тигізіп, пайдалы қызмет те атқарады;
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы 31 қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жариялады.
«Ал қазір келесі маңызды белестің алдында тұрмыз. Ертең қаңтардың отыз бірінде менің халыққа жолдауым ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы жолдауымда ел дамуының тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Басты тақырып – «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» деп аталады. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген, болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз» — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.