Дененіжалпыдамытатынжаттығулар. Денені жалпы дамытатын жаттығулар - бұлшық еттердің жекелеген топтарын - иіннің, кеуденің, құрсақ шандырының, аяқтың және басқа жерлердің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Олардың міндеті сүйек-бұлшық ет аппаратын дамыту және нығайту, организмның негізгі физиологиялық жүйелерін жаттықтыру жолымен баланың дене бітімін дұрыс қалыптастыру болып табылады. Бұл жаттығулар қозғалыстарды басқаратын жоғары психомотор орталығында жаттықтырады, бірінші және екінші сигнал жүйесінің өзара байланысты қызметін жетілдіреді және саналылықты, еркіндікті, орындалу дәлдігін талап етеді. Денені жалпы дамытатын жаттығулар біртіндеп бүкіл организмді әрекет ететін жағдайға тартуға, организмнің жалпы өмірлік қызметіне көмектесетін физиологиялық процестерді күшейтуге бағытталған.
Жаттығулардың бірінші тобы иық белдеуі бұлшық еттерін дамытуға және күшейтуге бағытталған. Олар көкірек қуысы тыныс өрісінің кеңеюіне және ұлғаюына көмектеседі, диафрагманы, барлық тыныс алу бұлшық еттерін күшейтеді, терең тыныс алуға мүмкіндік жасайды (жауырындарды жақындастыруға және олардың арасындағы алшақтықты азайтуға көмектесе отырып) арқаның бұлшық еттерін күшейтеді, омыртқаны тікейтеді.
Жаттығулардың екінші тобы құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық ететтерін дамытуға және күшейтуге бағытталған. Олар қарынның бұлшық еттерін күшейтуге көмектеседі, ол бұлшық еттер ішкі органдарды жедел қимыл кезінде шайқалудан сақтайды (секіру, секіріп түсу және т.б.). Бұл жаттығулар аяқ пен табан бұлшық еттерін дамытады, күре тамырларда қанның іркілуіне кедергі жасайды (алақанды тізеге тіреу, жартылай тізе бүгу, жүрелеп отыру және т.б.).
Жаттығулардың үшінші тобы арқаның бұлшық еттері мен омыртқаның иілгіштігін дамытуға және күшейтуге бағытталган. Бұл жаттығулар тұлғаның дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды және кеуде алға қарай иілген және жан- жаққа қисайған кезде, сондай-ақ оңға, солға бұрылған және кеуде айналған кезде омыртқаның иілгіштігін дамытуға көмектеседі. Осыған орай соңғы жаттығудың негізгі шарты-омыртқаның иілгіштігін қамтамасыз ету, бұл үшін жаттығуды отырып орындау кезінде малдас құрып отырып, жамбастың орналасуын бекіту немесе аяқтар бір-бірінен ажырап, тік тұрған кезде (кеуденің айналуы кезінде) аяқты нық басу (оларды қозғалтпау) тиімді болады.