Адамның өсу және даму заңдылықтары. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі және дамуы



бет7/7
Дата23.09.2022
өлшемі22,29 Kb.
#150562
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адамның өсу және даму заңдылықтары

Эмоциялық өрісті дамыту. Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп есептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда, шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату ммаңызды емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірлік тәжірибесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күннен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т. Б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарлық «іңгәсі» қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Жағымды сезімнің алғашқы белгілері жымиып күлу сәби дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айдың соңы мен екінші айдың басында, оның өзінде ол бала-ның көзі бір нәрсеге түскенде, немесе үлкендердің жылы сөз айтып, еркелете шақырғанына жауап ретінде байқалады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: жағымды сезімнің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.Бірте-бірте балада үлкендерге бағытталған жандану комплексі деп аталатын ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі дегеніміз баланың өзіне қарап еңкейген адамға, көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер — баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Жандану комплексінің пайда болуы жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең арасындағы шекара болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет