Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Мүшріктердің сенімсіздіk тaнытyы



бет86/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Мүшріктердің сенімсіздіk тaнытyы
Исра мен Миғраж муғжизасына сенбегендерімен қоймай, мүшріктер қайтсек, қай жерден ши шығарамыз дегендей Хазірті Мұхаммедке (с.а.у.) әр қилы сауал қойып, мазалауларын тоқтатпады. Біреулері:
“Меккеден түйенің ең таңдаулысын мініп жолға шыққанның өзінде Шамға бару-қайту екі ай алады. Бір түнде барып келдім деуі ылғи-шылғи өтірік” десе, екіншілері, бұған дейін Ақса мешітінде болғандары:
“Көргенің рас болса Ақса мешітін суреттеп берші” - деп құйғытты.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
“Әрине, бардым” - деп жауап береді өзіне нық сеніммен.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) онан кейін болған жайды баяндады:
“Әйтеуір бір сәйкессіздік табамыз деп, мүшріктер менен ойларына келгенін сұрап, әбден мезі етті. Сол кезге дейінгі мазалағандары түк емес пе деп қалдым.
Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағалам Мені қиындықта жалғыз астамады. Ақсадағы қасиетті мешітті суреттеп беруді сұрағанда, Аллаh Тағала көзімнің алдына мешіттің бейнесін толық әкелді. Соған қарап тұрып сұрағандарын айтып шықтым. Неше есігі бар екенін санау ойыма да келмеген еді. Мүшріктер оны да сұрады. Көз алдымдағы елестен санап, түр-түсіне дейін тәптіштеп айттым”.
Мүшріктер айтарға сөз таппай:
“Айтқандарының бәрі дұп-дұрыс” - деп, бас шайқасты. Бірақ өкініштісі, сонда да иманға мойын бұрмады.
Хазіреті Әбу Бәкірдің құптауы
Меккеліктер арасында көңілдері Исламға бұра тартқанмен, Миғраж оқиғасына күмәнмен қарағандар да бар. Осы таңғажайыпты ести сала олар жұбын жазбастан Хазіреті Әбу Бәкірге келді:
“Уа, Әбу Бәкір! Жан жолдасың Мұхаммедтен (с.а.у.) хабарың бар ма? Ол бүгін түнде Ақса мешітіне барғанын, көкке көтеріліп намаз қылып, Меккеге қайта оралғанын айтады” - деді.
Хазіреті Әбу Бәкір:
“Осының бәрін Мұхаммедтің (с.а.у.) өз аузынан естідіңдер ме?”
Келгендер: “иә” деп жауап берді.
Хазіреті Әбу Бәкір:
“Уаллаһи, егер ол айтқан болса, шәк келтірулерің орынсыз. Оның сөзінде зәредей күмән болуы мүмкін емес, маған сеніңдер” - деді де, сол бойда Расулаллаһқа барды.
“Уа, Расулаллаһ! Сен халыққа бүгін түнде қасиетті Ақсаға барып келгеніңді хабарладың ба?”- деп сұрады.
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) “иә” деуі мұң екен, Хазіреті Әбу Бәкір:
“Сен айтсаң – шындықты айтасың. Мен сенің Аллаhтың хақ елшісі екеніңе куәмін”- деді.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):
“Әзіз досым! Сенің сыддық екенің онсыз да мәлім”- деді.
Сол күннен бастап Хазіреті Әбу Бәкірдің атына Сыддық сипаты қосыла аталатын болды…Сыддық – шүбәсіз растаушы дегенді білдіреді… Исра сүресінде (9-12) Миғраж жайлы баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет