Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



бет91/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Хазраж өкілдері мыналар:
1) Әбу Умама Әсад ибн Зурара;
2) Саад ибн Рәби;
3) Рафи ибн Малик;
4) Абдуллаһ ибн Рәуаха;
5) Абдуллаһ ибн Амр;
6) Бәра ибн Маарур;
7) Сааб ибн Убада;
8) Убада ибн Самид;
9) Мүнзир ибн Амр.
Әус руының өкілдері:
1) Үсәййід ибн Хұдайр;
2) Саад ибн Хәйсама;
3) Әбул Хәйсам Малик ибн Таййіхан.
Бұлардың қай-қайсысы да Мәдинаның құрметті азаматтары еді. Білімділігімен, жөн білерлілігімен ерекшеленген жандар болатын…
Пайғамбарымыз оларға қарап:
“Хауарилердің Мәриям ұлы Исаның алдында өз қауымының өкілдері болғаны сияқты, сіздер де тайпаларыңыздың атынан кепілсіздер. Ал мен меккелік муһажирлердің36 өкілімін”- деп, он екі адамдық топқа басшы етіп Әсад ибн Зурараны белгіледі.
Өкілдер өздерімен бірге келген руластарына пайғамбарымызға серт берудің маңызын түсіндірген соң олардың әрқайсысы жеке-жеке Хазіреті Мұхаммедпен (с.а.у.) қол алысып, ант берді. Тек топтағы екі әйел пайғамбарымызбен қол алысқан жоқ. Ауызша ант ішісті.
Осы ант беру рәсімі бір жағынан мәдиналық және меккелік мұсылмандар ынтымағының көрінісі іспетті еді.
Ант беру рәсімі, алдын-ала ойластырылғандай түн қараңғысында, көптің көзінен таса жерде ұйымдастырылды.
Солай бола тұра серт беру аяқтала бергенде түн тыныштығын жара айқайлаған дауыс естіледі:
“Ей, құрайыштар! Неге мүлгіп жатырсыңдар? Мұхаммед пен аталарының дінінен безген мәдиналықтар сендермен шайқасудың жайын кеңесуде”.
Мұсылмандар әп-сәтте сапырылысып қалады. Дауыстың нақ кімдікі екенін ажырата алмағанмен Мүнәббих ибн Хажжаждікіне ұқсатты. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
“Бұл – Ақабаның шайтаны” - деді де мәдиналық мұсылмандарға:
“Жылдам өз орындарыңызға барып жайғасыңыздар!” - деп бұйырды.
Сол кезде мәдиналық Аббас ибн Убада:
“Уа, Расулаллаh! Рұқсат етсең, таңмен таласа қылышымызды қайрап, Мина халқына шайқас ашып, құдайларын естеріне түсірсек”- деді.
Бірақ Расулаллаh сабырлы қалпынан айнымаған күйі:
“Жо-жоқ, бізге мұндай әрекетке кірісу әмірі әлі берілмеді. Әзірше шапшаң жатар орындарыңызға қайтыңыздар” - деп, мұсылмандарды қайтарады.
Таң алагеуімнен бір нәрседен сезіктенген мүшріктер болған оқиғаның шындығын үйрену үшін тіміскілене бастады. Бірінші өздері сияқты пұтқа табынатын мәдиналықтарға сұрау салды. Мардымды жауап ала алмаған соң мәдиналық мұсылмандардың тынышын алды.
Алайда олар ештеңе білмегенсіп, үндемей құтылды.
Құрайыш мүшріктері мұнымен де қалмай, қайтадан Абдуллаһ ибн Үбайдан сұрайды. Ол болса:
“Сендердің айтып отырғандарың үлкен шаруа. Мұндай нәрсе болған жоқ. Жерлестерім менімен мұндай мәселені кеңескен емес. Олар Мәдинада менімен кеңеспей ештеңе істемейтін еді” - деді.
Осыдан соң құрайыш мүшріктері мәдиналық пұтқа табынушылардың бұл мәселе жөнінен бейхабар екенін түсінді…
Егер Пайғамбарлар Сұлтаны (с.а.у.) болған жайды тіс жарып ешкімге айтпауларын ескертпегенде, істің ақыры насырға шаппасына кім кепіл?!
Мәдиналық мұсылмандар елдеріне кеткеннен соң мұсылмандар арасындағы келісімнің анық-қанығына көз жеткізген мүшріктер сандарын соқты. Кәпірлердің кейбіреулері өлерменденіп мәдиналықтардың ізіне түсіп, қуғын салды. Абырой болғанда, мұсылмандар едәуір ұзап кеткен еді. Тек Саад ибн Убада мен Мүнзир ибн Амр қолға түсіп қалады… Мүнзир айла шарғысын асырып, құтылып кетеді де, Саадты құрайыш қаныпезерлері Меккеге алып келіп, азаптайды. Ақыры, не керек, бір кездері Мәдинада үйінің төрінен орын беріп, қонақ етіп күткен екі мүшрік оны танып, аман алып қалады.
Еліне оралған мәдиналық мұсылмандар енді екі көздері төрт болып, Хазіреті Мұхаммед пен меккелік муһажирлердің келуін күтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет