3-үлгі. Мақалаға берілетін аңдатпа Аңдатпа Қонақжайлық қазақ халқының санасындағы басты моральдік норма ретінде ғасырлар бойы қазақ мәдениетінің қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Бұл мақалада қазақтың ұлттық санасындағы «қонақжайлық» концептісінің алатын орны мен мәні талданып жазылды. Ұлттық санада «қонақжайлық» ұғымының алғаш қандай мәнге ие болғаны және қазіргі таңда қандай мәнде қолданылатыны талданды. Сондай-ақ, мақалада ұлттық салт-дәстүрдің фразеологизмдерде көрініс табуы қарастырылды. Яғни, «қонақжайлық» концептісін ашатын бірнеше фразеологизмдер жинақталып, топтастырылды. «Қонақжайлықтың» қазіргі қазақ халқының санасындағы орны мен мағынасы ассоциациялық эксперимент арқылы анықталды. Түйін сөздер: сана, ұлттық сана, тілдік сана, қонақжайлық, концепт, фразеологизм