Adv3205- «Адвокатура»


Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде



бет91/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде:

  • қоғам мүддесіне қайшы келмейтін азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау ғана ортақ мүддеге сай келетіндігін ескеруге;

  • заңнама нормаларын дұрыс және дәл қолдануға;

  • заң көмегіне жүгінушіге оның құқықтары мен міндеттерін, құқықтық жүйе қызметі принциптерін түсіндіре отырып кеңес беруге;

  • өз клиентінің мүдделеріне іш тартуға тиіс.

Адвокаттың мінез-құлқы ол заң көмегін көрсету кезінде де, күнделікті тіршілігінде де заң мен адамгершілік принциптеріне сай болуға тиіс.
Адвокат кәсіби мінез-құлықты ережелерінің рухын әрдайым ұстау керек. Оның негізгі қағидалары:
1. жеке адвокаттың тиіссіз міне-құлықтары адвокатураның және сот төрелігі жүйесінің қоғам алдындағы беделіне зиян келтіруі мүмкін. Сол себептен адвокат жаңылысып, лайықсыз болып көрінетін мінез-құлықтан қашық болуы қажет
2. Сот жүйесі барлық істерді әділ және өз мәнінде қарау үшін арналған. Адвокат сот жүйеісне өзгертулер туралы адвокаттың өзінің және де заң кәсібінің, сондай-ақ сот төрелігінің қоғам алдында беделін түсіретін пікірлер мен ұсыныстардан қашу керек.
Сөйтіп, адвокаттық әдеп – бұл адвокатура туралы қолданыстағы заңнама, адвокаттар алқасы Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік этика Тәртіптері шеңберінде реттелетін және адвокаттық мінез-құлқы нормасынан туындаған практика. Оның мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен міндеті абыройлы қорғау.
Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ. 
Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады. 
Адвокат клиент айтқан немесе тапсырысты орындау барысында белгiлi болған жағдайлар мен фактiлерге қатысты мәлiметтi, сонымен бiрге кез-келген клиенттің оған кеңес сұрап келген фактiсiн қатал құпияда ұстау керек және клиенттен айқын және бiр мағыналы тапсырыс берiлмейiнше және заңмен талап етiлген немесе заңмен қаралған жағдайлар туылғанға дейiн бұндай ақпаратты қатал құпияда ұстау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет