А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



бет16/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

Мәтін №6 
Бұғнай ойыны көгалдарда, үлкен бөлмелерде өтеді. Ойнаушылардың жас
ерекшеліктері ескерілмейді, ойнағысы келгендердің бәрі қатысады.
Ойнаушылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. Ойын
жүргізуші ойнаушыларды айнала отырғызып, "бірінші бұғнай", "екінші
бұғнай", "үшінші ..." тағысын тағы, ең соңына дейін отырғандарды санап
шығады да, "Пәленінші бұғнай",- деп дауыстайды. Аты аталған бұғнай орнынан
атып тұрып, келесі біреуін шақыруы керек. Әдетте, малдас құрып отырған
балалар, жүресінен немесе жамбасымен отырған қыздар бірден тез тұра алмай
қалады. Ал, кейбір сақ отырған ойыншылар аты аталмай тұрып кетеді. Осындай
орнынан уақытында тұра алмай қалған және аты аталмай атып тұрып кеткен
ойыншыларға жаза қолданылады. Ондай адам көпшіліктің ұйғарымымен ортаға
шығып өнер көрсетеді.(«Қазақтар» анықтамалығынан)
1.Ойында ойнаушылардың көп болуының себебі



22
A) Ойын қызықты өтуі үшін


B) Бұғнайлардың шексіз болуы үшін
C) Өнер көп көрсетілуі үшін
D) Ойынның шарты сондай болғаны үшін
E) Үлкен бөлмеде ойналатындықтан
2. Бұғнайдағы қыздардың отырысы
A) Малдас құрып отырады
B) Нық отырады
C) Тікесінен отырады
D) Жамбасымен жатады
E) Жүресінен отырады
3. Жаза қолданылатын сәт
A) Аты аталған соң тұрып кетсе
B) Аты аталмай отырып қалса
C) Уақытынан бұрын тұра алмай қалса
D) Аты аталып тұрып кетсе

E) Шарт орындалмай тұрып кетсе


4. Мәтіннің тірек сөздері
A) Адам, біреу
B) Жамбас, кейбір
C) Көгал, адам
D) Бұғнай, ойыншы
E) Бұғнай, үлкен
Мәтін №7

Қорқыттың нақыл сөздері
Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі
зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған... Оғыз
тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана
қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған.
Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған.
Қорқыт атадан мынадай нақыл сөздер қалыпты: «Тәңірге сиынбаған
адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу
болмайды. Тәңірі бендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз
адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен
қаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн
тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін
ғана жейді. Сулар тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді
толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін
жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама
бағып, қаққаныңмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген
соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген сөзді де
айтпас. Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас. Қара есектің басына жүген



23
таққанмен – тұлпар болмас. Күңге сары пай шапан жапқанмен – бәйбіше


болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға бармас. Гүлденіп өскен
бәйшешек – күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас.
Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған
мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан
тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де
жарамас.»
1.Қорқытқа тән сипат
A) Көреген
B) Оқыған
C) Зияткер
D) Бақсы
E) Көрсеқызар
2.Тағдыр туралы айтылған нақыл сөзі
A) Оның жазуынсыз адам жамагдық көрмейді.
B) Гүлденіп өскен бәйшешек – күзге бармас.
C) Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
D) Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
E) Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас.
3. Қорқыттың ақылынсыз ешбір жұмыстың орындалмауының мәнісі
A) Қорқытқа барлығының бағынышты болғанын көрсетеді.
B) Қорқыттан күллі тайпаның қорыққандығын көрсетеді.
C) Қорқыттың өз тайпасының көсемі болғандығын көрсетеді.
D) Оның мысының басып тұрғандығын көрсетеді.
E) Қорқыттың қиын мәселені шешетін көрегендігін көрсетеді.
4.Мәтін мазмұына алшақ ой
A) Ел ешқандай жұмысқа қол ұрмаған.
B) Барлығы Қорқыттың кеңесін алған.
C) Оның барлық болжамдары қате болған.
D) Қорқыт Баят руынан шыққан.
E) Оғыз тайпаларына танымал болған.




24



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет