А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


Мәтін мазмұын ашатын тақырып



бет25/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

1. Мәтін мазмұын ашатын тақырып
A) Торғайлардың сипаты
B) Торғайлардың түрі
C) Торғайлардың ерекшелігі
D) Торғайлардың тіршілік ортасы
E) Торғайлардың азығы
2. Торғайлардың тірлік ортасы
A) Шөлейт жерлер
B) Ашық алаңқайлар
C) Ауылдық жерлер
D) Тоғайлы мекен
E) Сулы мекендер
Мәтін №2 



37
Алтын тамыр – ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп


тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы
дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді.
Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде
тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы
қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы
қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл – тек алтын
тамырға ғана тән қасиет.
Емдік қасиетіне тоқталар болсақ, Алтын тамыр 400 жылдан астам
уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол, әсіресе, қытай
медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып
келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Біздің еліміздің
ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы
дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде
1931 жылы совет ғалымы Г.В.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды
Алтай тауларынан тапты.
Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми медицинада қолданылып, аз
уақыттың ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды. Құрамында
глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы
бар. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді
адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағанды басатын дәрі ретінде
пайдаланады. Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен
қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады. Өсімдікті қайнатып трахоманы да
емдейді. Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат
беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе, ой еңбегімен айналысып, шаршаған
адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет