А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


Катонқарағай ұлттық саябақ аумағының көлемі



бет39/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

7.Катонқарағай ұлттық саябақ аумағының көлемі 
A) 643 мың гектар
B) 215 мың гектар
C) 248 мың гектар
D) 1368 мың гектар
E) 335 мың гектар
8.Рахман көлінің «өлі көл» аталуының себебі
A) Көлге ешкім түспейтіндіктен



57
B) Көлдің тым мөлдір болғандығынан


C) Суында балықтар жоқ болғандықтан
D) Көлде балықтан басқа жәндік болмағандықтан
E) Суы өте суық болғандықтан
9.Ұлттық саябақтың қызметкерлері туралы айтылатын бөлім 
A) 8
B) 7
C) 4
D) 3
E) 2
10. Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) 215 мың гектарында орман орналасқан.
B) Ол жақта қызықты бірнеше объект бар.
C) Ұлттық саябаққа тікұшақпен баруға болады.
D) Сізге көлік жолдарының картасы қажет.
E) Ұлттық саябақта 335 мемлекеттік инспектор бар.
11.Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз 
1.Ол жерге жету үшін карта керек.
2. 215 мың гектары орман бар.
3.Әкімшілік басқару алты бөлімнен тұрады.
4. Онда флора мен фаунаның алуан түрі бар.
5.Қазақстандағы ең үлкен ұлттық саябақ.
A) 5, 2, 4, 1, 3
B) 2, 1, 4, 3, 5
C) 5, 2, 4, 3, 1
D) 5, 1, 4, 3, 2
E) 4, 1, 5, 3, 2
12. Катонқарағай ұлттық саябағына тән сипаттама
A) 643 мың гектар орманнан тұрады.
B) Суында балықтың барлық түрі бар.
C) Ең көрікті туристік аймақ
D) Ұлттық саябақта «өлі көлдер» көп.
E) Парк аумағында 20 орманшылық орталық бар.
Мәтін №4 
1.Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі.Балықтар класының
көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су
қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан
түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған.
Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері
мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің
алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды.
Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті
элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Сондықтан да,



58
жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияқты болады.


Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер
кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп
сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті
сүйектердің
жоғарыда
көрсетілген
жамылғы
сүйектерден
елеулі
айырмашылығы болмайды.
2.Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезен
аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден
желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып
тұратын қақпағы болады.
3.Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады.
Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың
терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік алады.
4.Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді
қабығы болмайды. Біразы тірі туады.Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс
тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос
тыныстылар және саусақ қанаттылар.Шеміршекті сүйектілерге бұл класс
тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты
түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті
балықтарға ұқсайды ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол
скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті
сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті
балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның
болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы
бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетеронеркальды, жұп қанаттары
қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады.
5.Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар:
қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезен қақпаларының болуы, желбезен
сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал
олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады.
Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдыңғы және
артқы) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек
қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше
қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты
басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар
қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын
денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне
шығады. Арқа және ұсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен
балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.



59
6.Алабұғаның басынан басқа денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген


сүйекті қабыршақтар жауып тұрады. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп,
екінші шеті сыртқы шығып жатады. Сол, сыртқы шығып жатқан бөлімінің
сыртында ұсақ тіс сияқты бұдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды
ктенондты қабыршақ деп атайды. Сүйекті балықтардың көптеген түрлеріне -
карп, сазан тағы басқаларының қабыршақтарының сырты тегіс болады. Мұндай
қабыршақтарды циклондты қабыршақ деп атайды. Басынан құйрығына дейін,
бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы
дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді. Бүйір сызығының өткен жерін
сыртқы қабыршағына қарап білуге болады. Бүйір сызығы өткел жерлерде
қабыршақтарында қатарласып орналасқан тесіктері болады. Осы тесіктері
арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен қатысады. Сырттан қабылданған
әсерлер, сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есту органдарының
қызметін атқарады. Балықтардың көру органы жақсы дамыған. Сондықтан
судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады.
Сол сияқты судың терең немесе таяу қабаттарында жүргенін осы бүйір сызығы
арқылы сезеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет