Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Қоғам өміріндегі ғылымның ролін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм



бет34/91
Дата17.01.2023
өлшемі382,79 Kb.
#165709
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Байланысты:
А а о ытушы Дагарова Жанар міржан ызы саба т рі Д ріс ара ан

2. Қоғам өміріндегі ғылымның ролін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм


  • Сциентизм-антисциентизм (лат. sсіеntіа – ғылым) – негізінде ғылымның әлеуметтік рөлін абсолюттеу, сәйкес алғанда ғылымның қоғамдық эталон ретінде және адамның әлемдегі бейімделуі үшін жеткілікті жағдай ретінде ғылымның маңызын мойындайтын немесе жоққа шығаратын қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарастар.

  • Сциентизм – арнаулы-ғылыми таным ғылыми-теориялық қызметтің жалғыз мүмкін болатын типі және құндылықты-нейтральды, рационалды, сондықтан барлық әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті бәрін қамтитын дүниетанымды жасауға жеткілікті негіз қалайды деп есептейді. Басқаша айтқанда ҒТР-дің игілікті әсерлеріне, ғылымның болашағына үлкен сеніммен қарайды, оның адамзат өмірінің түбірлі мәселелерін шешудегі мүмкіншіліктерін шексіз деп санайды.

  • Сциентизм өзінше мәдени және дүниетанымдық үлгі болатын жаратылыстану мен техникалық ғылымдардың жетістіктеріне, нәтижелеріне және әдістеріне бағдар (ориентир) жасайды, өйткені ғылым адам ақылының дамуының жоғары сатысы деп танылады. Сциентизм өзінің теориялық негіздеуін неопозитивизмде, ал дүниетанымдық шешуін Д.Беллдың технократиялық социологиясында алды. Ол постиндустриалдық қоғам концепциясын ұсынды, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басымдылығына (доминирование) көшу және ғылыми-техникалық мамандардың жаңа басқарушы табының қалыптасу мүмкіншілігі бар деп есептеді.

  • Антисциентизм – қоғамдық прогресс идеясынан түңілуді білдіретін, ғылымның мүмкіншіліктерінің шектеулігін көрсететін, оның және ол туындатқан техниканың адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп қарастыратын ұстаным (ғылымнан, техникадан, «қорқу, үрку»). Екінші жағынан, антисциентизм адамның және оның іс-әрекеттерінің рационалды табиғаты туралы идеяның өзін сынауға бағытталған және экологиялық көзқарас пен табиғатқа және қоршаған дүниені дәстүрлі, техногенді емес амалдармен игеру идеологиясына оралумен тығыз байланысты. Антисциентизм идеялық дамуын Франкфурт мектебі шеңберінде және ғылым мен техниканың деструктивтік (бүлдіруші) сипатын мойындатқысы келген әсіресе Маркузеде алды.

  • .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет