Қағаз бен қатырмақағазды өңдеу әдіс-тәсілдері



бет1/4
Дата10.03.2022
өлшемі34,75 Kb.
#134955
  1   2   3   4
Байланысты:
Қағаздар


 Қағаз бен қатырмақағазды өңдеу әдіс-тәсілдері.

  1. Қағаз және қатырма қағазды өңдеудегі технологиялық операциялар.

Қағаз – ағаш діңдерінен жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда Бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді. Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан бір текті халіге келеді.Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді. Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндірлердің арасынан өтіп,құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады.
Қағаз-қағаз жасау машинасында қағаз массасына құйылады. Қағаз жасау машинасы 4 бөліктен тұрады:
1)Торлы 3)Кептіру
2)Пресстік 4)Қағазды жайып өңдеу.
Бұл машинаның жылдамдығы ені 7-8 метр болған кезде минутына 800метр өнімділігі 1 сағатта 30 тонна басылым қағаз. Қағаз массасы үздіксіз ағыммен қағаз жасау машинасының торына келіп түседі. Жұқа талшықты қағаз қабат бірте-бірте ылғалдан ажырайды. Престеу бөлімінен келгендепрестің қысымы арқылы қағаз массасынын су сығылады.Кептіру бөлігінде қағаз лентасы кептіру цилиндірі арқылы кептіріліп құрғақтылығы 95% жетеді. Ылғал қағаз лентасын сыртқы механикалық әсерден қорғау үшін престеу ж/е кептіру бөліктерінде қағаз лентасының астына қосымша астар салынады.
Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.
Қағаз – өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Қағазды алудың технологиялық процессі: ағаш материалын дайындау, тамалдау арқылы өндіріске әкелу, ұнтақтау, қағаз алу. Қазіргі кезде қағаз алудың шикізаты болып ағаш және целлюлоза болып табылады.
Басылым қағаздар келесі талаптарға сай болуы керек:
1) Ылғалдылығы 6-8%
2) Механикалық жағынан берік ж/е басылым процесі кезінде қалыпты жағдайларды қамтаммассыз етуі керек.
3)Қағаз парақтарының шеттері тік бұрыш пішінді болу керек қисықтығы 0,2% аспауы керек.
4)Бір партиядағы қағаздардың парақтары қалыңдығы, тығыздығы ж/е басқа да қасиетті жағынан бірдей болуы қажет. Басылым қағаздарының қалыңдығы ж/е тығыздығынан басқа да сапа көрсеткіштері бар, олар:
1)қағаздың ақтығы-лейкометр құраммен анықталады.
2)қағаздың тегістігі-пниматикалық құрал Беккамен анықталады.
3)қағаздың ылғалдылығы-термостант құралымен анықталады.
4)қағаздың қалыңдығы-ТБ-3 құралмен анықталады.
5)қағаздың иілгіштік ж/е жұмсақтық қасиеттері-ИЗВ-1 құралымен анықталады.
6)басылым қағаздарының басылым бояуларының сіңіру қасиеті-ИГТ.
Қатырма ең алдымен қоңыр ж/е ақ ағаш массасынан, сабан массасынан, ақау массасынан яғни макулатурадан дайындалады. Тек қана арнайы жасалған қатырмалар (жоғары сапалы) целлюлозадан ж/е маталық жартылай массадан макулатураның жоғары сорттарынан жасалады. Қатырма өндірісі қағаз өндірісіне ұқсас қатырманы құю үшін қатырма жасағыш машинаның 4 типі қолданылады:
1)жазық торлы
2)папочкалы екі целиндрлі
3)көп целиндрлі
4)көп түрлі.
Ағаш массалы қоңыр қатырма беті тегіс бір келкі өңделген ешқандай қыртысы жоқ болуы керек. Қатырманың түсі берілген үлгі түсіне сәйкес болуы керек, көп жағдайда оның түсі дайындалған талшықтың түсіне ұқсас болады.Қатырманың ылғалдығы 12%-дан аспауы керек, себебі қатырма қатты диформацияға ұшырағанда ылғалдылық әсер етеді. Полиграфия өндірісінде қатырманың мына түрлері қолданылады:
1)ағаш массалық қоңыр қатырма
2)түптеу қатырмасы
3)түрлі түсті қатырма
4)прессшпан қатырмасы
5)қораптық қатырма
6)хром-эрзоц қатырмасы
7)гофириленген қатырма
8)матрицалық қатырма.
1)Түптеу қатырма түптеу жұмыстарында қолданылады, ол негізінен А,Б,В,Г болып (маркалы) шығарылады.
А маркалы қатырма құрамына 20% - талшықты материалдар қосылып сұр ағаш массасынан дайындалады ж/е білікті колондрде колондіріледі.Қатырманың қалыңдығы 1,25-3мм, тығыздығы 0,7-0,95г/см³.
Б-маркалы қатырма макулатура талшықтарынан ақ ағаш массасы ж/е целлюлозадан дайындалады, қалыңдығы 0,5-3мм, тығыздығы 0,6-0,95гр/см³.
А,Б маркалы түптеу қатырмалар өзара желімдейді.
Б маркалы қатырма қолмен үстеу жұмыстарында ж/е кітап футлярында дайындауда қолданылады.Мұқабалық қапты механикалық жолмен дайындауда А маркалы қатырма қолданылады.
В маркалы қатырма өзара пресстелген қарапайым қабаттардан тұрады.Сыртқы қабаты 90% ағартылмаған целлюлозадан тұрады ж/е сәйкес түске боялады, ал ішкі қабаттары табиғи талшықтың түсіне сәйкес. Қатырма өзара конифолъді желіммен желімденеді қалыңдығы 0,4-0,9мм, тығыздығы 0,6-0,95гр/см³.
Г маркалы қатырма екі қатырма негізді желімдеу арқылы дайындалады.Қатырманың бұл түрі тұрақты пішінімен ж/е бетінде қыртыстың болмауы мен ерекшелінеді. Түптеу қаптарын дайындау машинасында жұмыс істегенге өте ыңғайлы.
Пришпан өте иілгіш, мықты, жылтыр, табиғи талшықтың түсіне ұқсас н/е тапсырыс берушінің ұсынысына байланысты белгілі бір түске боялған жұқа қатырма, қалыңдығы 0,35-1,2мм, пресшпан 2 маркалы болып шығарылады А маркалы 100%сулъфатты боялмаған, ағартылмаған целлюлозадан тұрады.
Б маркалы пресшпан қатырмадан целлюлозадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет