Жансыздандырушы белсенділігі бойынша новокаиннан 2,5 есе күшті және 2 есе ұзағырақ әсер етеді (шамамен 60 минут).
Улылығы новокаинмен бірдей
тіндерге тітіркендіргіш әсер көрсетпейді,
тез сіңіріледі
тыныштандырғыш, ауыру сезімін басатын, аритмияға қарсы әсер көрсетеді.
Анестезия тез басталады (2-3 мин. кейін) және жұмсақ тіндерде 90-120 мин дейін, пульпа деңгейінде 5-10 мин дейін созылады.
Жанама әсерлері: гипотония, ұйқышылдық, бас айналу, амнезия, құрысу, тремор, улы тахиаритмия, көрудің нашарлауы, тыныстық жеткіліксіздік.
Аллергиялық реакциялар
Артикаин (ультракаин)
тамыртарылтқыш затпен глюкозаның комбинациясынан тұрады.
Әсері жылдам пайда болады (егуден кейін 0,3-3 мин өткенде).
Әсер ету ұзақтығы 4 сағатқа дейін созылады, себебі препарат сүйекке және басқа тіндерге жиналады.
Көрсетімдер: пломбаның астында қалатын қатты ұлпаларды тазартып дайындағанда; ауыздың сілемейлі қабатын кесіп тілетін жағдайларда, пульпаның экстирпациясы мен ампутациясында, тістерді жұлғанда.
Жанама әсерлері: жүректің айнуы, тремор. Қанға көп сіңіп кеткенде жүректің жұмысын тежейді, қанның қысымын төмендетеді тынысты тежейді.
Бупивакаин – ең белсенді, күшті анестетиктердің бірі (лидокаиннан 4 есе белсенді), сонымен қатар өте ұзақ әсер ететін анестетик (8 сағат). жақ-бет хирургиясында инфильтрациялық, өткізгіштік және эпидуралдық анестезия кезінде қолданады.
Жанама әсерлері - құрысу, жүрек қызметінің төмендеуі.
Мепивакаин – әсер ету ұзақтығы орташа анестетик (2 сағатқа дейін). Әсері тез басталады. 1%, 2%, 3%-дық ерітіндісі инфильтрациялық және өткізгіштік, сонымен қатар жұлындық анестезия үшін қолданылады.
Жергілікті анестетиктермен уланған кезде таралған құрысулар байқалады.
Бұл кезде дереу диазепам (седуксен) салу қажет, себебі ол құрысуға қарсы ең күшті дәрі. Тыныс алу және қанайналым орталықтары тежелген кезде ОНЖ ширықтыратын заттарды қолдану қажет (бемегрид, этимизол сияқты аналептиктер),