Сөздік.................................................................................................100 Әдебиеттер........................................................................................112
Алғы сөз
«Ағылшын тілінің практикалық курсы» бойынша жазылған бұл оқу құралда тілдік емес ЖОО-ның бірінші курс студенттерінің тілдік, сөйлеу, коммуникативтік біліктіліктіліктерін кешенді түрде қалыптастыруы қарастырылған. «Мен және менің айналам» атты бірініші тақырып берілген. Оқу материалының мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген типтік бағдарламасына сәйкес келеді.
Студенттердің ағылшын тілінде монологтық және диалогтық тілінің дамуы лексика және грамматиканы функционалды-коммуникативтік жағынан ұйымдастырудың негізінде көзделеді. Тақырыптық лексика сөз қорын байыту мақсатында тақырыпшаларға бөлінген. Осындай функционалды тәсілмен берілген лексика тақырыптық циклдың аяғында студенттердің продуктивті монолог құруына қызмет етеді. Сонымен қатар, осы кезеңде студенттер тақырыптық өрістегі белсенді қолданылатын грамматикалық құралдардың қызметін алдын-ала бақылайды, сөздердің дұрыс айтылуына назар аударады. Келесі кезеңде грамматикалық құзіреттілікті қалыптастыру мақсатында аталған тақырыптың лексикасына негізделген бағдарламалық грамматикалық материал белсенді түрде енгізіледі. Сонымен, лексикалық және грамматикалық материалының өзара байланысуы монолог құруда қажетті негіз болады. Диалогтық түрде сөйлеу дағдысын дамыту кезеңінде студенттер қарым-қатынас үдерісінде тез арада ақпарат беруді, сұрақ-жауапта қатысуды, талап етуді және т.с.с. тактикалар мен стратегияларды меңгеруді үйренеді.
Бес және одан көп тақырыпшалардан тұратын студенттердің өздік монолог шығаруы оқу үдерісінің аяқтау кезеңі болып табылады.
«Мен және менің айналам» атты тақырыпты меңгеруге бөлінген оқу сағаттарының саны оқытудың несие жүйесіне сәйкес үйлестірілген (8 сағат - практикалық сабақ, 10 сағат – СӨЖ).
Студенттердің білімдерін мемлекеттік бақылау мазмұнын ескеру мақсатында оқулыққа лексикалық және грамматикалық біліктілікті тексеруге тест тапсырмалары енгізілген.
Ұсынылған оқулық жеті тақырыпқа сәйкес 7 бөлімнен тұратын оқулықтар кешенінің бірінші бөлімі болып табылады.
Тілдік емес ЖОО-ның 1 курс студенттері мен ағылшын тілінен білімдері мен дағдыларын жетілдіруді қалаушылар үшін және ЖОО-да оқытудың несие технологиясы бойынша жұмыс істейтін оқытушылардың жұмысын жеңілдету үшін жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |