Ағылшын тілі пәнінің апталығы 2017-2018 оқу жылы 15 20 қаңтар аралығында english language – is a world language



Дата15.08.2023
өлшемі55,56 Kb.
#179847
Байланысты:
апталық қорытынды ағылшын тілі пәні


Ағылшын тілі пәнінің апталығы 

2017-2018 оқу жылы 15-- 20 қаңтар  аралығында «ENGLISH LANGUAGE – IS A WORLD LANGUAGE» атты  ағылшын тілі  пәні апталықтың қорытындысы 
бойынша  анықтама
15- 20 қаңтар   2018 ж. аралығында ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты:
Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру;
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.
15 қаңтар   мектепішілік саптүзеуде апталықтыңашыуыболды. Апталықтың ашылуында мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тіліндегі ән-жырмен салтанатты түрде қатысты.Апталықта өтілетін іс-шаралармен ағылшын тілі ПӘ жетекшісі А. Миржибаева таныстырып өтті.
Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс-шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды. 
Дүйсенбі күні " Sights of London" тақырыбында 5-11 сыныптар аралығында қабырға газеттерін шығарудан сайыс болды. Бұл сайыста 7,8,9,10 сынып оқушылары өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп газеттерді жоғары деңгейде шығарды. Сондықтан 1 орындарды 9" а" және 7 "а" сыныбына берілді.2 орындар 8,11 сыныптарға берілді
Сейсенбі күні 11" а" сыныбында ағылшын тіліненен" Менің таңдаған мамандығым " тақырыбында коучинг сабақ өтті. Пән мұғалімі А. Миржибаева өткізді. Сабақ жоспарына 7 модульдің 5-еуін енгізді. Бағалау модулі бойынша «Бірін-бірі бағалау» түрі алынды. Коучинг сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді,рольдік ойындарды да тамаша сомдап көрсетті. Мұғалім оқушыларға көптеген қызықты мәлімет, көрсетті. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі көрініп тұрды.
Сәрсенбі күні " The best English song " тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында өлеңдер сайысы болып өтті. Оқушылардың айтқан өлеңдері пән мұғалімдері тарапынан тексеріліп отырды. Нәтижесінде мынадай оқушылар марапатталды . 7 сыныптан Шәкен А мен Тұрсынбай М 1 орынмен, 7 сынып оқушысы Кенжаева М 2 орынмен және 9 сыныптан Садуақас С 3 орынмен марапатталды.
17.01 күні "Calcium"тақырыбында кіріктірілген сабақ өтті.Пән мұғалімі Раджапова Н. биология пәні мұғалімі Бамуратов м ағаймен бірлесе отырып жүргізді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады және бірін-бірі бағалады. Нәтижесінде биология пәнін оқушылар ағылшын тіліндеде меңгере алатынын көрсетті.
17.01 күні " Summarizing the chosen books " тақырыбында Раджабова М апай 7 сыныптармен ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жақсы өтті. Оқушылар белсенділік танытты.Үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келген. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Сабақтың талдауы бойынша айтылған ұсыныс – уақытты үнімдеп пайдалану.
Бейсенбі күні " Үш тіл патшалығында " атты сыныптан тыс шара 7-11 сыныптар арасында кеш түрінде өтілді. Оқушылар жақсы дайындалып келгендігі көрініп тұрды. Ол жерде оқушылар ағылшын тілінде жаттау, ән, бимен қатар көріністер де көрсетті. Кеш өте қызықты өтті.
18.01 күні " Pets and wild animals."тақырыбында 1 сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі Раджапова Н. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасады және кішкентай болсада ағылшын тілін жақсы үйренгендері көрініп тұрды.
18.01 күні ". At the zoo."тақырыбында МАДТ оқушыларымен пән мұғалімі Назарова Ш ашық сабақ өтті.. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасады және кішкентай болсада ағылшын тілінде жануарлардыңатауларын жақсы , қатесізайтып берді.
18.01 күні " Music " тақырыбында Сариева Ұ апай 5 сыныптармен ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.Үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келген. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Сабақтың талдауы бойынша айтылған ұсыныс – уақытты үнімдеп пайдалану.
Жұма күні" Seasons and month " тақырыбында 3 сыныпта ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Миржибаева А . Сабақ жақсы өтті. Мақсаты оқушыға бағытталған. Сабақта көрнекіліктер қолданылып оқушының жұмыс жасауына жағдай жасалды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады.
Сенбі күні 17.01 күні " Blood circulation "тақырыбында кіріктірілген сабақ өтті.Пән мұғаліміМиржибаева А. биология пәні мұғалімі Смайлов Б ағаймен бірлесе отырып жүргізді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады және бірін-бірі бағалады. Нәтижесінде биология пәнін оқушылар ағылшын тіліндеде меңгере алатынын көрсетті. Оқушылар шет тілі бойынша меңгерген білімдерін көрсетіп, апталықтың мәнді өтуіне ат саласты.
Мектепішілік лездемеде апталықтың қорытындысы бойынша белсенді қатысқан сыныптар марапатталып мадақтамалар берілді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет