Қорытынды
«Қазақстан – 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі жоғарғы интелектуалды жастарды жан жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Елдің болашағы қазіргі жас жеткіншектердің қолында екенін сезінетін ұстаздар жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда. Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқытуды ізгілендіру қазіргі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол- мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.
Ұстаздардың алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру.Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Шетел тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр. Менің ойымша, шетел тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді қолдану оқушылардың шетел тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайдалану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан, мұғалім өзінің кәсіби іс әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, шетел тілінен өткізетін сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады. Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлай қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, шетел тілі мен екінші тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.Ағылшын тілінде музыка тыңдап, ән айтқызу, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыканың адамның сезіміне әсер етіп қандай ой туғызуына байланысты шет тілінде шығарма жазып келу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен әсер етеді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарын арттыру мақсатында жүргізілген мұндай жұмыстар олардың тек қана ойлау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, шетел тіліндегі сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде ауыз екі тілдесу іс әрекетінің белсенділігінің артуы және лексико грамматикалық материалды меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып табылады. Ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісі мен құрылымын қалыптастыру оқушылардың білім сапасын жақсартатыны нақтыланып көрсетілді. Жалпы білім беретін мектептерде жаңа ақпараттық инновациялық коммуникативтік технологиялар арқылы оқытудың мазмұнын айқындауға ұсынылатын негізгі дидактикалық қағидалардың жүйеленуі, тілдік білім беруде жаңа технологияларды қолданудың мәнін ашып көрсетеді және оқу материалдарын, оқыту түрлерін дұрыс таңдауға жол ашады. Жұмыстың мақсаты-жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқыту барысында ақпараттық иновациялық, коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөйлей алатын, тыңдап түсінетін, жазатын тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен білікті оқушының бойына сіңіру, соған тәрбиелеу. Ол үшін ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақ жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болмысын жүйелеу. Оқушылардың бойында ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологияларын меңгерту үлкен істің бастамасы. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды:сын тұрғысынан ойлау, ойын түрлері, жоба әдісі, компьютер, интернет, диалог, интерактивті тақта қолданылды. Аталған технологиялар арқылы өтетін оқу үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, қалыптасуларына жол ашады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз - бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Міне осындай әдіс тәсілдерді шетел тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тек қана шығармашылық қабілеттері емес, ауызекі және жазба тіліндегі білігі мен дағдылары жетіледі. Ұстаз әр оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, оқушылардың мүмкіндіктерін, жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықтарын арттыра түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н « Материалы Интернета на уроке английского языка ». Иностранные языки в школе -2001.,№1,стр.96.
2. Алхазишвили А.А., «Основы овладения устной иностранной речью». Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам – важное средство интеллектуального развития учащихся. «Методика преподавания иностранных языков в вузе», 1993.
3. Бегалиев Т. Педагогика – Тараз: ТарМУ, 1999 6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003
4. Зимняя И.А., « Психология обучения иностранным языкам в школе». Қ.Р-ның білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000.
5. Карпова А.С «Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка». Иностранные языки в школе.-2002. №4, стр.73.
6 Кузьмичева Т.Н. «Технические средства в обучений английскому языку». - М. «Просвещение», 2001.
7. Пассов Е.И., «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению»-М.:Просвещение, 1985.
8. Полат, Е.С. «Интернет на уроках иностранного языка». «Иностранные языки в школе», 2001.,№3,стр.5.
9. Howatt A.P.R. Programmed learning and the language teacher.-London, 1999. Using the language laboratory. Ed. By John D. Turner. University of London Press, LTD, 1988.
10. Нұрланбекова Е. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 2005ж. 17-18 беттер. Петрова, Светлана Владимировна, Рудавин, Олег Николаевич. Английский язык , сборник тем.-2005, стр.18.
11. Полякова, Татьяна Юрьевна. Английский язык для диалога с компьютером.-Изд.3-е, стереотип.-М.: Высш.шк. 2005.-стр.165
12. Тубышева Қ., «Модульдік оқыту техналогиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту – тәрбиелеу технологиясы, №4, 2007ж..35-36 беттер.
13. Эналеев, С. Триединство общей цели, Языковая политика, Казахстанская правда. – 2007.-16августа.-стр-6.
Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5
10.Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9
11. Л. А. Кравченко, И. Ф. Ахметова Использование интерактивной доски на уроках иностранного языка в средней школе. Английский язык в школе, 2008г. №1
Достарыңызбен бөлісу: |