Ағзада дәрілік заттардың таралуы биологиялық тосқауылдар. қорға жиналуы



Дата24.09.2024
өлшемі20,88 Kb.
#205038
Байланысты:
Документ (1)1


ағзада дәрілік заттардың таралуы. биологиялық тосқауылдар. қорға жиналуы
Дәрілік зат сінгеннен кейін қанға, одан кейін әртүрлі мүшелер мен тіндерге өтеді. Дәрілік заттардың көпшілігі бірдей таралмайды және тен аз бөлігі ғана - салыстырмалы түрде біркелкі (мысалы, наркозга арналған кейбір ингаляциялы заттар) таралады. Дәрілік заттардың таралуына олардың таралу жолдарында кездесетін биологиялық тосқауылдар айтарлықтай ықпал етеді: капиллярлардын қабаты, жасушалық (плазмалық) мембраналар, гематоэнцефалдық жане плаценталық тосқауылдар.
Мембраналарында саңылаулары (адамда саңылаудың өлшемі орташа 2 км құрайды) бар капиллирлар қабаты аркылы көпшілік дәрілік заттар оңайырак өтеді. Сарысу белоктары және олардын препараттармен жиынтығынан басқалары. Суда жақсы еритін гидрофилді қосылыстар капилларлардың кабырғасындағы саңылаулар арқылы өтеді және аралық кеністіктерге түседі Олар насушаның белок фосфолипидтік мембраналары арқылы мүлдем өтпейді (жасуша ішіне тен тасымалдаушы жүйенің қатысуымен түсуі мүмкін). Липофилді қосылыстар капилларлардың эндотелиі және жасуша мембраналары арқылы жақсы етеді.

Гематоэнцефалдың тосқауыл арқылы көптеген дәрілік заттардың өтуі қиын болады. Бұл мидың капилларларының құрылыстық ерекшеліктеріне байланысты. Ең алдымен, олардың эндотелиінде саңылаулар жок, олар арқылы кадімгі капиллярларда көптеген дәрілік заттар өседі. Мидың капиллярларында пиноцитоз мүлдем болмайды.Эндотелийлердің сыртқы бетін жауып тұратын глиалдық (астроглия) элементтердін де белгілі маңызы бар, сіра бұл липидтік мембраналарда қосымша рөл атқаруы. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы полярлы қосылыстар нашар өтеді. Ми тініне липофилді молекулалар оңай өтеді Гематоэнцефалдық тоскауыл арқылы дәрілік заттар негізінен диффузия жолымен, ал кейбір косылыстар - белсенді тасымалдану натижесінде өтеді.


Гематоэнцефалдық тоскауылдың мүлдем тиімділігі жоқ мидың аздаған жеке бөлігі (эпифиз аймағы, гипофиздің артқы бөлігі) бар. Кейбір патологиялық жағдайларда (мысалы, ми қабығының қабынуы негзінде), гематоэнцефалдық тосқауылдың өтнізгіштігі жоғарылайтындығын ескерген жөн.


Гематоанцефалдық тосқауыл арқылы дәрілік заттардың өтуі Р-глинопротеиндік насоспен де реттеледі. Ол дәрілік заттың мидан канға өтуін (effux irranaporter) қалыптастырады, сонымен қатар бірқатар іс қимылыстардың қаннан ОЖЖ-не өтуіне кедергі жасайды.
Плаценталық тосқауыл күрделі биологиялық
тосқауыл болып табылады. Ол арқылы липофилдік қосылыстар (диффузия жолымен) өтеді. Иондалған полярлы заттар (мысалы, төртіншілік аммоний тұздары) плацента арқылы нашар өтеді. Пллацента да Р-глинопротеиндік насос бар. Таралу біршама дәрежеде препараттардың сол немесе басқа тіндерге туыстығына байланысты. Мүшелер немесе тіндердің қанмен қаркынды қанмен қамтамасыз етілуінің де белгілі бір маңызы бар. Дәрілік заттың көп мөлшері, оның енгізілетін жолдарында жиналып қалуы мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ағзада айналып жүрген дәрілік заттар жасушадан тыс және жасушалық қор түзе
отырып, кейбір бөлігі байланысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет