Антиномия —шешілмейтін қайшылық.
Антропоцентризм — дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес «адам» дегеніміз- әлемнің орталығы және асқар шыңы.
Априори —Өзге тәжіреден бұрын және оған тәуелсіз алынған, әуелден санаға тән білім.
Ақиқат- өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика,сайып келгенде оның өлшемі болып табылады.
Волюнтаризм- ақиқат атаулының бастапқы негізі ерік деп танитын философиялық бағыт.
Гиллозоизм – бүкіл дүние тіршілікке толы деген деген көзқарас. hyle - грек сөзі, материя, zoe - өмір, тірі деген мағына білдіреді). Яғни, Фалес жанды бүкіл дүниедегі заттардың ішкі қозғайтын күші ретінде қараған.
Достарыңызбен бөлісу: |