Аграрлық Өнеркәсіп кешенін дамытуда инновациялық технологиялардың маңыздылығЫ



Pdf көрінісі
Дата14.12.2021
өлшемі151,09 Kb.
#126276
Байланысты:
2 5233555866518557481



АГРАРЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДА  

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

Ахмедьяров Е.А., Джакупова А.Н. 

Көкшетау қ.,  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті   

Aimgul.Djakupova@mail.ru 

Елбасы  Қазақстан  халқына  жолдауында:  «Шағын  және  орта 

кәсіпкерліктің дамуының жаңа идеологиясы құрастырылуы тиіс, және әрбір 

кәсіпкер Қазақстандық ортаға тез еніп, инновацилық экономикада өз орнын 

табуы керек», деп айтылған. 

Ауыл  шаруашылығы-  бұл  материалдық  өндірістің  ерекше  саласы 

болып есептеледі,  және  басқа да салаларымен  қатар  ұлттық шаруашылық, 

яғни ұлттық экономика құрылымына жатады. Мемлекеттің экономикасының 

бөлігі  бола  тұра,  салалар  мақсаттары  мен  міндеттріне,орналасқан  жері  мен  

мәнділігіне 

байланысты 

ажыратылады. 

Салалардың 

жиынтығы- 

агроөндірістік  кешенін  (АӨК)  құрайды.  Аграрлық-өнеркәсіптік  кешен 

(Аграрнопромышленный  комплекс;  лат.  'agrarius',  және  complexus  — 

байланыс,  үйлестіру)  -  іс-әрекеті  өзара  тікелей  немесе  жанама  байланысты, 

халықтың 

азық-түлік 

қажеттіктерін 

қанағаттаңдыруға 

бағытталған 

салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы.  

АӨК-ні  салаларының  әлемдік  рынокта  бәсекелестік  қабілетіне 

байланысты және олардың бәсекелестік әлеуетін кеңейту мүмкіндігіне қарай 

АӨК-нің барлық салаларын үш негізгі топтарға бөлуге болады: 



бірінші  топ

  –  азық-түлікті  шетке  шығаруға  бағдарланған  және  тамақ 

өнімдерін сыртқы рынокта сату үшін өндіретін салалар; 



екінші  топ

  -  әлемдік  рынокқа  өнімдердің  бәсекеге  қабілетті  түрлерін 

өндіру  үшін,  тиісінше,  өндірістік  және  ғылыми-техникалық  әлеуеті  бар 

салалар; 



үшінші  топ

  –  негізінен  халықтың  қажеттілігін  қамтамасыз  ету  және 

ішкі рынок сұранымын қанағаттандыру үшін азық-түлік тауарларын өндіруге 

бағдарланған салалар; 

Агроөнеркәсіп 

кешенінің құрамына 

 

 мемлекеттік  



шаруашылықтардың барлық түрлері, 

 

акционерлік  



қоғамдар,  

шаруа қожалықтары, 

 

серіктестіктер, 



өзге де  

ауыл шаруашылық құрылымдары жатады. 

Инновациялық экономиканың құрылуы елдің одан әрі дамуының басты 

бағыты  және  міндетті  жағдайы  болып  келеді.  Бұл  орайда,    инновациялық 

саясаттың  құрылуына  жүйелі  жол  салу  маңызды  болады.  Қысқа  тарихи 

мерзім  кезінде  ұлттық  инновациялық  жүйелерді  құрған  елдер  белдік  ішкі 

өнімнің ғылыми сыйымдылығының өсуіне жетті.  

Ұлттық  инновациялық  жүйені  құру  үшін  ғылыми  –  техникалық 

потенциалды  дамыту  керек  қана  емес,  сонымен  қоса  қолданбалы  зерттеу 



аймағын  дамыту  керек,  оған  фундаментальді  ойларды  коммерциялық 

қолдануға дейін жеткізетін жаңа инфрақұрылымды орта қажет. [3] 

Сондықтан  елдің  алдыңда  инновациялық  бизнеспен  айналысатын 

кәсіпкерлердің  жаңа  сыныбын  құру  тапсырмасы  тұр.  Олар  білімдерді, 

ойларды,  патенттерді  нарыққа  ұсыну  үшін  табуға  қабілетті  болуы  тиіс. 

Инновациялық  кәсіпкерлік  ғылыми  –  техникалық  және  өндірістік  аймақтар 

арасында  делдалдық  рөлдің  дамуын  қарастырады.  Инновациялық 

кәсіпкерліктің  соңғы  мақсаты  -  әлемдік  нарықта  бәсекеқабілеттілігі  жоғары 

болатын ғылыми сыйымды өнімді шығаруды тез жасайтын кең кәсіпорындар 

жүйесін құру. 

Жаңа технологияларды енгізу қиын мәселе. Оның шешімін іздегенде әр 

түрлі  елдер  әртүрлі  жолдарды  таңдайды.  Дамыған  елдерде  жасалынған 

зерттеу  жұмыстары  барысында  кіші  инновациялық  кәсіпорындар 

шығындардың  1%-а  ірі  кәсіпорындарға  қарағанда  17  есе  артық  жаңа 

енгізулер мен ғылыми өңдеулерді енгізеді. Дамыған елдердің инновациялық 

саясатын зерттегенде ұлттық инновациялық жүйелерді құру тұрақты жұмыс 

істейтін ірі коорпорациялар болғанда ғана тиімді болатыны байқалды.  

Шағын  кәсіпкерлікте  инновациялық  технологиялардың  жоғары 

тиімділігіне келесі ерекшеліктер тән: 

-

 



нарықтық  қатынастарға  шағын  бизнес  тез  үйренеді.  Бұл  оның 

прогрессивті  технологиялардың  тұрақты  және  ұзақ  мерзімді  тұтынушысы 

болуына мүмкіндік береді; 

-

 



ол мобильді, яғни оларды әрдайым аккумулирлеуге ынталы

-

 



өндірістің  көлемі  аз  болуынан  жаңа  технологияларға  көшемен 

байланысты жоғалту қауіпі төмен; 

-

 

шағын  кәсіпорындардың  жеке  өндірістік  буындарда  орындалатын 



инновациялар ірі қаржылы шығындарды талап етпейді; 

-

 



шағын  кәсіпкерлік  құрылымдарды  тез  басқару  жаңа  технологияларды 

тез жетілдіруге және енгізуге мүмкіндік береді. 

Прогрессивті  технологияларды  үйренуді  өңдеу  үшін  ғылыми 

қызметкерлері  бар  жақсы  лабороториялық-зерттеу  базасының  болуын  талап 

етеді. Кәсіпорындар өз жағынан жаңа технологияларды құруға, кең ауқымды 

қолданыста болатын және өндірістің өсуіне ықпалын тигізетін зерттеу және 

өңдеу  жұмыстарына  инвестициялық  көмек  көрсетулеріне  болады.  Егер 

шағын    кәсіпорындар  ішкі    нарыққа  импортың  орнын  басатын 

бәсекеқабілетті тауарды шығарса бұндай мүмкіндіктер көбееді, табыстардың 

бір  бөлігін  зерттеу  және  өңдеу  жұмыстарын  қаржыландыруға  жіберуге 

болады. [4] 

Дамыған  елдерде  кәсіпкерлік  қызметтің  инновациялық  секторына 

жағымды  жағдайлар  жасалынады.  Бұл  мақсатта  экономикалық  және 

бюджеттік саясаттың келесі шарттары қолданылады:  

-

 

жеке сектордың инновациялық дамуының шығындарын өнімнің өзіндік 



құнына кіргізу; 

-

 



жылдамдатылған  амортизация  нормаларымен  ғылыми  құрал  – 

жабдықтардың бір бөлігін жазып көшіру;  




-

 

ірі корпорацияларда ғылыми шығындардың көлемін өсіруге және кіші 



және  орта  бизнесті  жаңа  технологиялар  аймағындағы  инновациялық 

қызметке  тартуға  мақсатталған  салықтық  жеңілдіктердің  мекен  –  жайлы 

жүйесін қолдану;  

-

 



ғылыми  –  техникалық  өңдеулерді  жеңілдікпен  несиелендіру  және  ірі 

жобаларды  үлесті  қаржыландыру,  венчурлы  қаржыландырудың  дамуына 

институционалды жағдайларды жасау;  

-

 



инновациялық  кәсіпорындарды  құру  үшін  мемлекеттік  мүлікті  немесе 

жерді  тегін  беру  немесе  жеңілдік  талаптарда  беру,  және  де  аймақтарда 

ғылыми инфрақұрылымды. 

  

Ауыл  шаруашылығы  саласында  өте  көп  инвестицияны  қажет  ететін 



аяқталмаған  өндірістердің    Қазақстанның   агроөнеркәсіп өндірісінің келесі 

ерекшеліктері – мұнда жақын  

шет елдерге қарағанда агроөнеркәсіп  

кешеніндегі салалалық сәйкессіздіктер  

көзге бірден 

көрінеді, 

ауыл 

шаруашылығы   өнімдері  мен шикізатын өңдеумен,  оларды  сақтаумен   және 



тасымалдаумен   айналысатын қор шығаратын сфералар  мен салалар,  сондай-

ақ, жалпы агроөнеркәсіп  инфрақұрылымы нашар дамыған.  

 Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешенінде (АӨК) кейінгі жылдары жалпы 

ішкі  өнімнің  (ЖІӨ)  7-8  пайызы  қалыптасады,  яғни  еліміздің  сыртқы  тауар 

айналымының  орта  есеппен  4  пайызға  жуығы  АӨК  үлесінде 

өнімдерімен бірге сыртқа  шығарылып   отыратын.  Еңбекке  жарамды 

халықтың  үштен  бір  бөлігінен  астамы  осы  аграрлық  салада  қызмет  етеді. 

Ұлттық  индустриалдық-инновациялық  экономиканы  қалыптастыруда  АӨК-

нің  стратегиялық  рөлі  айтарлықтай  орасан.    Алайда,    инвестициялардың 

ұлғая  түсуіне  қарамастан,  АӨК-нің  бәсекеге  қабілеттілігі  төмен  деңгейде 

қалып отыр. Өндірістік қуаттарды жаңғыртудың, отандық және шетелдік ең 

озық технологияларды ауыл шаруашылығы өнімінің отандық индустриясына 

енгізудің баяулығы аграрлық саланың технологиялық тұрғыда артта қалуына 

негізгі  себептердің  біріне  айналған.  Аграрлық  секторы  дамыған  елдер 

жоғары  экономикалық  дамуға  ие.  Мысалы:  АҚШ,  Австралия,  Дания, 

Голландия, Аргентина, Бразилия және Канада. ХХІ ғасырдағы әлемдік ауыл 

шаруашылығы  өндірілетін  өнімнің  ғылыми  сыйымдылығын  арттыруға 

бағытталған. Бұл арқылы әлемдік деңгейдегі ауыл шаруашылығы ұйымдары 

ішкі  азық-түлік  нарығында  сұраныс  пен  ұсыныстың  теңгерімін 

тұрақтандыруға,  әлемдегі  озық  нарықтарға  оңай  енуге  және  ұлттық  ауыл 

шаруашылығы  тауарын  өндірушілерді  ығыстырып  шығаруға  мүмкіндік 

алмақ.  Яғни,  осыған  орай,  Қазақстан  да  аграрлық  секторды  инновациялық 

тұрғыда дамыту міндеттерін ұтымды шешуге талпынуы қажет. 

Ғылыми-зерттеу  үдерісі  мен  инновациялық  қызмет  АӨК-ні  дамытудың 

маңызды бағыттары болып табылады, олар ғылым мен техника жетістіктерін 

қолданудың  негізінде  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  үздіксіз  жаңартып 

отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта елімізде экономиканы дамытудың 

маңызды  факторы  ретінде  ресурс  үнемдейтін  инновациялық  технологиялар 

айрықша рөлге ие.  



Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-

ақ  топырақ  құнарлылығын  сақтап  қалпына  келтіру  мәселелері  егіншіліктің 

ресурс  үнемдейтін  технологияларын  енгізу  арқылы  жүзеге  асырылуда. 

Мұндай  технологиялар  топырақты  өңдеу  әдісін  қолданудан  бас  тартуға 

негізделген.  Ресурс  үнемдейтін  технологиялардың  шешуші  қағидаларының 

бірі  рентабелді  ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  және  топырақ 

құнарлылығын жақсартатын дақылдарды қамтитын ауыспалы егісті қолдану 

болып  табылады.  Технологияларды  қолдану  арқылы  топырақтың 

құнарлылығын  арттыру  –  ең  тиімді  экономикалық  бағыт.  Әртүрлі 

табиғаттық-климаттық  жағдайларымен  ерекшеленетін  өңірлерде  өндірістің 

тұрақтылығын жақсарту, топырақтың жел арқылы немесе су арқылы тозуын 

болдырмау,  су  ресурстарын  пайдалануды  және  бүкіл  экологияны  жақсарту, 

қаржы  және  энергетика  ресурстарын  үнемдеу  –  егіншілікте  ресурс 

үнемдейтін  технологияларды  енгізудің  артықшылықтары  ретінде  танылған. 

Егіншіліктегі ресурс үнемдейтін технологиялар ауыл шаруашылығы тауарын 

өндірушілерге  экологиялық  және  экономикалық  әртүрлі  жағдайларда 

қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі мен 

тұрақтылығын  арттыратын  егіншіліктің  икемді  жүйелерін  қолдануға 

мүмкіндік  береді.  Ресурс  үнемдейтін  технологияларды  енгізу  үшін,  ең 

алдымен, ресурс үнемдейтін технологияларға арналған қазіргі заманға лайық, 

бәсекеге  қабілетті  техника  өндіруді  қолдауға  және  дамытуға  бағытталған, 

ауыл  шаруашылығының  жаңа  техникаларын,  сонымен  бірге  тұқым  себетін 

кешендік  машиналар  сатып  алуды  қаржыландыруға  бағытталған,  жаңа 

агротехнологияларға  бейімдеп  оқыта  отырып  қолданбалы  зерттеулер 

жүргізуге бағытталған жүйелі мемлекеттік қолдау қажет. 

Шетелдік ең озық технологияларды ауыл шаруашылығына тарту ұлттық 

ішкі  жалпы  өнімдегі  ғылымды  қажетсінетін  ауыл  шаруашылығы  өнімін 

молайтуға  ықпал  етеді,  аграрлық  өнеркәсіп  кешеніндегі  инновациялық 

қызметтің  тиімді  құралдарының  бірі  және  саланың  техникалық-

технологиялық  тұрғыда  артта  қалушылығынан  құтқаратын  маңызды  шара 

болып табылады. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Тоқсанова А.Н. «Кәсіпкерлік қызметтің негізі», Астана, 2009жыл 

2.

 



Бердалиев К. Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», алматы: 

Экономика, 2001 жыл  

3.

 

Сәбден  О,  Тоқсанова  А.    «Шағын  кәсіпкерлікті басқару»,          Алматы: 



Білім, 2002 жыл. 

4.

 



 «Қазақстан 2030» ҚР даму стратегиясы   

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет