КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам бойындағы агрессия мәселесi қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердiң бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтiк қауіптi құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудiң негізгi объектісі болып отыр.
Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтiлік» деген екi ұғымның бірбiрiне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегендi білдіреді) - бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттелiп тура бағышталған қиянат.
Агерессивтiлік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндiре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтiлік осындай әрекетке дайындық.
А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледi. Оны мынандай сызба түрiнде ұсынады.
Адамдар үнемi қауіпті агрессивтi әрекеттер жасайды. Нелiктен олар мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан берi маңызды дискуссиялардың пәні болып келедi. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелiнген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткiзетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |