«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


сурет. Мөлдектердің тәжірибелік және есептік көлемі мен қорғаныш алқаптары



бет25/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

14 сурет. Мөлдектердің тәжірибелік және есептік көлемі мен қорғаныш алқаптары:


ABCD және DCEF – тәжірибелік мөлдектер, abcd и d1c1ef – есептік мөлдектер

Кейде тәжірибе жұмысын механикаландыру мақсатында егістік тәжірибенің әдістемесін машина мен өңдегіш құралдарына бейімдеп мөлдектің көлемін дәлелсіз өсіреді, осының нәтижесінде зерттеудің сапасы төмендейді. Сондықтан егістік тәжірибе жұмысын ойдағыдай орындауға шағын трактор, тұқым себетін сеялка, өңдегіш құралдар мен комбайндарды қолдану, зерттеу жұмысының өнімділігін және тиімділігін арттыра түседі.


Мөлдек пішіні. Егер учаске топырағының ала-құалығы жөніндегі мәліметтер белгілі болса, мөлдектің бағыты мен пішінін бақылау егісін бөлшектеп есептеу жоспары арқылы талдағаннан кейін анықтайды. Сол кезде ғана учаскенің ала-құлалығы варианттардың барлығына мөлдектің пішіні арқылы бірдей бөлінеді. Мұның өзі варианттарды бір-бірімен салыстырып бағалауға өте қолайлы. Мөлдектің пішіні әртүрлі болады. Шаршы мөлдектің ұзындығы мен енінің бір-біріне қатынасы бірдей болып келеді. Мыса-лы, 10×10 м немесе 5×5 м. Тікбұрыш пішінді мөлдектің ұзындығы көлденеңінен 2-10 есе артық болуы тиіс. Мыса-лы, 5×20 м, 4×20 м, 5×50 м. Егістік тәжірибені баурайларда жүргізгенде мөлдектің ұзын пішінді болғаны дұрыс. Сонда ғана топырақ құнарлылығының ала-құлалығы варианттарға бірдей бөлінеді.

Егер егістік тәжірибе сызбасында варианттар саны көп болып, мөлдектер көлемін 100 немесе 200 шаршы метр етіп алған жағдайда олардың ұзындығы енінен 100 еседен артық болғаны дұрыс.


Егістік тәжірибеде ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша көлемі мен қайталау саны бірдей болған жағдайда, ұзын пішінді мөлдектің дәлдік көрсеткіштері жоғары бола-ды (1 кесте).


Топырақты өңдеу, тұқымды себу жұмыстары әр мөлдекте бөлек орындалатындықтан ұзын пішінді мөлдекте тыңайтқыш енгізу техникасы мен оны дақылдың қатар аралықтарына беру мәселелерін зерттеуде қолданған жөн. Ұзын пішінді мөлдектің кемшілігі варианттардың жақын орналасу салдарынан бір-біріне әсері күштірек болады.



58 59


1-кесте. Мөлдек пішінінің тәжірибе қателігіне әсері






Шаршы













Қайталау

және

Тәжірибе

Ұзын

Тәжірибе




қысқа

пішінді




саны

қателігі, %

қателігі, %




пішінді

мөлдек



















мөлдек













16

47×75

8,76

141×25

3,14




10

37×11

3,27

185×2,2

2,26




12

6,7×6,7

7,84

26,7×1,7

5,48




10

12,7×8,6

5,49

51,1×2,1

2,68




15

8,5×8,5

5,22

34,1×2,1

3,52




8

16×8,5

4,14

63,9×3,1

3,23






















6

33×30

8,10

200×5

4,83




Сондықтан мөлдектің екі қапталындағы қорғаныш алқаптарының енін ұлғайтудан оның есепке алатын көлемі кемиді.


Қорғаныш алқаптары. Егістік тәжірибе топырағын өңдегенде (жырту, тырмалау) тыңайтқыштың көршілес мөлдекке ауысуы тұрақты түрде болатын құбылыс. Мөлдектің жиегіндегі дақылдардың тамырлары қоректік зат-тарды көршілес мөлдектен және аралық жолдағы алқаптан пайдаланады. Сондықтан мөлдектің жиегіндегі өсімдіктің өсіп дамуы оның ортасында орналасқан өсімдіктерден өзгешелеу болады.

Мұндай келеңсіз жағдайдан аулақ болу үшін мөлдектің жан-жағынан қорғаныш алқаптар қалдырады. Қорғаныш алқаптарының ені себілетін дақылдың түріне байланысты. Көбінесе мөлдектің екі жақ бүйіріндегі қорғаныш алқаптың енін 0,3-1,5 метр, ал суармалы егіншілікте 2-3 метрге дейін өсіреді. Мөлдектің бас жағы мен аяқ жағынан қорғаныш алқап үшін 2-5 метрге дейін жер қалдырады (15 сурет).


76,4 м

28,8 м



В1

В

1 қайталау

2 қайталау

3 қайталау

С

25 м С1


  • 15 м

7,2 м
2 м

6 м

30 м



А1

А

4 қайталау




5 қайталау

6 қайталау D

D1




























































15- сурет. Егістік тәжірибенің сызба түріндегі жоспары

Егістік тәжірибені учаскеге дұрыс орналастыру мүмкіндігінше әр варианттың топырақ ала-құлағын толық қамтуына ықпал етеді және оларды өзара салыстыруға қолайлы жағдай жасап, тәжірибе нәтижелерінің нақтылығы мен дәлдігін арттырады.


Учаскеде егістік тәжірибені орналастыруда, оның әдістемесінде көрсетілген талаптар бұлжытпай орындалуы тиіс. Тәжірибені кеңістікте орналастыру әдісін таңдауда топырақ құнарлылығы, сызбадағы варианттар саны және тәжірибені жүргізуге қажетті құрал жабдықтар мен техникаларды есепке алады. Мөлдек көлемі ықшамды, әрі тәжірибе өнімін бір немесе екі тәулікте жинап алатындай болғаны дұрыс. Варианттардың барлық қайталауларын бір учаскеде орналастыруды тұтастыра орналастыру дейді. Тұтастыра орналастырғанда қайталаулар тәжірибе учаскесінде бір, екі немесе бірнеше қатарда болады. Тәжірибені жүргізуге ең қолайлысы қайталауларды бір қатарда орналастыру. Егер егістік тәжірибенің вариант саны қөп болса, қысқа пішінді мөлдектердің қайталауларын екі немесе көп қатарға орналастырады.


Жеке тәжірибе учаскелерінде бір немесе бірнеше



60 61


қайталаулардың орналасуын өзара байланыссыз орналастыру дейді. Мұнда әр қайталаудың топырақ құнарлылығының өзгергіштігі өзіне ғана тән боладыЕгер егіс учаскесінің біртектес топырақ көлемі үлкен болмаса, тәжірибе қайталауларын өзара байланыссыз орналастыру әдісін қолданады.

Қайталаулардың ішінде егістік тәжірибе сызбасындағы варианттарды орналастыруда әртүрлі әдістерді пайдаланады: стандартты, жүйелі және кездейсоқ (рендомизация) (16 сурет).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет