§ 17. ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
Жіктік ж алғау тек қана синтаксистік қызмет атқара-ДЫ. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау — баяндауышқа ғана тән жалғау.
Жіктеу категориясы — қазіргі қазақ тілінде тек етіс-тікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет этқара алатын өзге де сез таптарына, соньщ ішінде есім-Дерге де тән қасиет. Олай дейтін себебіміз — бастауышы Жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш бола-
сөз (қай сез табынан болуы шарт емес) әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабыл-іДаиды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, бас-Қз бір жалпы я жалқы есімнен болатынд^ій жағдайда,
оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында түрады (мы-салы: Ол отыр — бала отыр; ол келді — бала келді; ол көрсін — бала көрсін; ол оңыпты — бала жазыпты т. б.).
/
§ 18. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ЖАЛҒАНУ ЖҮЙЕСІ
/МЕН ФОРМАЛАРЫ
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлі-ніп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топқа отыр, түр, жүр, жатыр етістіктері, есім-шелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады.
Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалы көсем-шелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді) мен шартты рай формасы (барса, кел-се) жатады; бүлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.
Тертінші топқа етістіктік бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.
Бірінші топқа тән сөздер сөйлемде баяндауыш болса, жіктік жалғау оларға жекеше түрде де, көпше түрде де барлық жақтарда бірдей, бір ізбен қосылады. Бұл топқа тән сөздердің жуан я жіңішкелігін қамти оты-рып, бір-бір мысал алып, жіктеп көрсек, мынадай үлгі туады: а) түр, жүр.
Жекеше
|
|
|
Көпше
|
|
|
мен барған-мын, келген-
|
біз (дер) барған-быз, кел-
|
мін, сен барған-сың,
|
кел-
|
ген-біз,
|
сендер
|
барған-
|
ген-сің, сіз барған-сыз,
|
сыңдар, келген-сіңдер, сіз-
|
келген-сіз, ол барған, кел-
|
дер
|
барған-сыздар,
|
кел-
|
ген
|
|
ген-сіздер,
|
олар
|
барған,
|
|
|
келген
|
|
|
|
|
б)
|
Зат
|
есімдер:оңуіиы,мүғалім т. б.
|
|
|
Жекеше
|
|
|
Квпше
|
|
|
мен оқушы-мын, мүғалім-
|
біз (дер)
|
оқушы
|
|
(лар)
|
мін, сен оқушы-сың, мүға-
|
-мыз, мүғалім (дер) -міз,
|
лім-сің
|
|
сендер оқушы (лар) -сың-
|
сіз оқуиіы-сыз, мүғалім-
|
дар, мүғалім (дер) -сіңдер,
|
сіз, ол оқушы, мүғалім
|
сіздер
|
оқушы (лар)
|
-сыз-
|
|
|
дар,
|
мүғалім (дер) -сіздер,
|
|
|
олар оқуиіы (лар), мүға-
|
|
|
лім
|
(дер)
|
в)
|
Сын есімдер: аласа, үлкен т. б.
|
Жекеше
|
|
Көпше
|
мен аласа-мын, үлкен-мін,
|
біз (дер) аласа-мыз, үлкен-
|
сен аласа-сың, үлкен-сің,
|
біз, сендер аласа-сыңдар,
|
сіз аласа-сыз,
|
үлкен-сіз,
|
үлкен-сіздер, сіздер аласа-
|
ол аласа, үлкен
|
сыздар, үлкен-сіздер, олар
|
|
|
аласа, үлкен
|
Жекеше
мен түр-мын, жүр-мін, сен түр-сың, жүр-сің, сіз түр-сыз, жүр-сіз, ол түр, жүр
Кепше
біз (дер) түр-мыз, жүр-міз, сендер түр-сыңдар,
жүр-сіңдер, сіздер түр-сыздар, жүр-сіздер, ола( түр, жүр
г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б.
с к е р т у: Екінші жақтың сыпайы түрінің жекеше-сінде де, көпшесінде де ауызекі (сөйлеу) тілде -сыз, -сыъ дар дегеннің орнына -сыңыз, -сыңыздар деп те айтыла-ды. Оның бер жағында, бүл формалар тек осы топк! ғана емес, өзге топтарға да тән. Бірақ бүл соңғы форШ (-сыңыз, -сыңыздар) қазіргі’ әдеби тілге тән -сыз,
формасынан гөрі, біздің ойымызша көнерек сияқты.
ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келепн; 60-
pap, келер; бармақ (шы), келмек (ш і). |
66
шы, үшінші
|
олар оныншы, үшінші
|
ғ) Есімдіктер:
|
ңалай, кім т. б.
|
Жекеше
|
Көпше
|
қалай-мын., кім-мін,
|
біз (дер) қалай-мьіз, кімбіз,
|
Сен қалай-сың, кім-сің, сіз
|
сендер цалай-сыңдар, кім
|
^лай-сыз, кім-сіз, ол қа-
|
(дер)-сіңдер, сіздер қалай-
|
Лай. кім
|
сыздар, кім (дер) -сіздер,
|
|
олар қалай, кім (дер)?
|
|
67
|
|
д)
|
Үстеу: бірге
|
|
Жекеше
|
Көпше
|
мен
|
бірге-мін
|
біз(дер) бірге-міз
|
сен
|
бірге-сің
|
сендер бірге-сіңдер
|
сіз
|
бірге-сіз
|
сіздер бірге-сіздер
|
ол
|
бірге
|
олар бірге
|
Сөйтіп, бұл топқа тән сөздердің (формалардың) жік-телу ерекшеліктері мынадай: біріншіден, бұлардын бә-ріне де жіктік жалғау түбірге я негізге тікелей жалғана-ды; екіншіден, оларға жалғапатын жіктік жалғауларда тек сөздің (форманың) жуан я жіңішкелігіне және соң-ғы дыбысына қарай, демек, үндестік заңға сәйкес өзге-ріс болмаса, тұлғалық айырмашылык, болмайды; үшінші-ден, бүлардың үшінші жақтарында жіктік ж алғау бол-майды.
Екінші топқа гән сөздер сөйлемде баяндауыш бол-са, оларға жалғанатын жіктік жалғау жекеше түрде де, көпше түрде де барльщ ж ақтарға бірдей, бір ізбен төмен-дегіше жалғанады.
Ауыспалы (-а, -е, -й) формалы көсем-шелер: бара, келе, қарай, сөйлей т. б.
екеше
мен бара-мын, қарай-мын, келе-мін, сөйлей-мін сен бара-сың, қарай-сың, келе-сің, сөйлей-сің сіз бара-сыз, келе-сіз, қарай-сыз, сөйлей-сіз ол барады, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді
Көпш е
біз(дер) бара-мыз, келе-міз, қарай-мыз, сөйлей-міз
сендер бара-сыңдар, келе-сіңдер, қарай-сыңдар, сөйлей-
сіңдер
сіздер бара-сыздар, келе-сіздер, қарай-сыздар: сөйлей-
сіздер, олар бара-ды, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді
ә) Өткен (-п, -ып, -іп) шақ көсемшелер: барып, келіп.
қарап, сөйлеп т. б.
Жекеше:
мен барып-пын, келіп-пін, қарап-пын, сөйлеп-пін сен барып-сың, келіп-сің, ңарап-сың, сөйлеп-сің сіз барып-сыз, келіп-сіз, қарап-сыз, сөйлеп-сіз ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сөйлеп-ті.
өпше:
біз(дер) барып-пыз, келіп-піз, қарап-пыз, сөіілеп-піз
сендер барып-сыңдар, келіп-сіңдер, қарап-сыңдар, сөй-
леп-сіңдер
сіздер барып-сыздар, келіп-сіздер, қарап-сыздар, сейлеп-
сіздер
ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сейлеп-ті.
Сөйтіп, екінші топтың жіктелуінде өзіне тән бір ғана ерекшелігі бар. Ол ерекшелік — екінші үлгінің III жағын-да арнаулы -ты (-ті, -ды, -ді) қосымшасы бар. Бірақ ол косымша жекеше түрде де, көпше түрде де өзгермей бір калыпты сақталып отырады (ол алыпты; олар алыпты).
Үшінші топқа тән формалар баяндауыш болса, оларға жалғанатын жіктік жалғау жекеше түрде де, көп-ше түрде де төмендегіше бір ізбен жалғанады.
а) Жедел өткен шақ формасы: айтты, өтті т. б.
Жекеше:
|
|
Көпше:
|
|
мен айтты-м, кетті-м
|
біз(дер) айтты-қ, кетті-к,
|
сен айтты-ң, кетті-ң
|
сендер
|
айтты-ңдар,
|
кетті-
|
сіз айтты-ңыз, кетті-ңіз
|
ңдер
|
|
|
ол айтты, кетті
|
сіздер айтты-ңыздар, кетті-
|
|
ңіздер
|
|
|
|
олар айтты, кетті
|
|
а) Шартты рай формасы: оқыса, білсе т. б.
|
Жекеше:
|
|
Көпше:
|
|
мен оқыса-м, білсе-м
|
біз(дер) оқыса-қ, білсе-к
|
сен оңыса-ң, білсе-ң
|
сендер
|
оқыса-ңдар,
|
білсе-
|
сіз оқьіса-ңыз, білсе-ңіз
|
ңдер
|
оқыса-ңыздар,
|
білсе-
|
ол оқыса, білсе
|
сіздер
|
|
ңіздер
|
|
|
|
олар оқыса, білсе
|
|
Сөйтіп, үшінші топқа тән формалардың жіктелуінде мынадай ерекшеліктер бар: біріншіден, жеке түрінің I,
” Жақтарының жіктік жалғаулары тәуелдік жалғауының ^екеше түрінің 1, II жақтарының қосымшаларына ұқсас (мысалы: әке-м, әке-ң, әке-ңіз); екіншіден,— көпше түрі- Н|Ч I жағының жалғауы (-қ, -к) жоғарыдағы екі топқа да ¥Қсамайды, өзінше бір басқа; ал, көпше түрінің II жағы-
ның жалғауы (-ыңдар, -ңыздар) бірінші және екінші үл-лердікінен сәл басқашалау да, төменгі төртінші үлгімен (-ңдар, -ңыздар) түрлес, үшіншіден, жекеше түрде де( көпше түрде де III жақтың арнаулы қосымшасы жоқ,’ бүл жағынан олар бірінші үлгіге үқсас.
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы ға-на жатады. Етістіктің бүйрык, рай түрі баяндауыш бол-са, ж ақ-ж ақка қарай төмендегіше жіктеледі.
Бұйрық рай формасы: ңара, еле, жаз, без т. б.
екеше
ен қара-йын, еле-йін, жаз-айын, без-ейін Сен қара, еле, жаз, без Сіз ңара-ңыз, еле-ңіз, жаз-ыңыз, без-іңіз
Ол ңара-сын, еле-сін, жаз-сын, без-сін
Көпше
Біз(дер) қара-йыц, еле-йік, жаз-айық, без-ейік Сендер ңара-ңдар, еле-ңдер, жаз-ыңдар, без-іңдер Сіздер қара-ңыздар, еле-ңіздер, жаз-ыңыздар, без-іңіздер Олар қара-сын, еле-сін, жаз-сьін, без-сін
с к е р т у: I. Ауыз әдебиетінде және халық акында-рының шығармаларында жекеше форманың анайы тү-рінің екінші жағына -ғын (-қын, -гін, -кін) қосымшасы қосылып та қолданылады (мысалы: сен бсрғын, сен am-қын, сен келтт, сен і ш к і н ) . Бірақ бұл форма бірте-бір-те әдеби тіл нормасы болудан қалды деп айтуға бо-ды.
Көпше түрдің бірінші жағының косымшасы -лыіі ( - Л І К ) болып та колданылады: Мысалы: Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ьщыласпен тоқылык, (Ы. Ал тынсарин); Той болса, тон киелік, жүр, баралық, Бірі-мізді біріміз аударальщ (Абай) дегендерде қолданыл-ғаны сияқты, қазіргі көркем әдебиетте де -лық (-лік) формасы қолданыла береді. Бірак, әдеби тіліміздің кМ зіргі бағытында бүл формадан гөрі -йық (-йік) формас«і көбірек қолданылып, бірте-бірте негізгі нормаға айна-!
лып бара жатқан сиякты. I
Сөйтіп, етістіктің бүйрық рай формасы өзге үлгілер ден (топтардан) басқаша жіктеледі. Бірақ бүл «басК» ша» формалар я қазақ тіліндегі өзге үлгілердің жалға}; ларының ішінен, я өзге түрік тілдеріндегі жіктік жалғар
лардың ішінен үшырасып отырады.
|
1
|
Жіктік жалғау үлгілерінің салыстырма кестесі
(үлгі үшін алынған сез: түр)
^(ақтары
|
Бірінш і үлгі
|
Екшші үлгІ
|
Үшінші үлгі
|
Төртінші үлгі
|
-мен
|
-мын
|
-мын
|
~м
|
-йын
|
-сен
|
-сын
|
‘СЫҢ
|
-ң
|
-оо
|
-сіз
|
-сыз
|
-сыз
|
-ңыз
|
ныңыз
|
ол
|
-оо
|
-ды
|
-оо
|
чсын
|
біз(дер)
|
-сьіңдар
|
сыңдар
|
-ыңдар
|
-ьіңдар
|
сіздер
|
-сыздар
|
сыздар
|
-ьіңыздар
|
-ыңыздар
|
олар
|
00
|
-ды
|
~оо
|
нсын
|
Казақтың қазіргі әдеби тілінде жіктеу есімдіктері же-кеше түрде де, көпше түрде де, анайы және сыпайы (сен және сіз, сендер және сіздер) болып үнемі сараланып отырады. Осыған орай, жіктік жалғаудың да, тәуелдік жалғаудың да екінші жақтарының косымшалары жеке-ше формада да, көпше формада да, анайы және сыпайы түрлерге сәйкес болады.
19. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНДАҒЫ КЕЯБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Жоғарыдағы үлгілер бойынша жіктеліп, баяндауыш болатын сөздер мен формалардын қолданылуларында арнайы айтарлықтай бір алуан ерекшеліктер бар. Олар-ға да қысқа-қысқа сипаттама берген мақүл.
1) Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында
Қазіргі қазақ тілінде жіктік жалғаудын ықшамдал-ған кейбір формалары бар және олар толық формалар-мен жарыса әдеби тілде де қоса-кабат қолданылып жүр. Ондай ықшамдалған форма мынадай екі түлғада жиі үшырайды.
Біріншіден, ондай ыкшамдау күбылысы жоғарыдағы бірінші үлгіге тән -ған формалы есімшемен байланысты Жиі кездесіп отырады. Мысалы: М ен дағы жаңа тапқан кҮйді тартңам (I. Ж ансүгіров); Қайнаған, қыбырла-ғ°н қала келгем, Дәметкем дәннің дәмін әр-ақ елден. (С. М үқанов);
Екіншіден, осындай ықшамдалған форма екінші үлгі-!гетән -а, -е, -й формалы көсемшенің бірінші және үшін-
ші жақтарында да жиі кездеседі. Мысалы: Қой, әке, қой, кейіме. Адам болам, аттанам, Ауылдың бәрін үркітіп, Кайда барып баң табам (I. Ж ансүгіров); Әлде келіц қалдық па? деп елегізем де, қулағымды тігем, мені се-зімім алдаған боп шығады (С. М ұқанов); Алыстаң* келем, алысңа барам (Ғ. Мұстафин); Ұйымдас, қоғам болсаң, күшің кіред, Қуіиі кірсе, берекелі ісің бөлек (Б. Майлин) т. б.
Сөйтіп, жіктік жалғаудын кейбір формаларынын то-лық түрлерімен қатар, ықшамдалған түрлері де колда-нылады. Әрине, ондай ықшамдалған формалар әсіресе ауызекі сөзде және өлең сөзде жиі қолданылады. Бірақ олардьщ ықшамдалуына жіктік жалғауларының өзіне тән екпіні болмауы себеп те, негіз де болған сняқты.
2) Ж іктік жалғаудын болымсыз түрде қолданылуы
Екінші, үшінші, төртінші үлгілер бойынша жіктелетін' етістіктердіғі қай-қайсысы болса да түбірге (негізге) бо-лымсыздық форманың -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосым-шасы тікелей қосылып жіктеле береді (мысалы: бар-май-мын, бар-ма-п-пын, бар-ма-ды-м, бар-ма-са-м, бар-ма-
йын т. б.)-
Бірінші үлгі бойынша жіктелетін есімшелер мен есім-
дердің болымсыз формада жіктелулерінде іштей -ажы-райтын мынадай айырмашылықтар бар:
а) Есімдердің бәрінен де болымсыздык форма емес сөзі тіркесу аркылы жасалатындықтан, жіктік жалғау сол дәнекер сөзге жалғанады. Мысалы: Мен Оралбаіі емеспін, елдің жазықсыз, қылмыссыз адамымын (М. Әуезов): Мен бала емеспін, ауылдың надан қызы да емеспін (С. Мұқанов).
ә) Есімше формалардан болымсыздық формалар син-тетикалық тәсіл (-ма, -ме... жұрнағы) арқылы да, аналиі тикалық тәсіл («емес» және «жоқ» сездерінің көмегі) аи қылы да жасалатындықтан, олардың жіктелулері де с<м екі тәсілдің ерекшеліктеріне байланысты болады. Демед егер болымсыздық форма жұрнақ (синтетикалық тәсілі арқылы жасалған болса, етістік түбіріне (негізіне) әуел] болымсыздық жұрнақ (мысалы: түрма, барма т. б ), одЭД кейін тиісті есімше формалары (мысалы: бармаған, 6afj мас, бармайтын т. б.) қосылады да, солардан кейін жіЧ тік жалғауының тиісті ж ақ косымшалары жалғанаДЧ (мысалы: бармағанбыз, бармассың, бармайтынсыңдщ т. б.); Егер болымсыздьщ форма аналитикалык тәсіл аР
қылы жасалған болса, жіктік жалғаудыц тиісті ж ақ қо-сьімшалары есімшенің езіне емес, дәнекер жоқ я емес сөз-деріне жалғанады, мысалы: Одан әрі шалмен көп кеңес-кен жоқпын (С. М ұқанов); Сол сияты, түрған емеспін, ■рүрған жоқпын, түрған емеспіз, түрған жоқсыздар т. б. Әрине, емес және жоқ сөздері есімшелердін бәріне бірдей тіркесе бермейді (мысалы: барар емес, тұрмақ емес, деу-ге әбден болғанымен, барар жоқ, баратын жоқ деуге бол-майды); сонымен қатар, олардың тіркескендегі семанти-калық мағыналары да, стилистикалык ерекшеліктері де бірдей емес (мысалы: барған емеспін, мен барған жоқ-пын, бармақ емес пен бармақ жоқ дегендерді салысты-рып көріңіздер). Сондай-ақ, турмаған, түрмайтын, тур-мас деген синтетикалык формалардың да және барған емес, барған жоқ, баратын емес, барар емес деген анали-тикалық формалардың да мағыналары мен стилистика-лык талғамдары езара тең емес.
б) Ж азуда да, ауызекі тілде (лебізде) де екінші үлгі бойынша жіктеліп, Өкінбеймін, аямаймын, жібімеймін деген сияқты болып келетін көсемшенің ауыспалы фор-масының орнына өкінбен, аяман, жібімен деген форма колданылады. Мысалы: Ризамын туғаныма адам болып. Өкінбен қаламын деп бір кун солып (Қ. Аманжолов); Тіпті жібімен деп-ақ едім, сай суйегімді сырқыратты (Ғ. Мұстафин); Сүйексіз қызыл тілімді жаңылдырман.
Бүл форма етістіктің жекеше түрінің болымсыз фор-масының бірінші жағының көрсеткіші ретінде ғана жұм-салады, өзге ж ақтарда колданылмайды. Осындағы өкін-бен, жібімен, жаңылдырман дегендердің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын дегендерден оқшауланар-лықтай ешқандай да айырмашылығы жоқ, ейткені олар-Дьің қолданылу я қолданылмауына қарай, сөйлемдегі сөздердің арасында ешқандай да өзгеріс тумайды, бірақ бұл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып, бел-гілі эмоциялық, экспрессивтік рай білдіру үшін жұмса-лады. Оны мынадай көмекші сөздермен қолданудан да аңғаруға болады. Мысалы: Бай емен, батыр емен, хан емеспін, Атақты артық туған жан емеспін (А бай); Ес біл-гелі ондай зор денелі әйелді мен кездестіріп көрген емен (С. Мүқанов) т. б.
■Сондай-ақ, бүл форма күрделі етістіктерде де, идио-^альіқ тіркестерде де колданыла береді. Бұл жағдай осы №орманыц көне екендігіне айғақ. Мысалы: Сонда жауап °еРе алман мен бейшара, Сіздерге еркін тиер байқап қа-
ра (Абай); Жоц, батыр, көрмеген нәрсені үйрете алман (Ғ. Мүсірепов); Ж аннан щорқып отыңа мен бас ұрмаң (Абай) т. б.
20. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛМАЯТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ
іктік жалғау, жалпы алғанда, жоғарыдағы үлгілер бойынша жалғанып жүмсалғанымен, о н ы іі қолданылу. ында сол қағидалардан ауытқитын мынадай екі түрлі жайды ескерген мақүл:
а) Сөйлемнің бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылма-ған жағдайда жіктік жалғау әрқашан қолданылады (тү. сірілмей айтылады). Мысалы: Сорға біткен ғаиіығымсың, Неге тым кеш сермедің? (Абай); Көңілім, неге жасисыці Миым, неге ашисың? (С. Торайғыров).
Сөйлемнін бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылғаи жағдайда жіктік жалғаудын қолданылмайтын кезі де болады. Мысалы: Мен сен емес, жас күнім жайнап тұр-ған (А бай); М ен мақтанның қүлы емес шын ащынға зорлың жоң (бүі д а ); Мен сынық жан жамағанмен түзе-ле алман түрленіп (бүлда); М ен сәби мейірімді ана қү-шағында; А қ мамасын сүйемін, құшамын да (С. Торай-ғыров).
Бұл сөйлемдердегі мен сен емес, мен құлы емес, мен сынық жан, мен сәби дегендердің бәрі де есім баянда-уыштар, олардың жіктік жалғаулары қолданылмаған.
ә) Ауыспалы көсемшенің (а, е, й формалы) үшінші жағының жіктік жалғауы барлық басқа жағдайларда тү-сірілмегенмен де, сұраулық шылау тіркескенде, әдетте, қолданылмайды. Мысалы: Көмірді де өзі цаза маі (Ә. Әбішев); Біздің шахтаны ғана тексере ме екен? (бү да) деген сөйлемдерді сүраулык шылаусыз колдансак Көмірді де өзі қазады; Біздің иіақтаны ғана тексерей екен болар еді. Әрине, бүл жағдайда жіктік жалғау ев уақытта да түсірілмейді (Ол барады — ол бара ма? 0і келеді — ол келе ме? т. б .).
21. ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ӨЗГЕ ЖАЛҒАУЛАРМЕН ҚАБАТТАСУЫ
Баяндауыш көптік, тәуелдік және кейбірі септік жал-ғаулы сөздерден де бола беретіндіктен, әрі жіктік жал ғау баяндауышқа тән қосымша болғандықтан, ол жал
ғаулар (көптік, тәуелдік, септік қосымшалары) кабаттас-қанда, есім сөзге ең алдымен көптік жалғау, одан кейін хәуелдік жалғау, ең соңында септік жалғау жалғанады да, жіктік ж алғау осылардың бәрінен соң жалғанады , (мысалы: үй-лер-іміз-де-міз). Ал, оның нақтылы тіркесу
ерекшеліктеріне келсек, олар мынадай:
а) Көптік жалғаулы сөзге де ж алғана береді (біздер 0қу-шы-лар-мьіз). Бірақ жіктелетін етістік формалары-нын көпше түрінің екінші жақтарында (анайы, сыпайы хүрлерінде бірдей) көптік ж алғау жіктік жалғаудан ке-йін келеді. Мысалы: Сендер бар-ың-дар, сіздер бар-ыңыз-дар; сендер барса-ң-дар, сіздер барса-ңыз-дар, сендер барған-сың-дар, сіздер барған-сыз-дар; сендер жүресің-дер; сіздер жүр-сіз-дер т. б. Етістіктерге жалғанатын көптік жалғаудың осылайша келуі оның (баяндауышы болатын етістіктің) көптік формадағы бастауышпен жақ-хасуымен (қиысуымен) байланысты.
Осы ерекшелікке орай, жіктелетін зат есімнің көпше формасының екінші жағының анайы түрінде де, сыпайы түрінде де көптік жалғау, сараландырып айтқанда, екі рет қолданылады. Мысалы: Сендер студент-сің-дер және сендер студент-тер-сің-дер; сіздер студент-сіз-дер және сіздер студент-тер-сіз-дер т. б. Осылайша екі рет қайта-ланғандағы алғашқы көптікж алғау (студент-тері) жікте-летін заттың (нәрсенің) көптігін білдірсе, соңғы, екінші рет қайталанатын көптік жалғау жіктелетін сөзді бас-тауышпен (сендер) қиыстырып тұрады (мысалы: Сен оқушысың сіз оцушысьіз және сендер оқуиіыларсыңдар, сіздер- оқушыларсыздар дегендерді салыстырыңыздар).
с к е р т у: Дауысты дыбысқа бітетін есім сөздерге жалғанатын көпше форманың бірінші жағының жіктік жалғауы ортақ тәуелдеудің бірінші жағының қосымша-сымен (тәуелдік жалғауымен) түрлес болады. Мысалы: біз оқуиіымыз (жіктік ж алғау), біздің оқушымыз (тәуел-дік ж алғау). Бұларды ажырату үшін, біріншіден, сөздің мағынасын, екіншіден, оның қызметін, демек, ондай сөз-Ден бүрын я бастауыш (біз), я анықтауыш (біздің) бар-лығын аңғару қажет, үшіншіден, жіктік жалғауға екпін түспейтінін, тәуелдік жалғауға екпін түсетінін ескеру керек.
ә) Ж іктік ж алғау тәуелдеулі сөзге де ж алғана береді Де, жіктік жалғаудан кейін (субстантивтенгенде ғана болмаса) тәуелдік жалғау жалғанбайды. Бірақ тәуелдеу-
74 75
лі сөздердін жіктеулерінде біраз ерекшеліктер бар. Олар мынадай:
тәуелдіктің бірінші жағынын қосымшасы косылған сөзге ешуақытта да жіктік жалғаудың бірінші жағының косымшасы қосылмайды, тек екінші жақтын жалғауы ға-на жалғанады. Мысалы:
Сен студент-ім-сің, оқушы-м-сың, сіз студент-ім-сіз, оңуіиы-м-сыз, сендер студент-ім-сің-дер, оқушы-м-сың-дар, сіздер студент-тер-іміз-сіздер, оқуиіы-лар-ымыз-сыздар.
Керісінше, тәуелдіктін екінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге еш уақытта да жіктіктін екінші жағы-ның жалғауы жалғанбайды, тек бірінші жақтын жіктік жалғауы ғана жалғанады. Мысалы:
мен студент-ің-мін, оқуіиы-ң-мын
мен студент-іңіз-бін, оқушы-ыңыз-бын
біз (дер) студент-іңіз-біз, оқуіиы-ңыз-быз
біздер студент-тер-іңіз-біз, оқуіиылар-ыңыз-быз т. б.
Тәуелдіктің үшінші жағынын жалғауы жалғанған сөзге жіктіктін бірінші, екінші жақтарының жалғаулары
алғана береді. Мысалы:
мен студент-і-мін, оқушы-сы-мын сен студент-і-сің, оңуиіы-сы-сың біз студент-і-міз, оқушы-сы-мыз сіз студент-і-сіз, оңуиіы-сы-сыз
біздер студент-тер-іміз, оқушы-лар-ы-мыз
сендер студент-тер-і-сіңдер, оқуиіы-лар-ы-сыңдар сіздер студент-тер-і-сіздер, оқушы-лар-ы-сыздар
б) Сұраулық шылау (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) жік-тік жалғаудың екінші жағының жалғауынан кейін де, бұ-рын да келе береді. Бірақ бұрын келгенде сұраулык шылаудың ашық дауысты дыбысы (-а, -е), сөздін жуан
жіңішкелігіне қарай, қысаң дыбысқа (-ы, -і) айналады. Мысалы:
оқуіиы-сың-ба? — оқушы-мы-сың? оқуіиы-сыз-ба? — оқушы-мы-сыз?
оқуиіы-лар-сыңдар ма? — оЦуіиы-лар-ым-сыңдар? оңушы-лар-сыздар ма? — оқушы-лар-мы-сыздар? сен бара-сың ба? — сен бара-мы-сың?
сіз барып-сыз ба? — сіз барып-пы-сыз т. б.
в) Тәуелді сөздін бірінші және үшінші жақтарында да, сүраулык шылау (-ма, -ме) жіктік жалғаудан кейін, де, бүрын да келе береді: Мысалы:
оқушы-м-сың ба? — оқушы-м-бы-сың?
оқушы-мыз-сыз ба?— оқуіиы-мыз-бы-сыз?
оқуіиы-сы-сың ба? — оқуіиы-сы-мы-сың?
оңушы-лар-ы-сыңдар ма? — оцуіиы-лар-ы-мы-сыңдар?
г) Атау формалардан басқа септік жалғаулы сөздер-дің ішінен, әдетте, мекендік және көлемдік мағына бере-тін жатыс және шығыс жалғаулы сөздер де баяндауыш болатыны мәлім. Ондай сөздерге, баяндауыш болғанда, жіктік ж алғау жалғанады. Мысалы: біз Крошитад-тан-быз, сендер қай колхоз-дан-сыңдар?
ғ) Ж іктік жалғаудың, бірінші, екінші жақтарының косымшалары, каж ет болған жағдайда, жіктелетін сөзге тікелей жалғанбай, -ғана (-қана), -ақ шылауларынан кейін де келеді. Мысалы: Мен оның атқосшысы -ғанамын (С. М ұқанов); Телміріп бар өмірінде жемтік жеген., Қар-ғаның жаман-ақсың баласынан (С. Торайғыров) т. б.
с к е р т у: Ж іктік жалғау күрделі етістіктер баян-дауыш болғанда, ең соңғы көмекші етістікке жалғанаты-ны сияқты, күрделі есімдер баяндауыш болғанда да, оның соңғы көмекші сөзіне жалғанады. Мысалы: Сендер мені осы сапарға ңимайтын сияқтанасыңдар (М. Әуезов). К,айда аттансақ та, басқарушыларымызды сайлап алып аттанатын сияқтымыз (Ғ. Мүсірепов).
22. ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жіктеу есімдіктері баяндауыш болғанда, оларға жал-ғанатын жіктік жалғау сол баяндауыштардын плеонас-
.тикалық жолмен қос-қабаттасып келген көрінісі болады. 'Сол себептен жіктеу есімдігі баяндауыш болғанда, жік-тік жалғау бастауыштын жақтық мағынасына үйлеспей-ді, баяндауыштың жақтық мағынасына орайласып жал-ғанады. Мысалы: Ендігі қарыздар адам менмін (Ғ. Мү-сірепов); Бүгінгі Тобықтыда кісі болса, ол сенсің ғой Абай (М. Әуезов); А л бұлардың ісін бітіретіндер сен-дерсіңдер (бү да) дегендердегі алғашқы сөйлемдегі бас-тауыш — адац, баяндауыш — менмін, екінші сөйлемдегі бастауыш — ол, баяндауьіш — сенсің, үшінші сөйлемдегі бастауыш — бітіретіндер де, баяндауыш — сендерсіңдер. Сөйтіп, баяндауышы есімдіктерден болған осы үш сөй-лемде де бастауыштар мен баяндауыштар грамматика-лық жақтары жағынан қиыспаған.
) Ал, сөйлемдер «Мен — менмін», «сен — сенсің» тәріз-Ді болып ерекше құрылған жағдайда, әрине, бастауыш
пен баяндауыш қиысып тұратыны өз-өзінен түсінікті. Мысалы: Бәкен бір күні кірісіп: сен кімсің? деген. Оған Раушан: мен — менмін, мен сегізіншінің ауылнайымын, мен кеңестің бастығымын деген (Б. Майлин).
Достарыңызбен бөлісу: |