АХМЕДИ ЫСҚАҚОВ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
морфология
Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі жоғары оқу орындарыньің филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық ретінде ұсынған
Толықтырылып, өңделген екінші басылымы
АЛМАТЫ «АНА ТІЛІ» 1991
ББК 81 Ы 88
Ысқақов А. Қазіргі қазаік тілі.—2-басылымы. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық.— Алматы: Ана тілі, 1991.—384 бет.
ISBN 5-630-00006-3
Толықтырылып, екікші кайтара ұсыиылып отырған «Ка- зіргі казак тілі» оқулығында қазақ тілінің морфологнясына катысты мәселелер жаһгжакты қамтылған. Белгілі ғалым тіл теориясы саласындағы сЬңғы зерттеулерге де жіті зер салған.
Кітап жоғары оку орындары фнлология факультеттері оқытушылары мен студенттеріне, қазак. тілін тереңдеп окып, үйренуші көпшілік қауымға арналған.
4602020400—010 002_ді ББК 81
ЬІ 415(05)—91
ISBN 5-630-00006-3
«Мектеп» баспасы, 1974. Ысқақов А., 1991, толыктырыл- ған, өнделген.
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл кітап 1974 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» курсының ' негізінде өңделіп, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналғак оқулық есебінде усынылып отыр. Кітапты баспаға даярлау үстінде автор мынандай мәселелерді қатты қадағалады: оқулық бастан-
аяқ тіл білімінін қазіргі деңгейіне сай болуын ескерді; оқулықта қысқаша болса да, ана тілінің морфологнясына қатысты мәселелер- дің түгел қамтылуына ден қойды; морфология объектілерін оқулық- та тіліміздің грамматикалық құрылысының табиғатына орай, логи- калық жүйесіне сай орналастырылуын көздеді; әр тарауға, әр та- кырыпка эр категорияға катысты мәселелер жөнінде айтыла- тын кагидалар мен ережелер әрі қысқа, әрі жүйе-жүйесіне лайық дүрые айқындалып, дүрыс түзілуін нысана түтты; морфологнялық объектілердің тұс-түсында әрқайсысының граммдтикалық сыр-си- паттарын айқын көрсетіп түрарлықтай нақтылы мысалдар беріліп отырылуына ерекше зер салды.
Оқулыкта, біріншіден, морфологияның негізін түгел сақтап, аумағын шактау ниетімен ұсақ-түйек мәселелерді барынша қыс- 'карту кажет болды да, тарихи диахрондық сипаттамалар мен мә- ліметтерді алып тасгауға және теориялық қағндалар мен ережелер беруге сараңдық істеуге тура келді. Осы талапқа сәйкес, кітаптың іарау-тараулары мен тақырып-такырыптары үшін тністі әдебиеттер- ден сөйлемдер түрінде келтірілген текстердін кейбірі алынып тас- талды, кейбірі кысқартылды, иллюстрациялык матернал көбінесе жалаң сөздер арқылы ғана берілді.
Казақ тілі морфологиясының ірілі-уакты мәселелерінін бэрі де бірдей тексеріліп бітпегеиі, олардың ішінде кейбір даулы мәселелер бар екені де белгілі. Автор ондай әлі де жіті зерттелмеген, сырлары жете ашылмаған мәселелерді күңгірт қалдырмай, мүмкіндігінше ашық түсінерліктей етіп беру жағын қарастырды. Егерде оқулықта сондай және әлдекандай басқа да күңгірттік, я олқылық болса, сабак. үстінде ондайларды айкындай түсуге, толықтыра беруге, же- тілдіре отыруға қазіргі жоғары мектептеріміздің окытушыларының білімдері мен парасаттары да, қабілеттері мен тәжірибелері де кәміл жететініне автордың сенімі де күшті, үміті де зор.
Окулықта кейбір үйреишікті терминдер не жаңартылып, не ма- ғыналары өзгертіліп қолданылумен қатар, кейбір жаңа терминдер де енгізілді. Ондай өзгерістер жалан әуескойлықтан я жанакүмар- лықтаи туған ермек емес, тіліміздің тексерілу дәрежесінің бірте-бір- те әрі терендеп, әрі кеңейіп, үнемі дамып келе жатқандығының ай- ғағы. Оидай жаңалыктар алдағы уақытта да болатыны шексіз, өйткені қазақ тіл білімінің өрісі өсіп, бойы биіктеген сайын, жаңа- лықтар да молайып, терминдері де еселене беретіні сөзсіз.
3
Қазак ССР Халыкка білім беру мшшстрлігінің Оку методика- лык советінде айтылған кейбір нактылы усыныстарды ескере оты- рып кітаптын осы басылымында 1974 жылғы басылымында кам- тылған біраз теориялык мәселелерді толықтыра түсу, жаңаша ойлар мен ғылыми тұжырымдар жасау жағы мұкият ескерілді. Осыған байланысты кейбір түсініктер мен түсіндірмелер қайта каралып, мүмкіндігінше қысқартылып бсрілді де, кейбір тақырыптар мен та- қырыпшалар басқаша аталып, кейбірінің орны ауыстырылып, ка- жетсіз деп танылған бірер тақырыпшалар қыскартылды. Кітаптың «Етістік» деп аталатын тарауының «Кемекші етістік және аналити- калық форма» деген такырыбы баскаша қаралып, оган «Аналити- калық етістіктер», «Аналитикалық формалар», «Аналитикалык фор- манттар» деген жаңа тақырыитар ендірілді. Осылайша қайта қарал- ған тақырыптардың бірі «Амалдың өту сипатынын. категорнясы» болды.
Кітантың осы басылымыиа А. Әбілқаев, F. Қалиев, Ы. Мама- нов, С. Мырзабеков, Н. Оралбаева, М. Оразов, С. Хасанова, Ж. Шә- кенов, т. б. жолдастар тиісті пікірлер мен үсыныстар айтқан бола- тын. Автор осы ғалымдарға шын ықыласымен рахметін айтады.
Автор.
Бірінші бөлім
СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҢ ҢҰРЫЛЫМЫ
I т ар а у КІРІСПЕ
§ 1. ТІЛДІҢ ЛҒЖСИКАСЫ МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҮРЫЛЫСЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ
Гтіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі—тілдің сөздік, екіншісі — тілдің. грамматикалық жақтарі^Тілдін. осы екі жағьіның бірлі- гінен біртүтас тіл қүралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете алады. %
Бір мысал алып көрейік.
Етігімді ауылдағы етікшіге ұлтандатуға апарып бер- геннен кейін, манағы қылығыма бетімнен отым шыққан- дай боп, мен сәскелік асқа барған жоқпын (С. Мұқа- нов).
Мысалдағы сөздер де түсінікті, олардың өзара бай- ланысу тәсілдері де тіліміздің заңдарына лайык қүрыл- ған, ойды үғуға ешкандай нүқсан келмейді. Егер сөз- дердің сол ретін бұлжытпай сақтап, тек бастапқы формаларында ғана «жалаңаштап» қолданып көрсек, мысалымыз: Етік ауыл етік ұлтан апар бер кейін, мана қылық бет оқ шық бол, мен сәске ас бар жоң болар еді.
Әрине, мүндағы сөздер де зат, іс және басқа қубы- лыстао жайындағы жеке-жеке үғымдардьт'білдіреді. Бі* рақ олардан бастапқы сөйлемдердегідей жүйелі, жатық ойды түсіне алмаймыз. Ендеше, будан, сөздер тілдін грамматикалық заңдары бойынша қ-олданьілған күнде ғана айтылатын ой әрі түсінікті, әрі көрікті болатынын көреміз. Сонымен қатар, свздерсіз, жалаң грамматика- льіқ формалар йрқылы, ешқандай ой^ы хабарлауға да, түсіндіруге. де болмай^ы.
Сондықтан /сөздік пен грамматикалық қүрылыс үне- мі бірлікте жүмсалады. Олардың әрқайсысьгның езіне тән ерекшеліктері мен кызметтері бар негізгі элементтер
5
болып саналады. Сөйтіп, сөздерді тілдің материалы деп, грамматикалық құрылысты тілдін материалдарын (сөз- дерді) бір-бірімен ұштастырып, олардың бастарын КУ- растырып, көріктендіретін жамылыш деп қарауға бо- лады.
Тілдің сөздігі мен грамматикалық құрылысының осындай ерекшеліктері мен кызметтері, әрқайсысынык өз жүйесі болатындықтан,(тілдің сөздігін лексикология ғылымы тексереді де, грамматикалық кұрылысын — грамматика ғылымы зерттейді.
Бірақ тіл ғылымының бүл салаларының тексеретін объектілері басқа-басқа болғанымен, өзара байланыс- тары да күшті, өйткеніі оның бұл екі саласы — лексико- логия да, грамматика да — ездерінің тексеру объектісі- нін негізі етіп сөзді алады, демек, тексеруді жеке сезден бастайды.
§ 2. СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫ
Сөз дегеніміз — қыры-сыры мол, күрделі тілдік кате- гория. Сездің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, да- му тарихы, қолданылу ерекшелігі, жасалу жолы, езгері- лу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы түрғыдан қарап тексереді. Мысалы, сездің дыбыстык жағының сыр-сипатын оның белгілі бір дыбыстьщ комялекс арқы- лы айтылатынынан, сол дыбыстық комплекс арқылы кү- лаққа естілетінінен байыптаймыз. Дыбыстык. комплекс дегеніміз — сөздің сыртқы дыбыстық жамылышыі Бір тілде сейлейтін адамдардың бәрі де белгілі бір үғымды, белгілі бір дыбыстық жамылыш арқылы айтып, сол ды- быстық жамылыш арқылы естіп, сол арқылы сез түрін- де кабылдайды. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстық жа- мылыш белгілі бір үғымның аты я атауы (сөз) ретінде қызмет атқарады.
Дыбыстық комплекс, біріншіден, бір түтас комплекс- тік түлға болса, екіншіден жеке-жеке дыбыстарға бөл- шектенетін немесе, керісінше, жеке-жеке дыбыстардан қүрылатын түлға (единица).
Сездің осындай дыбыстық жақтарьшен байланысты мәселелерін зерттеу — тіл білімінің фонетика тарауынын міндеті.
Белгілі бір үғымның атауы (белгісі я танбасы) ретін- де қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз.
6
Әрбір сездің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: оның бірі — сөздің сыртқы дыбыстық жағы (сыртқы дыбыстық жамылыіиы), екіншісі — сол дыбыс- хық жамылыш арқылы айтылатын я ұғынылатын ішкі мазмұны, мағына жағы.
Сөздің дыбыстық жағы белгілі бір үғымньщ сыртқы материалдық жамылышы (формасы) болса, сол арқылы біздің санамызда белгілі бір үғым байыпталып отырады.
Сездің сыртқы дыбыстық қүрамы мен сөздің. ішкі ма- ғынасы үнемі бірлікте болады.
§ 3. СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ
(Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына)
Сөз айналамыздағы зат я қүбылыс жайындағы үғым- ньщ аты я атауы болса, әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол ма- ғына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол үғымды білдіретін белгі (таңба) я сол үғымның мазмұнының бейнесі ретінде қа- лыптасатындықтан, бір тілде сейлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсгіқ^-олдрдьГң әрқайсысы — әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені ағаиі деп көз алды- мыздағы (я қолымыздағы) белгілі бір нақтылы ағашты да, сондай-ақ, жалпы, ағаш атаулыны да атай береміз.
^рбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түс- пеи, жеке-дара түрғандағы (статикалық күйдегі) нақты- лы я негізгі мағынасы, әдегге, лексикалық я rtjpa мағы- на деп аталады.
Тілдің сездігі осындай әр алуан мағыналары бар сөз- дерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық түрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатысын, сондай-ақ, жеке сездердіғс лексика- лық мағыналарын, сездердіц шығу тарихы мен мағына- ларының даму, колданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.
Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі Қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр то бына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздердің ма- ғыналары жоғарыда лексика түрғысынан қаралса, енді олардың бэрін де заттың атын білдіретін жалпы белгісі* не қарай, бір ғана топқа жатқызып, зат есімдер деп,
7
грамматика турғысынан топшылауымызға әбден болады. Сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау деген сияқты грамматикалық топтарға бөлу салты — осылайша топшылаудан туған дәстүр. Екінші сөзбен айтқанда, сөздерді грамматикалық топ- тарға бөлу рәсімі оларға грамматикалық түрғыдан қа- рап (грамматикалық мағыналарын ашып), соған сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мы- салы: Кен асылы — жерде, сөз асылы — елде (мақал); Елде болса, ерінге тиер; Ауылда болса, ауызға тиер (мақал); Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар (мақал) деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерін- ге, ауызға, тауға, адамға сөздері мен тиер, қосылар сөз- дерін грамматикалық түрғыдан салыстырып топтауы- мызға әбден болады. Мысалы, жерде, ауылда, елде, ерін- ге, ауызға, тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық бола түрса да, бүл жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда) грамма- тикалық мағыиаларында өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын, кейінгі төртеуінің (ерінге, ауыз- ға, тауға, адамға) грамматикалық мағыналарында да өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын аң- ғару қиын емес: жерде, елде, ауылда сөздерінің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септік жал- ғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адам- ға сөздеріндегі жалпы грамматикальіқ мағына барыс септік жалғауы арқылы топтанып айтылып тур. Оның бер жағында, осы сөздерді тек жатыс я барыс септікте ғана емес, шығыс, ілік, табыс, көмектес септіктерінде де, сондай-ақ, көптік я тәуелдік жалғауларында да қол- дануға болады. Жалпы грамматикалық мағыналары жа- ғынан бірыңғай болып келетін жоғарыдағыдай сөздерді зат есімдер деп атап, бір топқа белеміз.
Екінші топтағы тиер, қосылар деген сөздердің лекси- калык мағыналары баска-басқа бола тұрса да, екеуінде де іс-әрекетті я амал-козғалысты білдірулерімен байла- нысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бул жалпы мағына оларға жалғанып турған есімшенің -ар (-ер) қосымша- сынан тіпті айқын керініп тур. Сондай-ақ, осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген, қосылған, тие- тін, қосылатын; тиді, қосылды деген тәріздендіріп бірдей езгерте беруімізге де болады. Іс-әрекетті білдіретін бул сняқты сездердің бәрі де етістік деп аталатын сез табы категориясына жатқызылады, ейткені олардың әрқай-
8
сысына есімше, кесемше, етіс, шақ секілді грамматика- лық категориялардыц қай-қайсысы да жат емес.
Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланыса- тын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын, сон- дай-ақ, сол жалпы грамматикалық мағыналарды білді- ретін формаларды грамматика ғылымы зерттейді.
Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бір сездің бойында жарыса емір сүре береді. Мысалы, көршіні көрші шақырды (Абай) деген сейлемдегі үш сөзді алсақ, алғашқы екі сездің лексикалық мағынасы бір де, соңғы сездің лексикалық мағынасы өз алдына басқа. Алғашқы екі сөздің лексикалық мағыналары бір болғанымен, грамматикалық магыналарында өзгешелік- тер де бар. Бул екеуінің грамматикалық мағыналарын- дағы жалпы үқсастықтар мыналар: екеуі де — зат есім, екеуі де — жекеше мағынаны білдіреді. Ал, ол екеуінің грамматикалық мағыналарыпдағы езгешелік сол екі сездің сыртқы түрлеріндегі (формаларындағы) айырма- гаылыққа байланысты. Әрине, көрші сезінен көршіні де- ген сөздің -ні бөлшегі артық. Осы артық бөлшек екінші сөздің тек сырткы түріне ғана емес, грамматикалық ма- ғынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек, көршіні сө- зінде жоғарыда айтылған грамматикалық мағыналар- дан басқа, қосымша табыс септіктің мағынасы да бар. Осыған орай, бул екі сездің сейлем мүшелік қыз- меті жағынан қүралатын грамматикалық мағыналары да ажырап, біреуі сейлемнің бастауышы (көрші), екін-7 шісі сөйлемнің толықтауышы (көріиіні) болып тур. Соң- ғы іиақырды деген сөздің де бірнеше грамматикалық мағынасы бар: бул сез ■—етістік, ол әрі өткен шақтың мағынасы, әрі үшінші жақтың мағынасын білдіреді.
Жығылсаң, нардан жығыл (мақал) деген сөйлемдегі'- жығыл және жығылсаң сездерінін түбірі (жық), лекси- калық мағынасы да бір. Ал түбірге -ыл белшегі қосы- лып, жық етістігіне етіс категориясының, -са қосьшшасы шартты рай мағынасын, -ң қосымшасы оның үстіне екін- ші жақ пен жекешелік категорияларығіың мағыналарын берген.
Осы талдаудан мынадай қағидалар туады.
Сөз — тек мағынасы жағынан ғана емес, қурамы жа~; ғынан да аса күрделі категория. Сөз қолданылғанда әр алуан түлғалық өзгеріске ушырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, ең алдымен, сөздің, морфологиялық күра- мында болып отырады. Осындай түлғалық өзгеріске
9
орай, сөздің бірде лексикалық мағынасы өзгерсе, бірде семантикасы басқа реңкке кешеді. Сонымен бірге осын- дай езгерістерге байланысты сездің грамматикалық ма- ғынасы да түрленеді.
Сездің бөлшектері мен мағыналарын, олардын, ара- ларындағы қарым-қатынастарын және сол қарым-қаты- настар мен қүбылыстардың жүйе-жүйелерін зерттеудің нәтижесінде әрі сездің морфологиялық құрамы мен қу- рылысы, әрі алуан түрлі грамматикалық категориялар- дың сыр-сипаттары айқындалады.
Сөздің сыртқы жамылышы (формасы) ретінде кыз- мет ететін дыбыстық қүрамның (комплекстің) әрбір үсақ дыбыстық бөлшегі, сол сөздің белгілі бір грамматикалық мағынасын білдіретін әрбір үсақ бөлшегінің сыртқы жа- мылышы (формасы) ретінде қызмет етеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің әрбір грамматикалық бөлшегінің өзіне тән дыбыстық керсеткіш болады.
Грамматика сезді тексергенде, фонетикаға да, лекси- каға да сүйеиеді, олармен тығыз байланыса отырып, сездің сырын ашады.
§ 4. ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалык сез арқы- лы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бә- рін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің кемегі ар- қылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше, граммати- калық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса-қабат колданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады.
Эрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілде- рінің жиынтығы тілдің грамматикалық қүрылысы деп аталады. ‘
Грамматнкалық қурылыс сөзге сүйенеді және сез ар- қылы ғана керініп отырады; сезді таяныш етпейтін бір- де-бір грамматикалық қурылыс болмайды.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық курылы- сын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру объекті- лерінің осындай ерекшеліктеріне қарай,г грамматика ғылымы морфология және синтГКсис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология — сөз және оның формалары туралы ілім. 4 Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ^шіндегі өзге * сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы чқарым-қаты-
10
насқа түседі де, әлдевеше Қилы өзгеріске үшырап, әр алуан қызмет атқарадыг Морфолог«ячосындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сез атаулыны алып, оларды белгілі топтарға беліп, сол топ-топтыц әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайдь^Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық фор- маларьі' айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашы- лаДы. Осындай талдаулардың нәтнжесінде сөздіц жаса- лу, түрлену, -өзгеру жүйелері, сөздін бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады.
Синтаксис — сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғы- лым. Сөйлеу дағдысьЬбойы нша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады (Ол туралы «синтак- сис» оқулығынан қараңыз).
Морфология сезді, сездің тиісті белшектерін, олар- дың мағыналары мен қызметтерін талдаса, синтаксис сейлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сез тіркестерін я жеке сөздерді (сейлемнің мүшелерін), олардын. қарым-қаты- настары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайдь^
Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып ікТк- телгенімен де, олар іштей бір-бірімен тығыз байланыс- ты, тіпті екеуі бір бутіннің екі бүтағы сияқты. Мысалы, Қызы едім Есімбектің атым Шұға; Басталды бул өлкеге атым шыға (Б. Майлин). деген сөйлемдердеғі сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай бастасақ, ондағы сөздерді, әрине, морфология өз турғысынан, синтаксис өз турғысынан талдайды. Ал, ондай талдау үстінде іс жүзінде морфология синтаксистің ішіне еніп кетсе, кері- сінше, синтаксис морфологияныц да іщіне еніп кетеді, демек, ол екеуі бір-бірГне жәрдемдесіп, езара селбесіп отырады.
Морфология сезді оқшау қарамайды, оны басқа сез- дермен байланысты қарап барып,.олардьің қарым-қаты- настарын анықтайды. Бірақ морфология сездерді, олар- дың қарым-қатынастарын сол тілдің жүйёсшің қалыііты бір көрінісі, бөлшегІ ретіндеталдап,' бларды бір-бірі- мен уштастьгрып қарайды. Өйткені сезден сөз тудыру, сөзді түрлендіріп езгерту, сөз бең_сөзді жаяғастыру сияқты амал-тәсілдер — әрі әбден қальГптасьт- орньік- қан, әрі унемі қолданылатын дағдылы, жүйелі құбылыс-
тар. Сол себептен морфология тіліміздегі әрбір, жүрнақ- ты, әрбір жалғауды я болмаса бзсқа-бір морфология- лық қүбылысты және олардың әрқайсысыныд формасын тілдің жүйесімен байланысты, сол жүйеден тарайтын және сол жүйеге барып қосылатын заңды қүбылыс деп қарайды. Мысалы: Қой жатыр, қойшы тыңдап турды елжіреп (Абай); Екі атты таныған Абайдың көңіліне ол аттың иелері түсті (М. Әуезов) деген сөйлемдердегі бі- рінші сөйлемнен қой және қойшы сөздерін, ёкінші сөй- лемнен атты және аттың сөздерін өзара бір-бірімен са- лыстырып және қойды, қойға, қойдан, қойда, қойлар, қойшылар, сондай-ақ, аттан, атқа, атты, атпен, атшы, атшылар сияқты сөздердің өзгерген түрлерімен салые- тырып қарасақ, олардың әрқайсысы әрі тіліміздің бүкіл грамматикалық жүйесінен тарайтын, әрі сол жүйеге сар- қылатын өзара бір-бірімен байланысты грамматикалық қүбылыстар екенін мойындаймыз.
Морфология сөздің формасын да тексереді. Ал, сөз- дің формасы деген үғымға сөздін негізгі түбірі де, сөздің' туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қо- сылған түрлеірі де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген үғым сөзден сөз тудыра- тын, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдерді де, сон- дай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдер- ді де қамтиды.
Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, фор- маларына және қызметтеріне карай, топ-топқа бөліп топ- тастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да морфологияның міндеті.
НЕГІЗГІ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҮҒЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |